Психологиялық ойындар 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Психологиялық ойындар 1 сыныпПсихологиялық ойындар 1 сыныпПсихологиялық ойындар 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Әдептілік -өмір айнасы» Сабақтың мақсаты: 1. оқушыларды ізеттілікке, әдептілікке, кішіпейілділікке, өнегелілікке баулу, жаман әдеттен аулақ болуға үйрету.

2. мақал-мәтел, нақыл сөздерді түсініп, дұрыс айта білуге машықтандыру, сөздік қорын молайту.

3. жаңа ұғымдар арқылы ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік мәні: нақыл сөздер арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, жақсылыққа үйреніп, жаман әдеттен арылуға, жан-жақты өсіп қалыптасуға қол жеткізуге болатынын ұғындыру.

Коррекциялық

жұмыс: оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын арттыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, мақал-мәтелді жатқа айтқызу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) психологиялық дайындық Шаттық шеңбері.Мұғалім: Қайырлы күн балалар! Күніміз сәтті болсын! Сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күліп қарап, жайдары, ақ жарқын болып тұрсыңдар.Жақсы сөз жаныңды жадыратады демекші, бәріміз шаттық шеңберіне жиналып, бір-бірімізге жылы сөздер айтайық, сәлемдесейік.
Күн қандай тамаша! Көргеніме қуаныштымын! Күн шаттыққа толсын! Сәтті күн болсын! Достығымыз берік болсын! Ауызбіршілік болсын»Сыйластық мол болсын! Білімді болайық! Еліміз тыныш болсын! Татулық орнасын! Инабатты бол! Анамыз аман болсын Ізетті бол! Қайырымды бол! Адал бол! Жігерлі бол! Бақытты бағала! Кішіге қамқор бол! Үлкенді сыйла! Сабырлы, ұстамды бол! Кішіпейіл бол! Қандай ақылды едің?

ОРЫНДАРЫНА ОТЫРАДЫ Мұғалім: Кез-келген адаммен кездескен кезде айтар алғашқы сөзің «Саған аманшылық тілеймін» болуы керек. Өйткені, бұл сөзден өзіңнің де өзгеніңде көңілі көтеріледі. Мұны оған бар жан-жүрегіңмен сыйла. Мен баршаңызға аманшылық тілеймін! Енді қазір өздеріңе сөз берейік.

ОРЫНДАРЫНАН ТҰРАДЫ

Оқушылар тақпақтар айтады.

Айнұр: Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары.

Артық айтып сөзімді

Желпінегенім жоқ әлі.

Дария: Атам маған әманда

Кішіпейіл бол деген.

Атам сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

Дәмелі: Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең.

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

Айдана: Ізеттілік дегенің

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің

Әуре-сарсаң әлегің.

Диас И: Адамның басшысы - ақыл,

Жетекшісі - талап,

Шалушысы - ой,

Сынаушысы - халық,

Қорғаушысы - сабыр,

Қорғанышы - мінез,

Ең қымбаттысы - ар.

Таусылмайтыны - арман,

Барлығынан ардақтысы - өмір.

Нұрәділ:Әдептілік, ар-ұят -

Адамдықтың белгісі.

Тұрпайы мінез тағы жат -

Надандықтың белгісі.

Назым: Ізгілік бір биік үй мұнарасы,

Алқызыл жайнап өскен гүл бақшасы.

Әдебің сол гүл өскен жасыл алқап,

Сол үйдің не болмаса іргетасы.

Хақназар: Кішіпейіл болсаң абыройың асады.

Таир: Төреден туған жаман бар,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Қарадан туған жақсы бар,

Адам айтса нанғысыз.

Дана: Ізгілік ,жақсылық атаулының бәрін отбасымнан үйренгім келеді.

Аружан: Адал да ізгі адам болып өсуім үшін ата-анам әрдайым үлгі бола алады.

Мұғалім: Балалар, өздерің айтқан әрбір өлең әдептілік, ізеттілік, сыпайылық, өнегелілік жөнінде екен, ендеше осы ұғымның бәрі ізгілікке әкеліп саяды.

Мультимедияда «Ізгілік» сөзі шығады (Ізгілік сөзіне түсінік ) Ізгілік - адамның әдептілігін, сыпайылылығын, өнегелілігін, қарапайымдылығын білдіретін этикалық ұғым.

Ой шабуылы «Ұя» Мұғалім: Балалар, ұя дегеніміз не? Құстардың мекені ұя болса, адамдардың мекені не? Отбасы. (Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен таныстыру) «Адам бойындағы асыл қасиеттер отбасында жарқырай көрініп, қалыптасады» Н.Ә. Назарбаев. Балалар біздің бойымызда кездесетін асыл қасиеттердің барлығы біздің отбасымыздан алған тәрбиемізге байланысты екен. Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ізгілік ұядан».

ОРЫНДАРЫНА ОТЫРАДЫ Қымбатты ата-аналар, балалар,ұстаздар! «Отбасы адам бесігін тербеткен ұя» болса, баланың бас ұстазы - ата-анасы. Бала әкеден - ақыл, анадан - мейір алады. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ.Сондықтан баласының әдепті, білімді болып өсуін әр ата-ана армандайды. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызға келіп отырған ата-аналарымызды ортаға шақырайық. Сұрақ: Ізеттіліктің ең алғы шарты не деп ойлайсыздар? Сәлемдесу ендеше экрандағы сөздерге назар аударайық. Осы мінездердің қайсысы өз балаңызға лайық болса, сол сөзді алып, өзіңізді таныстырып, сәлемдесіңіз.

Ақкөңіл

Сыпайы

Тәртіпті

Ибалы

Өнегелі

Ізетті

Кішіпейіл

ОРЫНДАРЫНАН ТҰРАДЫ

Ән: Не деу керек? Мұғалім: Жанұя тәрбиесіндегі жетістікте ата-аналардың өз мінез құлқы нағыз шешуші фактор болып табылады. Атақты педагог А.С. Макаренко «Сіз балаңызды тәрбиелеместен бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз, сіздің өз тәрбиеңіз - нағыз шешуші құрал болып табылады.» - деп атап көрсеткен.

І. Риясыз әңгіме

Қазір «Риясыз әңгіме» бөлімінде сіздерге мынадай тапсырма беріледі. «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз

Ата-анамен жұмыс: Ассоциация «Өнегелі отбасы» Мұғалім: ата-ананың өздеріне талап қоя білуі, олардың өз жанұясында қадірлі бола білуі, өздерінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең басты тәсілі. Баланы тәрбиелегенде ұрыспай, соқпай, мақтай-мадақтай, сендіре отырып тәрбиелеу үлкен нәтиже береді. Мәселен, еврейлер балаларына үлкен сенім артып, сенен өскенде үлкен ғалым шығады, немесе мен сенің болашағыңа сенемін, сен әкім боласың деген сияқты балаға сенім артатын, үміт ұялататын сөздермен тәрбиелейді екен.ал, біз қалай тәрбиелейді екенбіз, оны балалардан сұрайық.

Кесте толтыру

Мақтау сөздер Ұрсу сөздер

Ақылдым

Білгішім

Пысығым

Ақкөңілім

Жарайсың

Қолғанатым

Қамқоршым

Жақсысың

Ақылдысың

Кішіпейілсің

Бастық боласың

Адам боласың

Азамат боласың

Еңбекқорсың


Мұғалім: Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Қай сөз көп болу керек? Неліктен? Өйткені мақтау сөз баланың көңілін көтереді, өзіне деген сенімі артады.

ОРЫНДАРЫНАН ТҰРАДЫ

«Өтінемін» ойыны Балалар, сендер қандай сиқыр күші бар сөздер білесіңдер? (Рақмет, өтінемін, айып етпеңіз, кешіріңіз, ғафу етіңіз) Ендеше қазір ойын ойнап көрейік, егер мен сөзіме «өтінемін» сөзін қосып айтсам, онда менің айтқанымды орындайсыңдар, ал егер мен сөзіме «өтінемін» сөзін қосып айтпасам онда орындамайсыздар. Секіріңдер Күліңдер Өтінемін, қол соғыңдар Көздеріңді жұмыңдар Өтінемін, орындарыңнан тұрыңдар Өтінемін отырыңдар

ІІ. Сезім себеті

Ата-анамен жұмыс: «Сезім себеті» (Тәжірибе алмасу ойыны)

Мультимедиядан мына сөздер шығады

Мақтаныш Сенімсіздік Абыржу

Түңілу Қорқыныш Қобалжу

Қуаныш Аяушылық Сенімділік


Балаңыз мектепке келгенде сізде осы сезімдердің қайсысы болды ? Егер нашар сезім болса оны қалай жеңдіңіз?

Ал, балалар, қазір бір сәт экранға назар салып, ішкі сезімімізбен сөйлесейік.

Өзіммен-өзім Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап, былай деп іштеріңнен қайталаңдар: «Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді және ешнәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым күшті және мен мықтымын.»

ІІІ. Мені түсін Мұғалім: Өнегелі отбасында ата-анамен бала арасында көбінесе сыйластық, қас-қабақпен түсінісу орын алары сөзсіз. Олай болса біздің балаларымыз өз аналарын қалай түсіне алады, ата-аналарымыз балаларын қалай қас-қабақпен түсіндіре алады екен, көрейік.

«Компьтер»

«Сағат»

«Кітап»

«Мектеп

«Диван»

«Пенал» Ал, балалар, өздерің білесіңдер, біз сыныбымыздан «Сөз қоржынын» ашып, күн сайын бір сөзден сөз байлығымызға қосып келеміз. Ал бүгінгі тәрбие сағатында сөз қоржынын қандай сөздермен толтырамыз және қандай мақал-мәтелдер қосамыз?

ІV. Ескірмеген есті сөз Сөз қоржынын толтыру. Ата- аналар да, оқушылар да бір-бір сөзден сөз қоржынына салады. «Өнегелі, тәлімді, сырбаз, сыпайы, парасатты, ибалы, инабатты,көргенді, ізетті, көреген, көсем, зерек,ұлағатты, сезімтал, рақымшыл, жайдары, қамқор, зиялы, көнбіс, биязы, ұғымтал, риясыз».

Ән:

Қорытынды: Барлық өнеге отбасынан тарайды. Ұлымыздың қанына сіңген ізеттілік -дөрекілікке, қайырымдылық -қатыгездікке, жомарттық -тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық-парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен тілек тұр. Бұл тілек ұрпақ алдындағы ұлы міндет. Өтпелі қиын кезеңде ұл-қызымыздың саналы тәрбие мен нақтылы білім алуларына күш салайық. Тәлімді бала , тәрбиелі ата-ана бола білейік.


© 2010-2022