«Тағамға пайдаланатын көкөністер және оларды өсіру жолдары»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тағамға пайдаланатын көкөністер және оларды өсіру жолдары.

Мақсаты:

а) Оқушыларға тағамға пайдаланылатын көкөністер және оларды өсіру туралы толық мағлұмат беру;

ә) Оқушының дүниетанымын дамытуға жағдай жасау;

б) Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі:көкөністер суреті, сызба.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу.

  2. Психологиялық дайындық:

Табиғат бізді балалар,

Құшақ жая қарсы алар.

Пердесін ашып, сырын ұқ,

Жаңалықтар табылар.

II.Қайталау

-Өсімдік мүшелерін ата.

-Ағаштың бұтадан айырмашылығын айт.

III Жаңа сабақ

Жұмбақтарды шеш.Суреттерін сал.

1.Өзі жерде бұғып тұрады

Сақалы жерге шығып тұрады.

2.Бұл не деген көп киім

Тоқсан қабат көк киім

Жаңбыр одан өтпейді

Түймелері жетпейді.

3.Қозыларым көгендеулі кұн ұзын

Су ішкенмен

Шөп жемейді бір үзім.

4.Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсе жылатады.

5.Үстіне тігіп көк шатыр

Астында қызыл дәу жатыр

6.Аласа талда, алуан алма,

Алқызыл болмай аузыңа салма.

-Көкөністер туралы не білесің?

-Оларды қалай өсіреді?

-Көкөністерден не дайындауға болады?

Тапсырма: Сызбаны өз суреттеріңмен толықтыр.





«Тағамға пайдаланатын көкөністер және оларды өсіру жолдары»



















Оқулық бойынша жұмыс

1.Мәтінді түсініп оқу.

2.Оқушыларға кезектесіп оқыту.

3.Сұрақ-жауап

Сергіту жаттығуы:

Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс:

1.Ауа райын бақылау

2.Суреттен жасырынған бақшаның зиянкестерін тап және боя.

IV Бекіту.

Жарнама

Көкөністердің біреуі туралы жарнама дайында.

V Қорытынды

-Тағамға пайдаланылатын қандай көкөністерді білесің?

-Сенің үйіңде қандай көкөністер өсіріледі?

-Сен бау-бақша жұмыстарына қалай көмектесесің?



© 2010-2022