Cұраулы сөйлем 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

тақырыбы: Сұраулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру, жан-жақты ойлауға үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұйымщылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: тірек-сызба, суреттер,

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық;
ә) сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) - Үйге қандай тапсырма берілді? (179-жаттығу)
Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
ә) Өткен тақырыпты бекіту (слайд ):
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Кіріспе әңгіме.
- Балалар, тақтадағы жазуға қарайықшы, не жазылып тұр? Кім оқиды? (сұрақ-жауап әлемі)
- Тағы қандай әлемдер болады деп ойлайсыңдар? (ертегілер, хайуанаттар, құстар, кітаптар, балалар, сиқырлар, т.б.)
- Бүгін сабақта сұрақ-жауап әлеміне саяхат жасаймыз.
- Балалар, тақтаның алдынан тағы нені байқадыңдар? (шарлар)
- Балалар, қараңдар, мына шарлардың ішінде бір нәрсе бар. Бұл не нәрселер? Не істейміз?
- Қалай аламыз?
ә) Оқушыларға шардағы қағаздарды алғызып, сөйлемді оқытып сұрақтарға жауап алу.
Сенің атың кім?
- Нешінші сыныпта оқисың?
Сабақтарың нешеде басталады?:

- Сабақтан бос уақытта не істейсің?

Сұрақтар: -Оқыған сөйлемдерің қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар?(сұраулы сөйлемдер)
- Неге?
- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?

Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Оқулықтағы ережені хормен оқыту.
б) Осыны тірек-сызба арқылы көрелік.

IV. Оқулықпен жұмыс 180 -жаттығу
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
- Өлеңдерде не туралы айтылған?
- Аққу туралы не білеміз?

V. Дәптермен жұмыс.181 -жаттығу.
Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
- Көке, мынау не төбешік?
- Илеу деген не?
- Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?
- Олар тату тұра ма?
Құмырсқа туралы не білетіндерін сұрау.

VІ. Сергіту сәті.

VІІ. Тақтамен жұмыс. 182-жаттығу.
Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.
- Сабақтың нешеде басталғанын білу үшін;
- Асқардың сабаққа неге кешіккенін білу үшін;
- Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыс бар екендігін сұрау.

VІІІ.183 -жаттығу.
1. Іштен оқыту.
2. Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.
- Қандай сөйлемдер оқыдыңдар?
- Сұраулы сөйлем қалай оқылады?
ІХ. Шығармашылық диктант. Сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Қар қалың жауды.
2. Қасқыр - жыртқыш аң.
3. Анар қалада тұрады.

Х. Қорытынды.
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем нешеге бөлінеді?
3. Сұраулы дегеніміз не?

ХІ. Үй тапсырмасы. 184 -жаттығу.
ХІІ. Бағалау.



© 2010-2022