Сабақ жоспары дүниетануданАдам және табиғат (2-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары дүниетануданАдам және табиғат(2-сынып)Сабақ жоспары дүниетануданАдам және табиғат(2-сынып)Сабақ жоспары дүниетануданАдам және табиғат(2-сынып)Сабақ жоспары дүниетануданАдам және табиғат(2-сынып)Сабақ жоспары дүниетануданАдам және табиғат(2-сынып)Сабақ жоспары дүниетануданАдам және табиғат(2-сынып)Сабақ жоспары дүниетануданАдам және табиғат(2-сынып)Сабақ жоспары дүниетануданАдам және табиғат(2-сынып)Сабақ жоспары дүниетануданАдам және табиғат(2-сынып)Сабақ жоспары дүниетануданАдам және табиғат(2-сынып)Адам және табиғат (топсеруен)

Сабақтың мақсаты: экология және адам өміріндегі оның рөлі туралы ұғым қалыптастыру; оқушыларды эколог мамандығымен таныстыру. Сабақтың көрнекілігі: «Экология», «эколог» сөздері жазылған кестелер; балалардың топсеруен барысында салған суреттері; қарындаштар және жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық.

«Табиғат» сөзіне топтастыру жасау.

денсаулық емделу ауа тамақ

ТАБИҒАТдемалыс жануарлар

су өсімдіктер киім жәндіктер баспана


Оқушылар «тірі және өлі табиғат арасында байланыс бар» деген қорытынды шығарады.

Жаңа тақырьппен жұмыс.

Оқулықтағы мәтіннің мазмұны бойынша жұмыс істеу. Тақтаға сурет ілінеді.

- Суретте нелер бейнеленген? Не байқадыңдар?
Оқушы жауаптары:

  • Көл. Көлдің айналасы шашылған қоқыс, өлген құс, балықтар.
  • Зауыт бейнеленген. Зауыттың мұржаларынан қара түтін будақтап шығып жатыр.
  • Сынған ағаштар. Бүлінген табиғат. Мұғалім:

  • Ал осыны қалпына келтіру үшін не істеу керек?

  • Табиғатта бүлінгендерді қалпына келтіру керек. Ағаш отырғызып, гүлдер өсіру керек.
  • Жануарларға қамқорлық жасау керек.

  • Қоқыстарды өзен-көлге токпей, арнайы қоқыс төгетін жерлерге төгу керек.
Тақтаға «экология», «эколог» деген сөздер жазылған кесте ілінеді. Оқушылар экология және эколог туралы білетіндерін ортаға салады, мұғалім оларды толықтырады. - Экология - тірі табиғаттың ортасы мен байланысын зерттейтін ғылымның бір саласы. Эколог - табиғатты бүлінуден сақтайтын, қорғайтын адам (мамандық иесі).

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Экологиялық ережелермен жұмыс. Оқушылар экологиялық ережелерді толықтырады. Осыдан кейін оқушылар топсеруенде салған суреттерін тақтаға іледі, сурет бойынша қорытынды шығарады.

Бақылау күнделігімен жұмыс.

Сабақты қорытындылау.

  • Қалай ойлайсыңдар, біз эколог бола аламыз ба?

  • Өзен-көл мен теңіз, мұхиттарда балықтар қырылып, құс, жәндік, жануар, өсімдіктер жойылып кетпеуі үшін не істеу керектігін естеріңе түсіріңдер. Бұған кім кінәлі?
- Жер планетасы үшін сен қандай жақсылық істер едің? Сабақ соңында оқушылар табиғат, табиғат құбылыстары туралы білетін өлеңдерін оқиды. Мәселен:

Жау, жау, жаңбыр, жау жаңбыр!

Жау, егіннің көгі өссін!

Сұлудай бұраң құрақты,

Айдын шалқар көлі өссін!

Ой мен қырдың шалғыны

Жатқан малды жасырсын!

Табиғаттың көркіне

Таңғалып, жан бас ұрсын!

Б.Майлин

Үйге тапсырма беру.

3-САБАҚ. Адам - табиғаттың бір бөлігі. Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның дене мүшелері мен ішкі ағзаларын ажырата білуді үйрету; адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін ұғындыру. Сабақтың көрнекілігі: «Адамның дене мүшелері. Ішкі ағзалары» және «Жануарлар» суреттері.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық.

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа материалмен жұмыс.

Адам денесі қандай бөліктерден тұрады? Адамның қандай ішкі ағзаларын білесің? Оқушы жауаптары тыңдалады, толықтырылады. «Венн диаграммасын» толтыру.

«Венн диаграммасы»

айырмашылығы

айырмашылығы

ұқсастығы

ит адам





Оқулықпен жұмыс.

  1. Мұғалімнің басшылығымен мәтінді оқу.

  2. Практикалық жұмыс.

а) Окушылар өздерінің денесінен дене мүшелерін көрсетеді. ә) Мұғалім суреттен адамның ішкі ағзаларын көрсетеді, ал оқушылар сол ағзалардың орналасқан орнын өздерінің денелерінің сыртынан көрсетеді.

Мұғалім әрбір ішкі ағзаның қызметін түсіндіреді.

Өкпе - тыныс алу органы.

Ойлау бастағы мимен байланысты. Жүрек - бойға қан жүргізуші басты ағза. Басқа ағзалардың жұмысы жүрекпен байланысты. Ең бастысы, сабақта дені сау адамның ағзалары белгілі тәртіппен жұмыс істейтінін атап кеткен дұрыс. Сондықтан адам организмін дұрыс сақтап, салауатты өмір сүру керектігі айтылады. 4. Кез келген жануар мен адамның денесіне салыстыру жұмысы жүргізіледі.

Бақылау күнделігімен жұмыс.

  1. Жұппен жұмыс.

  2. Өздік жұмыс.

Сабақты қорытындылау.

  • Адам дүниеге келген соң қалай дамиды?

  • Осы сабақта адамның қандай ішкі ағзаларымен таныс-тың?

- Өз организміңнің құрылысын не үшін білуің керек?

Үйге тапсырма беру. Құстар мен жануарлардың ағзаларының жұмысы туралы оқып келу.


© 2010-2022