Ана тілі. Жылқы. 1-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жылқы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: әңгіменің мазмұнымен танысу. Жылқы туралы оқушылардың түсінігін кеңейту. Сын тұрғысынан ойланту арқылы мәтінді меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу, ойлау және сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Оларды шығармашылық ізнесіске баулу.
Тәрбиелігі: жеке тұлғаны, жылқы малын сүюге тәрбиелеу.Қиыншылығы мол жылқышы мамандығына баулу, кәсіптік бағдар беру.
Түрі: дамытушылық.
Типі: жаңа білім беру.
Көрнекілігі: С.Мұқановтың суреті, жылқының суреті.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
а)Қызығушылықты ояту.
1. Өзіңе ұнайтын мақал айт.
2.Қандай үй жануарын жақсы көресің.
3. Жақсы көретінатақты адамың кім?
4.Өзіңе ұнайтын жыл мезгілін ата.
5.Өзіңе ұнайтын өсімдікті айт.
6.- Балалар, сендер бізге қонақты күтіп алу және қонаққа бару туралы айтып беріңдер.Сендер кімдерге қонаққа барасыңдар?
- Туыстарымызға, достарымызға т.б. қонаққа барамыз.
- Қонаққа немен барамыз?(Көліктермен (автобус,машина,поезд т.б.).)
7.Бұрынғы кезде мұндай көліктердің түрлері болмаған, сол кезде ата-бабаларымыз қонаққа немен барған деп ойлайсыңдар?

Жаңа сабақ: Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: "Жылқы".
Әңгіменің авторы: - Сәбит Мұқанов

Оқулықпен жұмыс: егін салуға

Қос шөп шабуға ------------- баспана
жылқы бағуға

үйшік
Қос баспана
күрке
- Жылқы етінің, қымызының, терісінің күштілігі туралы кім айтып береді?
- Жылқы малы неге асыл?
Сергіту сәті:
а) Жаңылтпаш айту.
Қырық құрықтық
Сырық қырықтық.
б) Ән айту. "Құлыншақ".
Асыр салып ойнайды,
Ойнақтайды құлыншақ.
Жалт-жұлт етіп жайнайды,р
Күміс суға жуынсақ.

Сауалнама:


I
Қобыланды а)Құлагер
ә Ақтабан
б Тайбурыл

II
Алпамыс а)Керқұла
ә Байшұбар
б Тарлан

III
Кендебай а)Қарақасқа
ә Керқұла
б Құлагер


Сабақты қорыту:

Сұрақ: «Жылқы - малдың патшасы, Түйе - малдың қасқасы» мақалдан не аңғардың?
Жылқы сүті, еті, терісінің емдік қасиетін білеміз бе?

Үйге тапсырма:
Жылқының суретін салу, мақал-мәтел жаттау.

Загрузка...



© 2010-2022