Қызықты грамматика факультатив сабағынан Сан есім

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызықты грамматика

Уақыты:12.12.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың міндеті: Сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру

Қамтылатын модульдер: 1-модуль, 2-модуль

Күтілетін нәтиже:

Жеке жұмыс жасайды

Жұппен жұмыс жасайды

Бірін-бірі бағалайды

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

Қандай жақсы достарың

Жаныңда болса әрдайым

Достарменен оқимыз

Ойнаймыз да ойлаймыз

Озат бала боламыз

Озат болмай қалғанды

Еңбекке шақырамыз

Біріміз бәріміз үшін

Бәріміз біріміз үшін!

Өткен білімді пысықтау

Жай сөйлем дегеніміз не?

Жалаң сөйлем дегеніміз не?

Жайылма сөйлем дегеніміз не?

Жай сөйлем нешеге бөлінеді?

Жаңа сабақ

Ой қозғау.

Сан есім дегеніміз не?

Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді

Сан есімге кім мысал келтіреді?

Сан есімге қатысты сөздерді қай кезде жиі қолданамыз?

«Кім тапқыр?» ойыны. Мұғалім дауыстап мақалды оқиды, жоқ сөздің орнына керекті сан есімді оқушы тез тауып айту керек

1............ауыз сөздің тобықтай түйіні бар

2. ........теңгең болғанша, .......досың болсын.

3. ..........кісінің түсін білгенше, ......кісінің атын біл.

4. білекті ..... жығады, білімді ...... жығады.

Қосымша әдебиетпен жұмыс

Өлеңді мәнерлеп оқы, сан есімді тап

Сан есімге байланысты ереже шығарайық

Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

Дара сан есім, күрделі сан есім

Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

Есептік, реттік

Қазақша күн аттарын реттік сан есімі бар тіркестер түрінде жазу

Дүйсенбі-бірінші күн

Сейсенбі-.................

Сәрсенбі-..................

Бейсенбі-.......................

Жұма-......................

Сенбі-...........................

Жексенбі-..............

Қорытынды.

Суретпен жұмыс

Сан есімді қатыстырып шағын әңгіме құрастыр

Бағалау: марапаттау

Үйге тапсырма: сан есімге қатысты мақал-мәтел, жұмбақ жинау

© 2010-2022