Поурочный план по казахскому языку Астана қаласы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 3 «д»

Күні:

Пән аты: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

1.Білімділік. Сөйлесім әрекеттерін ( оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым) жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың тілдесім қабілетін жетілдіру. Астана қаласын сипаттай алуға үйрету, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту. Сөздерді буынға бөле білу дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Астана жылнамасын құру, жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

3.Тәрбиелік. Астананың мәдени жетістіктерінің негізінде оқушыларды Отан-сүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу.

Түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Көрнекілігі: Тірек сызбалар, суреттер, тапсырмалар, үнтаспа.

Әдісі: Сұрақ жауап, тапсырмалар.

Пән аралық байланысы: Қазақ тілі, орыс тілі.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру:

1. Сәлемдесу, үй тапсырмасын сұрау, назарын жаңа тақырыпқа аудару.

2.Психологиялық дайындық:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

2.Үй тапсырмасын сұрау. 6-тапсырма

-Сен қай қалада тұрасың?

-Мен Астана қаласында тұрамын.

-Ол қайда орналасқан?

-Ол Солтүстік Қазақстанда орналасқан.
3.Жаңа тақырып: Астана қаласы 1-тапсырма.Суретке қара. Сұраққа жауап бер. Бұл қай қала? Бұл - Астана қаласы.
2-тапсырма. Тыңда, қайтала. Оқы. Мектеп, саябақ, «Думан» орталығы, музей, театр.
3-тапсырма.Оқы. Мынау - Астана қаласы. Астана - үлкен, әдемі қала. Астанада музейлер, саябақтар, театрлар, мектептер бар. Астанада «Думан» орталығы бар. Мен демалыс күні «Думанға» барамын. Есте сақта. Театр-театрлар,музей-музейлер, саябақ-саябақтар, мектеп-мектептер.
4-тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.Тірек сызбалар Астана қандай қала? (үлкен,әдемі, ақылды, таза, жас) Астана қаласында нелер бар? (Бәйтерек, Ханшатыр, Думан, Театр, Саябақ, Музей)
Сергіту: Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір. Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір. Сағатқа қарайық, Жаттығу жасайық.

5-тапсырма .Оқы. Сәйкес суретті тап. Астана қаласында саябақ бар. Астана қаласында музей бар. Астана қаласында «Думан» орталығы бар.
6-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлес. -«Думан» деген сөзде неше буын бар? -Екі буын бар. -Қандай? -Ду-ман. -Бірінші буын қандай? -Жуан. -Екінші буын қандай? -Жуан.

Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан және сөйлеу ережесін ұстана отырып тұтықпай еркін сөйлеген оқушыларды мақтау, мадақтау.
Үйге тапсырма : 6-тапсырма. Жазу.



© 2010-2022