Әдебиеттік оқу 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: әдебиеттік оқу 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты Сабақтың мақсаты: 1. Тақырыптың идеясын ашу, қанағатшыл, шыдамды болуға үйрету.Ертегінің мәтінін оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу; Сабақтың дамытушылық мақсаты: 1.Талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту; Сабақтың тәрбиелік мақсаты:

  1. Кішіпейіл, қарапайым, қанағатшыл болуға үйрету.
  2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ. Сабақта қолданылатын әдістер: Ой шақыру, топқа бөлу, топпен жұмыс, түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең, жұптасып сурет салу, болжау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, көрнекілік стратегияларын пайдалану. Сабақтың көрнекіліктері: ватман қағаз, карточкалар, қосымша кітаптар, қағаздар, суреттер, маркер т.б. Сабақтың барысы: Ой ашар. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Қызығушылықты ояту: Сабақты бастамас бұрын оқушыларды жаңаша топқа бөлуден бастаймын. Қабырғаға ара, құмырсқа, көбелектің суреттерін ілемін. Сосын сол суреттегі бунақденелілерді, жәндіктерді балалардың әрқайсысы өзі таңдап, жақсы көретін жәндіктерін таңдап алуға болатынын өтінемін. Оларды үш топқа бөліп, сұрақ қоямын? Неге бұл жәндіктерді таңдадың? Ол несімен ұнайды? Сол туралы марапаттап, өлең, тақпақ айтуын сұранамын. Ойлануға 3,5 минут уақыт беремін. Әр топ уақыт біткен соң сұраққа жауап береді. І топ - "Құмырсқа". ІІ топ - "Көбелек". ІІІ топ - "Ара". Олар таңдап алу себебін және өлең тақпақтарын айтып береді. Енді, балалар, осы 3 топтан қосып тағы 4-топ құрамыз. Балалар 4-4-тен топталады, топқа бөлініп, жаңадан орын алып отырады. Мағынаны тану: Сабақты бастамас бұрын жұмбақ жасырамын. Бейнеткер көпшілікте көрдім халық, Күнінде бір отырмас дамыл алып. Өзінен ауыр жүкті көтереді. Үйінде жатып жейді рахаттанып. (Құмырсқа). Екі басы жұдырықтай, Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа). Шешуін тапқан соң "Құмырысқаның қанағаты" атты тәрбиелік мәні бар мәтінді оқитынымызды айтамын. Мәтінді мәнерлеп оқымас бұрын "Қанағат" деген сөзді қалай түсінетіндіктерін сұраймын. Тақтаға бормен жазылады. Қанағат деген не? Ой қозғау.
  • аз демеу керек
  • жоққа шыдау керек
  • ең асыл қасиет
  • қанағат қарын тойғызады т.б.
Қанағаттың не екенін білген соң мәтінді мәнерлеп оқып беремін. Ұнаған, ұнамағанын сұрап, өздеріне диалог бойынша рольмен кезекпен оқытамын. Енді сөздік жұмысын жүргіземін, v + ? - белгілері бойынша. Топпен жұмыс: Кубизм стратегиясы І топтың сұрағы: Оқиға қалай басталды? ІІ топтың сұрағы: Оқымысты мен құмырсқаның сөйлесуі. Диалог құру. ІІІ топтың сұрағы: Бір жыл өткен соң не болды? ІV топтың сұрағы: Құмырсқа дәнді неге үнемдеді? V топтың сұрағы: Құмырсқа болсаң не істер едің? Ол сендерге ұнай ма? Неге? VІ топтың сұрағы: Құмырсқа туралы не білесіңдер? Тағы басқа қандай шығарма өлең оқыдыңдар? Құмырсқа қандай екен? Әр топқа 5 минуттай уақыт беріледі. Талданады, топпен жұмыс біткен соң салыстыру кестесін құрамыз. Тақтаға ақ ватман қағазға ортақ ой жазылады. Әдебиеттік оқу 3 класс

Топтастыру стратегиясы


мәтінге сүйеніп құмырсқаны сипатта.

  • Құмырсқадан не үйрендің? Сені қоршаған адам ішінде осындай адамдар бар ма?
  • Сенің бойында осындай қасиеттер бар ма?
Топпен жұмыс, жалпы ортақ ойды тақтаға ақ ватман қағазға жазамын. Жалпы құмырысқаның пайдасы туралы айту, қорыту. Ой толғаныс. Оқырман орындығы.
  • Құмырысқадан нені үйрендің?
  • Құмырысқаны сипатта.
  • Снеің бойыңда осы аталған мінез сипаттары бар ма?
Сабақты қорытыу: бұл ертегі адамды еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа,шыдамдылыққа, төзімділікке, қанағатшыл болуға үйретеді.


© 2010-2022