Бейнелеу өнері «Ою түрлері»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі











Тақырыбы : «Ою түрлері»

Сынып: 1 «А»

Пәні : бейнелеу өнері.

Мұғалім: Абилова А.А.


2013-2014 жыл.


Сабақтың тақырыбы: Ою түрлері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру.Ою- өрнекті трафарет арқылы салу және қағаздан ою ойып, қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін ұштау. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, жылдамдық, шапшан- дық, көрегендік қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіш тікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, өзінің және өзгенің уақытын бағалауға үйрету. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сайыс, ойын. Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану. Сабаққа пайдаланатынқұрал-жабдықтар: Мұғалім үшін: ұлттық ою-өрнекпен безендірілген әр түрлі пішім- дегі бұйымдар,трафарет, фотосуреттер, слайдтар, интериактивті тақта. Оқушыға үшін: қалың қағаз,қайшы,өшіргіш,бояу түрлері,су құятын ыдыс,қылқалам,палитра,губка(сорғыш), «Қошқармүйіз» оюының үлгісі.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. Сабаққа қажетті құралдардың әзірлігін тексеру.Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу. Топтардың аттары:1-ші - «Алғырлар», 2-ші - «Сұңқар», 3-ші - «Достар» тобы. Әр топ өз топ басшыларын сайлап алады. 2.Өткен тақырыпқа шолу.Топтарға сыртана ою жапсырылған 4 конверттен үлестіріледі(3мин дайындалады).Конвертте өткен сабақтар бойынша сұрақтар жазылған.Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі.(Дұрыс жауаптар слайдтан шығып отырады.) «Алғырлар» тобына қойылатын сұрақтар:1.Бейнелеу өнеріне қандай құрал-жабдықтар қажет?2.Бояу түрлерін ата.3.Акварель бояуы дегеніміз не? 4.Графика дегеніміз не? «Сұңқар» тобына қойылатын сұрақтар:1.Негізгі түстерді ата.2.Ахроматикалық түстерді ата.3.Жылы және суық түстерді ата. 4.Хроматикалық түстер дегеніміз не? «Достар» тобына қойылатын сұрақтар:1.Композиция дегеніміз не?2.Пейзаж дегеніміз не ?3.Натюрморт дегеніміз не?4.Қазақтың атақты суретшісі кім? 3.Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық. --Ал енді,балалар,конверттің сыртына назар аударайық,не бейнеленген?(ою түрлері) Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ою түрлері» деп аталады.(Тақырыбы мен мақсаты слайдтан оқылады) -Балалар, сендер оюларды қайдан көрдіңдер?(Балалар алдын-ала оюланған заттардан ұйымдастырылған көрмедегі заттарды атап шығады) Оюлар бір-біріне ұқсай ма?(Жоқ) Ендеше, оюдың түрлері де, атаулары да өте көп.(Слайдтан тұрмыста қолданылатын заттар көрсетіледі.)
Біздің Қазақстанның алғашқы да атақты суретшіміз Әбілхан Қастеев «Өнерді қайдан үйрендің?» - деген сауалға: Таудың бұлағынан, Қойдың құлағынан, Апамның киізінен, Ешкінің мүйізінен, - деп жауап берген болатын.

(слайдтан көрсетіледі) Ою түрлері 4 топқа бөлінеді:


ЗБейнелеу өнері «Ою түрлері»ооморфтық Өсімдік өрнектері Космогониялық Геометриялық Жануар тектес аспан денелері
































-Ал,енді әр топ қолдарындағы коверттің сыртындағы ою түрлерінің қайсысы қай топқа жататынын дұрыс тапса,әр дұрыс жауапқа бір жұлдызшадан беріледі. 4.Жаңа тақырыпты меңгерту.(Слайдтан көрсетіледі) Ырғақ-ою элеметтерінің белгілі бір ретпен нақты қашықтықта қайталануы. Бейнелеу өнері «Ою түрлері»Бейнелеу өнері «Ою түрлері»
Бейнелеу өнері «Ою түрлері»




Шаршыдағы ою Шеңбердегі ою Жолақтағы ою
Трафарет-бұл салынатын суреттің қағаздан ойылған үлгісі. Бейнелеу өнері «Ою түрлері»Бейнелеу өнері «Ою түрлері»Бейнелеу өнері «Ою түрлері»



5.Оқушылардың өзіндік жұмыстары: 1-тапсырма:«Қошқармүйіз»оюының дөңгелек,ромб,шаршы тәріздес пішіндерге ойылған трафареттер оқушыларға үлестіріледі.Трафаретті таза қағаз бетіне қойып,ойылған жеріне губкамен бояуды бастырған кезде ,шетіне бояуды шығарып жібермеу қажет. 2-тапсырма:Алдарына берілген заттарды ою-өрнекпен әшекейлеулері керек. Екі бүктелген қағаздан оюдың үлгісін ойып алып,заттың бетіне қойып,айналдыра қарындашпен сызып алып,бір түспен бояу. Бейнелеу өнері «Ою түрлері»Бейнелеу өнері «Ою түрлері» 1 топқа - тақия 2 топқа - табақ (папье-маше) 3 топқа - кесе (папье-маше) 5. Қорытынды: Жұмыстарын аяқтағаннан кейін әр топтан бір оқушы шығып жұмысын қорғайды. Қорғағаннан кейін жұмыстары бағаланып, сабақ бекітіледі.

© 2010-2022