1 сынып Сауат ашу ҚМЖ Д дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Д д дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: д дыбысы және оның әріп таңбасымен танысады, оқуға, жазуға үйренеді.

Білімділік: д дыбысы және оның әріп таңбасымен танысады, оқуға, жазуға үйренеді; өткен дыбыстарды қайталайды, зейінін сабаққа аударып отыру керек екенін бақылайды, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйренеді, кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құруға, д дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйренеді.

Дамытушылық: д дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру арқылы ойлау қабілеттерін, жаңылтпаш жаттатқызу арқылы тілдерін ұстарту, ауызекі сөйлеулерін дамытады.

Тәрбиелік: бір-бірімен қарым-қатынас жасауға; бірін-бірін тыңдауға, дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге, оқу іс-әрекеті барысында еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленеді, жазуға қолдарын жаттықтырады.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, сөзжұмбақ тапсырмасы.

Мерзімі: 2014 ж

Құралдар: кеспе әріптер, әріп таңбасы, текшелер, Алдаркөсе, домбыра, доп.

Әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Мотивациялық қозғаушы

Балалар орындарыннан тұрып

Армысын, алтын күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

Балалар орындарынан тұрып шаттық өлеңін айтады.

Іздену-ұйымдас-тырушылық

- Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдаркөсе келіпті. Алдармен бірге «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз.

-Алдар немен жүреді?

- «Әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?

- Ат қалай жүреді? Аттың жүрісін тілімізбен көрсетейік.

- Балалар, мен ол баққа Алдармен бірге «Білім көлігімен» барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?

- Онда біз өткен әріптерді қайталайық.

- Тасбақа деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Oрындық деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Нан деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Робот деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Ғарыш деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Піл деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Аққу деген сөз қандай дыбыстан аяқталады?

- Шағала деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Қауын деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Лақ деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Ай деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Алма деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

- Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар!

- Онда қарап отырмайық.

Ал, балалар, ойнайық.

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

Мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Дауылда бар, боранда жоқ.

Дәуірде бар, заманда жоқ.

Қандай дыбыс?



- Бүгін біз қандай дыбыс және әрпімен танысамыз?

- Д дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы?

- Дұрыс айтасыңдар доп д дыбысынан басталады.

- Д дыбысы дауысты ма? Әлде дауыссыз ба?

- Қандай текшемен белгілейміз?

- Дұрыс, дауыссыз дыбысты көкпен белгілейміз.

- Неге? Не үшін?

- Неге ол дауыссыз деп саналады?

- Қәне, д дыбысын барлығымыз айтайық.

- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

- Дұрыс айтасыңдар дауысымыз еркін шықпайды, созылып шықпайды, бөгет болады.

- Қане, альфавит ішінде Д дыбысын табайық.

Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Жазу дәптермен жұмыс:

-Д дыбысына мысалдар келтіріңдер. Осы сөздерді алақанмен шапалақтап ұра отырып буынға бөлейік.

- Дұрыс, өте жақсы.

-Ал, енді буындарды оқиық.

-Қәне, дәптердегі д әрпін үлгіге қарап жазайық.

Жазу жолдың ортасында сергіту сәтін орындайды.

Бала, бала, балақан,

Қәне қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт,

Былай, былай, ойнап.

Топ - топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса - жаса жарқын күн

Жаса - жаса алтын күн.

Жазуымызды жалғастырайық.

-Атқа мініп жүреді.

-Атпен барайық.

-Ия, дайынбыз.

- Тасбақа деген сөз Т дыбыстан басталады.

- Oрындық деген сөз О дыбыстан басталады.

- Нан деген сөз Н дыбыстан басталады.

- Робот деген сөз Р дыбыстан басталады.

- Ғарыш деген сөз Ғ дыбыстан басталады.

- Піл деген сөз П дыбыстан басталады.

- Аққу деген сөз У дыбыстан аяқталады.

- Шағала деген сөз Ш дыбыстан басталады.

- Қауын деген сөз Қ дыбыстан басталады.

- Лақ деген сөз Л дыбыстан басталады.

- Ай деген сөз А дыбыстан басталады.

- Алма деген сөз А дыбыстан басталады.

- Дыбыста екі топқа бөлінеді: дауысты, дауыссыз.

Дауыл - боран,

Дәуір - заман.

- Д дыбысы.



  • Д дыбыс және әрпімен танысамыз.

- Доп, домбыра, дәптер, демалыс, дәрі, дәрігер, дала.

- Дауыссыз

- Көк.

- Ол дауыссыз дыбыс.

  • Ол әндетіліп, созылып айтылмайды.

Барлығы хормен айтады.

- Ол созылмайды.

Тақтадағы әріптердің ішінен 1 оқушы көрсетеді.

Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

- Доп, домбыра дәптер.

- Доп, дом-бы-ра, дәп-тер.

- Д-а, да. Д-о, до. Д-у, ду. Да-ла. Да-на.

Дәптердегі Д әрпін үлгіге қарап жазады.

Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

Жазуларын жалғастырады.

Рефлексивтік-

қорытындылау

Қорытындылау:

Тақтадағы сөзжұмбақты шешейік.

- Жел толтырылған, резинадан жасалған ойыншық?

- Қай музыкалық аспаппен орындайды?

- Оқу құралының бірі, оған жазу жазамыз.

- Жазық жер, алаңқай.

- Осы шешілген сөздер қай дыбыстан басталады?

- Ал, енді біз жаңылтпаш жаттайық.

Доп деп, доп теп. (2-3 рет қайталайды)

- Ал, балалар Алдаркөсеге айтыңдаршы қандай әріппен таныстыңдар?

- Д дыбысы қандай дыбыс?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Доп.

- Домбыра.

- Дәптер.

- Дала.

- Д дыбысынан.

Хормен қайталайды.

- Д әрпімен таныстық.

- Дауыссыз.

- Дыбыстар екіге бөлінеді.

Бағалау.

Топ басшысын топ мүшелері бағалайды.

Топта отырған оқушылар бір- бірін бағалайды.

Топта отырған оқушылар сабақты талқылайды.

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.

«Талқылау бойынша серіктестер»

Серіктестерімен талқылау:

  • Не оңай болды?

Ұсыныс болса айтады.


  • Не қиын болды?

  • Не білгіңіз келеді?

Күтілетін нәтиже:

Біледі: оқушылар «Д» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.

Болу: оқушылар дәптерде әдемі, ұқыпты жазу ниетте болу.

Істей білу: домбыра, дәптер, дала, доп сөздерін буынға бөлуге, сөзжұмбақтарды шеше білуге үйренеді.



© 2010-2022