Мәтін. Ашық сабақ. 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: « Мәтін»

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Екінші сыныпта алған мәтін жайлы мағлұматтарына сүйене отырып ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылығы: Жаттығу жұмысын орындау барысында оқушының ой- өрісінің дамуына шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

Тәрбиелігі: Еңбекқор болуға, сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорларын молайтуға жетілдіру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, карта, жануарлар бейнесі( слайдтан көрсету)

Сабақтың әдісі:Дамыту сабағы

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Қабат, қабат қапталған,

Ақыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін. ( Кітап)

Кітабымыз дайын ба?

Ұшымен қазық,

Тор көзді жазық.

Үстінен өттім

Асыл сөз жазып. ( Дәптер)

Дәптеріміз дайын ба?

Денесі бар шыбықтан,

Темір тұмсық құдықтан.

Сусын алып ішеді,

Ойы із боп түседі. (Қалам)

Қаламдарымыз бар ма?

Білім мен тәлім,

Парақтап ашқанда

Беттерінен мәлім. ( Күнделік)

Күнделігіміз дайын ба балалар?

Барлық құралдарымыз дайын болса,сабағымызды бастаймыз. Бүгінгі сабағымызды ерекше болғалы тұр. Себебі, біздерге көптеген қонақтар келіп отыр.Қонақтарымызға өз білімімізбен қонақжайлылығымызды көрсетейік.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Жаттығу тексеру. (2-3 оқушыдан сұралады) Өткен сабақты қорыту.

Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?

Дыбыс нешеге бөлінеді?

Өткен сабақ бойынша балаларды мадақтау.

-Балалар осы сіздер саяхатқа шыққыларың келе ме?

Саяхатқа қайда барғыларың келеді?(Орманға, қалаға Астанаға)

Ал қорық деген сөзді естігеніміз бар ма?(Оқушылар жауабы)

Біздің Қазақстанымыздың барлық жерлерінде жойылу қаупі бар, жойылып бара жатырған көптеген жануарлар, құстар, өсімдіктері бар. Оны мемлекет үнемі зерттеп, олардың өсіп-өнуін қадағалап , тізімге алып, қорғап отырады. Оны « қорық» деп атайды. Қазақстан бойынша 9 қорық бар. Олар: Ақсу-Жабағлы, Барсакелмес, Наурызым, Алматы, Қорғалжын, Марқакөл, Батыс Алтай, Алакөл, Үстірт қорықтары бар екен. Қорықтар туралы біздер дүниетану сабағында толығырақ тоқталамыз.Үстірт қорығы Маңғыстау облысының оңтүстік - батысбөлігінде орналасқан.1984 жылы 12 шілдеде шөлейт өңірдің табиғат дүниесін табиғи күйінде сақтап қалу мақсатында құрылған.Үстірт қорығы 223,3 мың ге. жерге ие болып жатыр екен.Қорық көптеген сирек кездесетін жануарлардың мекені болып табылады.

Үстірт қорығы Қазақстанда ашылған 7-нші қорық. Қорық шөлейт аймақта орналасқан.Табиғатының теңдесі жоқ тамаша көрінісі бар,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де бай, тарихи мәдени мұралар да осы жерде шоғырланған. Үстірт қорығы аумағында сүтқоректілердің 29 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 15 түрі, қосмекенділердің 1 түрі, құстардың 111 түрі кездеседі екен. Қорықта сирек кездесетін, саны азайып бара жатқандықтан қорғауға алынған, «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлардың 8 түрі бар. Қазір сол жануарлармен сабағымыздың барысында танысамыз. Жануарлармен танысу үшін алдымен олардың тапсырмасын дұрыс орындасақ қана атын біле аламыз екен.

1. Үстірт арқарының тапсырмасы: ( Дене пішіні орташа, ұзын аяқты жабайы қой. Қарынжарық құмы мен Кендірлісор шөлді жазықтығында мекендейді.Ол тік жардан тез түсіп, тез міне аладыҚызыл кітапқа енгізілген.Шөл өсімдіктерімен қоректенеді,ащы, тұщы суларды іше береді.Жаулары -қасқырлар, броконьерлер.)

Есепті шеше отырып, ұяшықтардағы сандарды кему ретімен орналастырсақ сөз шығады .

2*9=18 т 9*3=27 м 2*4=8 н

4*5=20 ә 3*5=15 і

МӘТІН

-Қандай сөз шығардық? (Мәтін)

3. Жаңа сабақ

Бүгінгі жаңа сабағымыз Мәтін деп аталады.

Күннің жады, тақырып тақтаға жазылады. Көркем жазу: Еңбек туралы мақал жазып, мағынасын түсіндіру.

Кім еңбек етсе -сол тоқ.

2 . Шағыл мысығының тапсырмасы: ( Кішірек жабайы мысық. Денесінің ұзындығы 40-50 см, құйрығы 20-30 см, салмағы 1 жарым- 3 кг.Каспий теңізі маңында үйілген құм төбелерді мекендейді.Тамағын түнде, суық кезде күндіз аулайды. Шағыл мысығы сирек кездесетін түр ретінде Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.) 58 беттегі 1 жаттығу (Шартын оқу. Қайсысы мәтін , қайсысы мәтін емес? Мәтінді өз бетімен көшіру.) Негеш пен Білгішбектің тапсырмасын талдау.

3 . Қара кірпінің тапсырмасы: ( Қазақстанда тек Маңғыстау түбегі мен үстірттің батыс шоқысын бойлай мекендейді.1995 жылы Қызыл кітапқа енгізілген. Жәндіктермен қоректенді. Күнініе 110 жәндік жейді екен.Денесі ірілеу,инелері ұзын 40 мм,басында маңдайынан шүйдесіне дейін созылған жіңішке сына тәрізді инесіз бос жері болады. Негізгі жаулары-түлкі, қарсақ, сасық күзен, қыран, үкі, қарғалар.)

Сызбаны толтыру

Мәтін

Басы Негізгі бөлімі Соңы

Мәтіннің неше түрі болады?

Мәтін

Әңгімелеу Сипаттау Пайымдау

4. Қабыланның тапсырмасы: (Қабылан -мысық тұқымдасының әдемі, ірі жыртқыштарының бірі.Бұл ұзынсирақты мысық жылдам жүгіреді.Негізгі азығы үстірт арқары, қарақұйрық.Бүгінгі таңда бұл Каспий маңында жойылып кетті. Қазақстанның Қызыл кітабында ең бірінші орында тұр.)

Сергіту сағатын жасау.

5. Қарақұлақтың тапсырмасы: (Едәуір ірі мысық: ұзындығы 70-80 см, салмағы 8-12 кг. Маңғыстау, Бозашы, Үстірттің батыс жағында мекендейді. Қой, қозыларға шабуыл жасайды.)

2- жаттығу: Ауызша. Мәтінді әдемілеп , дауыстап оқытып шығу.Мәтінге ат қою.Мазмұнын сұрау.

6. Құланның тапсырмасы: (Құлан- ат пен есектің жабайы туысы. Бұл -мықты , кішілеу келген ат. Бұрын Каспий мен Ертіске дейін алып жатқан.Құлан Қазақстан және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.)

3- жаттығу.Тақтамен жұмыс. Мәтінді сөйлемдерден ажыратып жазу. Ауыл шетінде көл бар. Жазда балалар оның бір жағасынан екінші жағасына жүзіп өтеді. Күзде көл суи бастайды. Көл жағалауындағы шөптер сарғаяды.Ағаштар мен бұтақтардың жапырақтары түседі.Қысқы аязда көл мұз боп қатады.

7. Шұбаркүзеннің тапсырмасы: (Каспийден Ертіске дейінгі шөлді жерлерді мекендейді. Сарышұнақтар, құмтышқандар, жерде ұялайтын құстармен қоректенеді.)

1-қатарға : Үстірт арқарына сипаттау мәтінін құрау.

2-қатарға: Қорық сөзіне дыбыстық талдау жасау.

3-қатарға : Күз туралы 5- 6 сөйлемнен тұратын әңгімелеу мәтінін жазу.

Тапсырмаларды тексеру.

Сонымен балалар біздер саяхатқа қайда бардық?

Қандай қорықпен таныстық?

Үстірт қорығындағы жануарларды атап жіберейік.

Қандай сабақпен таныстық?

Мәтінді қандай белгісі арқыл анықтаймыз?

Мәтінге атты қалай қоямыз?

4.Үйге тапсырма

Қорық деген тақырыпта шағын мәтін жазып келеміз.

5. Бағалау

«Төрт» дегенің- жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

« Бес» дегенің -үздік баға,

Оқитын бол үздік қана, деп смайликтермен бағалау.

Сабағымызға қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!



© 2010-2022