Тасымалданбайтын сөздер. Біздің ту

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Ақши орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Нурбекова Камила Нумукановна

Сабақтың тақырыбы: Тасымалданбайтын сөздер. Біздің ту.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың тасымалданбайтын сөздер туралы түсінік бере отырып, сөз, сөйлем ішінен тасымалданбайтын сөздерді таба білуді меңгерту, өлеңді түсініп сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық : Ойын түрлері арқылы ізденімпаздыққа қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, түрлі тапсырмаларды орындау барысында іскерлік, танымдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиебиелігі: Оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, білімділікке , Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту (ойын түрінде)

Сабаққа қолданылатын әдіс-тәсілдер: репродуктивті - сұрақ жауап, проблемалық, ізденушілік, өзіндік жұмыс.

Стратегиялар: ой қозғау ,ой толғаныс , ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: ел рәміздері, бейнетаспа, графопроектор, ойын түріне жазылған тапсырмалар, геометриялық фигуралар.

Пән аралық байланыс: математика , дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі сабақта зертеуші болатындарын айтып, белсенді, жақсы қатысқан оқушыларға «зерттеуші» белгісі сыйланатынын ескерту.

2.Психологиялық дайындық.

ІІ. Ой қозғау. «Ойлан тап» ойынын жүргізу.Берілген сандардың құрамын таба отырып , тақтаға ілу

  1. Ел ,ту,көк.

  2. О- тан, а-на, о-ю сөздері шығады.Осы сөздерді талдай отырып буынға бөлу

  • Балалар , ел сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

  • Неше буын бар?

  • Ту, көк сөздерінде ше?

  • О-тан сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

  • Неше буын бар?

  • А-на, о-ю сөздерінде ше ?

  • Осы сөздерді тасымалдауға бола ма?

  • Олай болса тасымалданбайтын сөздер қандай сөздер екен? (Оқушылар өздері тапты.)

  1. Бір буынды сөздер .

  2. Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер.

ІІІ. «Салыстыру» ойыны.

Оқушылардың тасымалданбайтын сөздер туралы айтылғандары оқулықтағы анықтамамен салыстырылып , дұрыстығына көздері жетті.

ІV. 1) Балалардың назары қайтадан ел, Отан, ана, ту сөздеріне аударылды. Бұл сөздер біздерге жақын, жүрегімізге жылы естілетін сөздер екен. Оқушыларға сұрақтар қоямын.

  • Біздің еліміз қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасы.

  • Отан сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы.

Оқушылардың Отан туралы ұғымдарын кеңейту. Тәуелсіз ел болу үшін сол елдің өзіне тән белгілері, рәміздері болу қажет. Ондай рәміздер біздің елде де бар. Олар Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Әнұраны, Туы.

2) Бір оқушы туды сипаттап айтып берді.

3)Ту туралы түсініктерін толықтырдым

4) Т.Молдағалиев ағамыздың «Біздің ту» өлеңін оқып, танысамыз.

5) Бейнетаспадан Т.Молдағалиев ағамыздың ағамызбен кездесуден үзінді көрсете отырып, ақын туралы әңгімелесу. Т.Молдағалиев ағамызбен кездесуден үзінді көрсете отырып,ақын туралы әңгімелеу.Т.Молдағалиев біздің жерлесіміз,осы Ақши мектебінде оқыған.Халық жазушысы.Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

6) Өлеңді мәнерлеп оқып беру,мазмұнын түсіндіру.

7)Өз беттерінше оқыту.

8)Жеке оқушылардан сұрау.

9)Өлеңдегі тасымалданбайтын сөздерді тапқызу.
Сергіту сәті. Буын бойынша буын құрастыру

76-жаттығу «Менәі мысығым» деп аталады «Мысық құрастыру» ойынын жүргізу.

  1. Геометриялық фигуралардан мысық бейнесін құрастыру. Әр фигурада жазылған сөйлем ішінен тасымалданбайтын сөзді тауып, тақтаға жазу.

  1. Мысық үй жануары. 2. Ол сүт қоректі. 3. Таза жануар. 4. Ет жейді. 5. Сүт ішеді.

  1. Өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жазу, тасымалданбайтын бір буынды сөзінің астын бір рет, бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздің астын екі рет сызу.

VI. Ой толғау. Енді қатардағы оқушыларға орындату. «Кім тапқыр» ойыны.

1-қатар: а) көл, теңіз, өзен, бұта сөздеріндегі тасымалданбайтын сөздерді табу:

б) психологиялық тренинг. Осы сөздерінің ішіндегі артық сөзді атау.

2- қатар: а) түлкі, аю, қасық, елік сөздеріндегі тасымалданбайтын сөзді табу:

Ә) сол сөздерге сөйлем құрау:

Б) психологиялық тренинг. . Осы сөздерді бір сөзбен не деп атайтынын табу.

VII. Ой қорыту.

Тірек схемаға тасымалданбайтын сөздер тауып жазу.



© 2010-2022