Еңбекті сүйгенді ел сүйеді

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еңбекті сүйгенді елі сүйеді.

Білімділік мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын ұштау. Оқушылардың алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік мақсаты: бүгінгі шәкіртті ертеңгі еңбеккер , жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу,олардың бойына өнерге ,білімге, еңбек ете білуге, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың бойына жеке дара шығармашылықты,жеке тұлғаның эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Өтетін орны гүлмен ,шармен безендіріледі. Нақыл сөздер жазылған плакаттар. Оқушылар шығармашылығы.

Кеш барысы: Жүргізуші: Армысыздар , қадірменді қауым! «Еңбекті сүйгенді елі сүйеді» атты сайыс кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл сайысқа 9 сыныптың «Тұлпар» және «Топ жарған» топтары өз өнерлерін , білімдерін көрсетуге келіп отыр. Бастарыңа қонсын дәйім бақ құстары, Күн қуатын тілейміз ғарыштарға. «Ұзақ ғұмыр» , «Қуаныш» , «Нұр» сыйласын

Өмірдің тыншымайтын ағыстары ,-

дей отырып, сайысқа қатысатын топ мүшелерін ортаға шақырамыз.

Өнер -білім, өнеге тұнған дарын,

Өнерліге өз басым таң қаламын. Өнерді әділдікпен бағалайтын, Таныстырайын әділ қазы алқаларын. дей отырып, әділ қазы мүшелерін таныстырып өтейік. Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жарасама

Туыс ,дос, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді,өнерлі жас талапқа.

Сайыс шарты :

1 «Сәлем сөздің анасы»-деп аталады. Әр топ атымен таныстырады.

2 Әр топтың ауылымыздағы еңбек ардагерлері туралы толғаныстарын тыңдасақ.

Топ жарған:

Біледі,біледі оны терлеп көрген

Терлесең кетер онда кернеп кеудең,

Адаммен бірге туып басталады ол

Талпыну,ұмтылу, еңбектенуден.

Ауылда Қайса ағамыз

Көргені мол өмірден

Түйін түйген темірден

Көтеріңкі көңілмен.

Тоқтарғазы ағаның,

Сан алуан өнері.

Құрылысты салудың,

Болған нағыз шебері.

Сылақ сылап әр үйге,

Асып тұр қазір беделі.

Қарсы алар күннің шапағын,

Таниды оны бүкіл аудан,ауыл ,қыр.

Ап-ауыр жер сияқты тұлғасын

Сөздері де жер сияқтыап-ауыр.

Аманғараев Шәріпхан ағамыз,

Арта берсін бағаңыз.

Өнер тапқыш ,жаңашыл.

Тракторды меңгерген,

Ауылына дем берген.

Сылақшы болған Лена апай,

Олжалап талай сыйлықты,

Қанжығаға өңгерген.

Тұлпар :

Жарық болып ол келсе егер таң атады

Өзіне дүниені қаратады

Жүреді әлде не ойлап, миы қатып,

Жүреді күс -күс болып алақаны

Қарамай уақыттың қиынына.

Қарамай уақыттың құйынына.

Ертеңге бара жатыр Еңбек енді,

Жер шарын салып алып иығына.

Машина мен комбайн

Мәкең келсе дап -дайын.

Шеберлікпен меңгерген,

Техниканың қандайын.

Еңбегіне қол соғып.

Талайлар қақты таңдайын.

Туған жер деп соғады,

Әр адамның жүрегі.

Қайырова Күлшира

Сәнді көйлек тігеді.

Алғысын алып баршаның,

Еңбекпен атқан әр таңы.

Дәнекерлегіш ауылда,

Мұратқаның, Әлханың.

Кәсіпкер Марат ағаның,

Сан алуан өнері,

Жер баптаудың

Болған нағыз шебері.

Егін егіп, жем сатып,

Асып тұр қазір беделі.

Жүргізуші :

Қол созып биіктерге асқарлы

Жалғайды ізімізді жастар әлі.

Ал енді «Тұлпар» мен «Топ жарғанның»

Бәсекелік сайысы басталады.

  1. Білім сайысы

Әр конвертте бес сұрақ жасырылған. Сол сұрақтарға шапшаң жауап беру.

5 Ою ою 3минут

6 Өрім өру 5 минут

7 Өрнектеп тоқыма тоқу

8 сымнан бұйым дайындау 3минут

9 Үйге тапсырма (әр топ дайындап әкелген бұйымдарын дайындау технологиясымен түсіндіреді.

10 Мақалшылар сайысы. Сайыстың шарты мынадай:

Конверттегі бір сөзге бір адам бірнеше мақал құрауға болады .

Мақалшылар таңдауы Өнер, Білім,Еңбек. Кім кідіріс жасаса сол жеңіліс табады. 1минут

Жүргізуші:

Тәмәмдайық осы кешті әсем әнмен,

Өнерлеріне табынып шеберлердің, -

дей отырып ,өтілген сайысымыздың қорытындысы шыққанша әнег берейік.

Қорытынды:

Міне , бүгін сайыста мектебімізде өнерлі жастардың көп екеніне көзіміз жетті. «Өнерліге өріс кең» - дегендей , өнердің кемесімен өрге жүзе беріңдер. Сіздердің өмірлеріңізге шаттық, қуаныш тілей отырып,жүректеріңіз қартаймасын,көңілдеріңіз ортаймасын демекпіз.

Тоқтарова Назигул Тоқанбековна.

Тоғас батыр атындағы орта мектеп КММ

Ойшілік ауылы
Тарбағатай ауданы

© 2010-2022