Открытый урок на тему Шыбын мен көбелек

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Открытый урок на тему Шыбын мен көбелекОткрытый урок на тему Шыбын мен көбелекОткрытый урок на тему Шыбын мен көбелекОткрытый урок на тему Шыбын мен көбелекОткрытый урок на тему Шыбын мен көбелекОткрытый урок на тему Шыбын мен көбелек

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні



Шошақова О.А

4«а» сыныбы

Оқушының саны -15

Атырау облысы Қызылқоға ауданы

Қарабау орта мектебі

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы

С.Оспанов « Шыбын мен Көбелек»


Жалпы мақсаты:

Оқушыларды мысалдың мазмұнымен таныстыра отырып, түйінді ойды ашуға машықтандыру.

Бір- бірінің жұмысын талқылау, толықтыру арқылы мысалды толық меңгерту.

Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыландыру.

Оқыту нәтижелері:

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.Тақырып мазмұнын түсінеді, өз ойларын тиянақты, еркін айтуға үйренеді. Топтық жұмыстар барысында мәтіндегі негізгі ойды ұғынады, бірлесіп жұмыстар жасай алатын болады.

Негізгі идеялар

Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, білім деңгейлерін көтеру.

Өзіне сын көзбен қарай білуге, ұжыммен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі

Аралас сабақ

Әдісі:

Топпен жұмыс, сұрақ- жауап,логикалық ойлау

Қажетті құралдар:

А4 қағазы, слайд, ватман, маркер стикер, магниттік тақта

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал орнату.

Күлім қағып қолымды

Бір, екі, үш деп соғайық.

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы- жылы жүзбенен

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын

Амандасып өзіңмен,

Құшақтап бір алайын.

Көбелек, шыбын, жәндік сөзі жазылған қағаздар арқылы топтарға бөлу.

І топ-«Көбелек»

ІІ топ -«Шыбын»

ІІІ топ - «Жәндік»

Бағалау тәсілімен таныстыру.

Сәлемдеседі.

Зейіндерін сабаққа аударады.

Балалар орындарынан тұрып, қимыл- қозғалыспен орындайды.

Көбелек, шыбын, жәндік сөзі жазылған қағаздар арқылы топтарға бөлініп отырады.

Топ басшысы өзінің тобындағы жауап берген балаларға көбелектің суретін үлестіріп отырады.

Үй тапсырмасын тексеру

5 мин

Барлық топқа ортақ тапсырма беріледі.

А. Сопыбековтың «Сапар мен Парта» мысалын үш топ оқушыларынан сұрау.

-«Сапар мен Парта » өлеңінің авторы кім?

-Өлеңнің авторы жайлы не білесіңдер?

- Мысал арқылы автор сендерге нені үйреткісі келді?

Оқушылар мысалды жатқа айтады.

Қосымша сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылық-ты ояту

Жұмбақтар шешкізу

2 мин

Ызыңдап ән салады,

Жұп- жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады.

(шыбын)

Көлбең- көлбең етеді,

Гүлден ұшып жетеді.

Гүл шырынын сорады,

Соған риза болады.

(көбелек)

Жұмбақтың шешуін табады.

Ой қозғау

2 мин

Шыбын мен көбелек туралы білетіндерін сұрау.

Открытый урок на тему Шыбын мен көбелекОткрытый урок на тему Шыбын мен көбелек

Топтар өзара ақылдасып, көбелек, шыбын туралы білгендерін ортаға салады.

Сергіту сәті

2 мин

«Көбелек» әнін ырғаққа салып билеу.

Оқушылар барлығы тұрып, әнді айтып, қимылмен орындайды.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

7 мин

Автор жөнінде түсінік беру.

Открытый урок на тему Шыбын мен көбелек

Автормен танысады.

Оқулықпен жұмыс

5 мин

«Түртіп алу»

әдісі

«Шыбын мен Көбелек» мәтінін үш бөлікке бөліп, үш топқа жеке оқыту.

Сөздікпен жұмыс

көз шырымын алу- ұйықтау

қауыз- ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабы

жұқсыз- сүйкімсіз, жек көрінішті

сұғанақ- ұры

сапалақ- шыбыннан қорығыш құрал

Оқушылар мәтінді түсініп оқиды,өзара пікір алысады.

Оқушылар қарындашпен жаңа сөздердің астын сызып отырады. Сол сөздердің мағынасы ашылады.

Ой тастау.

Нені білдік?

Әңгімелеу кестесі

5мин

Шығарманың тақырыбы

Кейіпкерлері

Болған жағдай

Оқиға қай кезде болды?

Оқиғаның соңы

Автордың негізгі ойы

Оқушылар оқыған мысалдары бойынша кестені толықтырып жазып, түсіндіреді.


Топтық жұмыс

8 мин

Тапсырма

1-топ 1.Өмірде шыбынға ұқсап қалмас үшін қандай әрекет етер едің?

2. Шыбын мен Көбелекке мінездеме жазу.

Қандай? Қандай?

Открытый урок на тему Шыбын мен көбелекОткрытый урок на тему Шыбын мен көбелек

2 - топ 1. Өмірде іс- әрекеті көбелекке ұқсас адамдар бола ма? (Пікірлерін дәлелдету)

2.Бес жолды өлең құрастыру.

3- топ 1. Шығарманы мысал деп айтуға бола ма? Дәлелдеу.

2. Шыбын мен көбелек туралы бір шумақ өлең құрастыру.

Әр топтағы оқушылар ақылдаса отырып берілген тапсырманы орындайды, талдайды, дұрыс емес жерлері болса түзетіп,түйінді

ой- пікірлерін ортаға салады.

Сабақты бекіту

Сәйкестендіру сызбасы

3 мин

Открытый урок на тему Шыбын мен көбелек

Әр топ сәйкестендіру сызбасы бойынша сабақты қорытындылайды.

Үйге тапсырма

1 мин

Мысалды оқу, мазмұндау, ой толғау жазу.

Бағалау

2 мин

Рефлексия

1 мин

Сабақ соңында топтардың жинаған көбелектері саналып, оқушылардың білімдері бағаланады.

Топ басшысы топ мүшелерінің ұпайларын айтып шығады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, тақтадағы плакатқа жапсырады.

Балалар өздерінің жинаған көбелектері бойынша бағаларын біліп отырады.

Бүгін менің білгенім.

Маған не қызықты болды?

Маған не қиын болды?

Менің үйренгенім.

Мені не таңдандырды?





4 - сынып бойынша «Шыбын мен Көбелек» тақырыбын оқытуға арналған сабақ жоспары негізінде өткізілген сабақ құрылымына талдау


ІV сыныпқа әдебиеттік оқу пәнінен Сейітқұл Оспановтың «Шыбын мен Көбелек» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабаққа негізделген оқу мақсаты: мысалдың мазмұнымен таныса отырып түйінді ойды ашуға, бір- бірінің жұмысын толықтыру, талқылау арқылы мысалды толық меңгеруге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабағымды сыныпта жағымды ахуал туғызу мақсатында психологиялық дайындықпен ашып, « шыбын», «көбелек», «жәндік» сөздері арқылы үш топқа бөлдім. Топ басшысы сайланып, өз тобындағы жауап берген оқушыларға көбелектің суретін үлестіріп отырды. Үй тапсырмасына берілген «Сапар мен Парта» өлеңін үш топ оқушыларынан жатқа сұрап, өткен тақырыпты жақсы меңгергендіктері қойылған сұрақтарға толымды жауап бере алғандықтарынан-ақ байқалды. Қызығушылықтарын оятып, жаңа сабақтың тақырыбын табуда жұмбақтар жасырылып, шешуі табылды. Оқушылар алдын- ала дайындалып келген мәліметтері бойынша шыбын мен көбелек туралы білгендерін ортаға салды.

Мағынаны тану кезеңінде Сейітқұл Оспановтың өмірі, шығармашылығы жөнінде слайд бойынша мәліметтер бердім.Мәтінді үш бөлікке бөліп, топтарға оқыттым. Оқушылар мәтінді өз беттерімен түсініп, « Әңгімелеу кестесі» арқылы мысалды талдап,кестеге жазып шықты. Топтық, жеке жұмыстар барысында мысалдағы Шыбын мен Көбелектің әрекетіне баға беріп, олардың қандай екенін сипаттап жазды, бес жолды өлең құрастырды, бір шумақ өлең құрастырып сәйкестендіру сызбасымен сабақ қорытындыланды.Сабақ соңында оқушылар бағаланып, кері байланыс орнатылды.

Нәтижесінде: оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты,тақырып мазмұнын түсініп,негізгі ойды ұғынды, өз ойларын еркін айтып , топта бірлесіп жұмыс жасай алатын болды.

Открытый урок на тему Шыбын мен көбелекОткрытый урок на тему Шыбын мен көбелек

Открытый урок на тему Шыбын мен көбелек








Озық ойлы оқушы

Мақсаты:

1.Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімін терендету, тапқырлыққа ізденімпаздыққа жетелеу,ой-өрісін арттыру.

2.Оқушыларды елін, жерін, онын дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.

3.Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.

Түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: интерактивтік тақта,слайдтар

Сайыстың барысы: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірлі оқушылар, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер!4 сыныптар арасында өткелі отырған «Озық ойлы оқушы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ал, ұстаздар, оқушылар!

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықпақ сайысқа

Қол соғып қарсы алайық, - деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1.Талғатұлы Тоқтар

2.Атшығали Ақнұр

3 .Айбекқызы Ажар

4.Ахмет Гүлмерей

5.Болатқызы Назерке

6.Жылқышы Нұрдәулет

Сайыс кезеңдері:

1. Таныстыру

2. Жүйрік болсаң, озып көр

3. Ғажайып ұяшықтар

4. Логикалық сұрақтар

5. Тапқырлық

6. Сыр сандық құпиясы

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тарасса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден женімпазды анықтау, Озат болу шарты сол- еңбектену жалықпау. 1-ші кезең бойынша оқушылар ортаға шығып өздерін таныстырады. Сайысты стикерлермен бағалаймыз.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың екінші кезеңі «Жүйрік болсаң, озып көр» кезеніне береміз.Бұл кезенде әр оқушыға5 сұрақ беріледі.Әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпайдан беріледі. Берілген түрлі сұрақтардың шешіміне шапшаң жауап берген оқушылар ұпайға ие болады.

  1. Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны.

  2. Қыркүйек пен қаңтар арасындағы ай саны .

  3. 4 үстелдің аяғы нешеу?

  4. Сын есімнің сұрақтары?.

5.Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата ?

6.Кірпіге ұқсас өсімдік?.

1. Жазғы демалыстың соңғы айы?

2.Бес тышқанның құлағы нешеу?

3.Түн ұйқысын төрт бөлген кім?

4."Абай жолы " роман-эпопеясының авторы кім?

  1. Сан есімнің сұрақтары?

  2. Ауладағы тауықтардың он аяғы бар.

аулада неше тауық жүр?

  1. Алғашқы мектеп ашқан ұлы ұстаз.

  2. Ұя салмайтын құс.

  3. Абайдың әкесінің аты кім?

  4. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

  5. Айдын Айымбетов кім?

  6. Қорада 35 қозы, 65 лақ бар.

Қорада барлығы неше төл бар?

  1. Басты байлық не?

  2. Қарылғаш әулие атанған кім?

  3. Терең сөзіне қарсы мәндес сөзді ата?

  4. Қазақ тілінде неше жалғау бар?

  5. Бір қойдың еті 2 сағат піссе, 2 қойдың еті қазанда қанша уақыт піседі?

6. Асан 10 жаста. Жанар 16 жаста. Асан Жанарға қарағанда неше жас кіші?

Осыдан сегіз жыл бұрын 20 жастағы жігіт

қазір неше жаста?

2. Екі сабақтың арасындағы бос уақыт.

3. "Шөл кемесі" атанған жануар.

4. "Батыр" сөзіне жуық мәндес сөзді ата,

5. Жалпы есімдер қалай жазылады?

6. Абайдың әжесі кім?

1. Үйде балық ұстауға болатын су айдыны.

2. Қыста су неге айналады?

3.Бір сиырдың аяғы, құйрығы, мүйізін бірге санағанда

барлығы нешеу?

4 Қазақ тілінде неше септік бар?

5. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім? 6. Ата -ананың ең кіші баласы? Ғажайып ұяшықтар Келесі турды бастайық, Ұяшықтарды ашайық Асығыстық қылмаймыз Ұпайларды жинаймыз. Мәңгі бақи есте қалар, Ғажайып бір кеш болсын. Білімдірек шәкірт озар Қиынырақ сұрақ болсын. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса,онда сұраққа екінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.Ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын жүргізуші айтады.

Қазақ тілі

10.Сөздердің мағынасын өзгертетін қосымша

20.Кітабымның сөзіне дыбыстық талдау жаса.

30. «Қой аузынан шөп алмас» тіркесінің мағынасы ( жуас, момын)

Әдебиеттік оқу

10.»Сабырсыз, арсыз, еріншек» кімнің өлеңі?

20. Күлкіге, әзіл- сықаққа құрылған шығарма.

30. Асқар Дулатов «Аяулы Жақаң » әңгімесін кімге арнап жазған?

Математика

10.1 жыл 3 айда неше күн бар?

20. Шаршының ауданы 49 см 2 оның периметрі нешеге тең?

30. Мотоциклші 120 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді?

Дүниетану

10.Серпіледі, сығылады , жанады. Ол не? (ауа)

20. Көкжиек тұстарын қандай құралдармен анықтаймыз? (тұсбағдар) 30. Топырақ дегеніміз не?

Логикалық сұрақтар

Открытый урок на тему Шыбын мен көбелек

1.Ыстық суда қандай стақан көбірек жарылып сынады. Қалыңы ма, жұқасы ма?

2.1 тонна мақта ауыр ма, әлде 1 тонна темір ауыр ма?

3. Қаз неге судан құрғақ шығады?

4. Суға қолыңды қай кезде кесіп аласың?

5. Су астында қандай тас жоқ?

6. Ұшақ Атыраудан Қарабауға дейін 1сағат 10 минут ұшады, ал кері қарай 70 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады?

Сыр сандық құпиясы

1.Бір зат әр оқушыға қажет. Тіпті, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғарғы сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не?

2. Бұл зат барлық оқушыларға қажет деп айта алмаймын. Бірақ , кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп, аналарына сатып алғызады. Ал жоғарғы сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін, ал кейде білмейтін бір нәрсені тауып алу үшін қолданылады. Бұл не?

3. Бұл басы да жоқ, ұшы да жоқ, бір қызық әдемі фигура. Бұл фигура барлық жерлерде қолданылады: тұрмыста, техникада т.б. салаларда . Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсең де бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Оны тағы да үлкен кемелерде кездестіруге болады. Онда ол "құтқарушы" деп аталады. Бұл не? Қорытынды: Осымен «Озық ойлы оқушы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Марапаттау.







ІІ.Негізгі бөлімі.

«Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп,кемелденді,біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағаның жауапты да жігерлі,білім өресі биік,денсаулығы мықты өкілдері болады.Олар балаларының йгі дәстүрлерін сақтай отырып,қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Бейбіт,жылдам өркендеу үстіндегі,күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады»,-дейді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

Елбасымыздың болашақ ұрпаққа сенім білдіргеніндей,ел болашағы-білімді ұрпақта. Ол болашақ-мына сендерсіңдер.Сондықтан да бүгінгі тәрбие сағатымыз «Білімді ұрпақ-ертеңгі ел тірегі» деп аталады.

Тәуелсіз ел болдық.Тілімізді,діңімізді,өнерімізді,салт-дәстүрімізді жаңғырттық.Ендігі өмір талабы өзгеше,ол -білімділер заманы.Елбасымыз «біз болашақта озық ғылыммен құраймыз»деген еді.Білім саласында әртүрлі бағдарламалар жасалуда.Дәл қазір және болашақта қазаққа еңсесі биік,қадамы мығым ұрпақ керек.Білімге бет бұру заман талабы екенін ойымыздан шығармауымыз керек. Өйткені «Білім мен тәрбие-егіз»,енді білімімізді ортаға салайық.Ортаға екі топ мүшелерін шақырамыз.

ІІІ.Танымдық жұмбақтар.

1.Келген емес жайдан-жай,

Жеңдік барлақ езгіні.

Тәуелсіздік алған ай,

Жылдың қай мезгілі? (Желтоқсан,қыс)

2.Тәуелсіздік жолында,

Тапқан жолдың шешімін.

Президенті қазақтың,

Айтшы, қане, есімін? (Нұрсұлтан Назарбаев)

3.Туымыздан күн қарап,

Күлімдейді әлемге.

Күн астында қандай құс,

Қанат қаққан бар елге? (Қыран)

4.Көк аспанның түсі бар,

Ортасында күні бар.

Қыран ұшқан қалықтап,

Кімнің туы біліп ал! (Қазақстан)

5.Тәуелсіздік біз алдық,

Жеңіп шығып азапты.

Айға алғаш аттанған,

Атап бергін қазақты. (Тоқтар Әубәкіров)

6.Ғарыштар да,ғалам да,

Бір-бірімен кеңескен.

Жылдың қай айында,

Күн мен түн теңескен. (22 наурыз)

7.Жеті нәрсе қашанда,

Қосылатын заты бар.

Даяр болса,қазанда,

Бұл көженің аты бар. (Наурызкөже)

8.Айды барып айналып,

Ғылым іздеп қайтқан кім?

Абай әнін ғарыштан,

Жер жүзіне айтқан кім? ( Талғат Мұсабаев)

4.Ойнайық та, ойлайық

№1.Қораптағы қарындаштар таласып қалады.

Көк қарындаш:

-Балалар мені жақсы көреді.Мен ең қажетті түспін. Менімен аспан,теңізді бояйды.

-Жоқ,ең қажетті түс менмін,-деді қызыл қарындаш.-Жемістер,мерекелік жалаушалар менің көмегіммен боялады!

-Қарындаштар,бекерге таласпандар,мен ғой ең қажеттісі,ағаш,гүл жапырақтары,жазы орман салу үшін мен керекпін!-деп жасыл қарындаш мақтанды

-Иә,таласа беріндер мен өзім-ақ білемің кімнің қажетті түс екенің,ол-мен!Менімен күнді бояйды. (ол сары түс еді).

Сұрақ: Қорапта неше қарындаш бар?

№1.Қораптағы қарындаштар таласып қалады.

Көк қарындаш:

-Балалар мені жақсы көреді.Мен ең қажетті түспін. Менімен аспан,теңізді бояйды.

-Жоқ,ең қажетті түс менмін,-деді қызыл қарындаш.-Жемістер,мерекелік жалаушалар менің көмегіммен боялады!

-Қарындаштар,бекерге таласпандар,мен ғой ең қажеттісі,ағаш,гүл жапырақтары,жазы орман салу үшін мен керекпін!-деп жасыл қарындаш мақтанды

-Иә,таласа беріндер мен өзім-ақ білемің кімнің қажетті түс екенің,ол-мен!Менімен күнді бояйды. (ол сары түс еді).

Сұрақ: Қорапта неше қарындаш бар?

№3 сабақ.

Сауысқан ормандағы жануарларға:

-Асығындар, аралар бәріне бал таратады,-дейді.

Бірінші бөшкені көтеріп аю келеді.

Екінші кесе алып ақтиін келеді.

үшінші келген қоян табақ көтеріп келеді.

Төртінші түлкі құмыра акеледі.

Бесінші қасқыр кастрөл көтеріп келеді.

Сұрақ:

1.Қоян нешінші болып келді?

2.Ең кіші ыдыс кімдікі?

3.Ең үлкен ыдыс кімдікі?

№3 сұрақ.

Сауысқан ормандағы жануарларға:

-Асығындар, аралар бәріне бал таратады,-дейді.

Бірінші бөшкені көтеріп аю келеді.

Екінші кесе алып ақтиін келеді.

үшінші келген қоян табақ көтеріп келеді.

Төртінші түлкі құмыра акеледі.

Бесінші қасқыр кастрөл көтеріп келеді.

№ 4 сұрақ:

1.Қоян нешінші болып келді?

2.Ең кіші ыдыс кімдікі?

3.Ең үлкен ыдыс кімдікі?

№5 сұрақ:

Орманда бір үйшікте тату-татті аңдар тұрып жатыпты.Сендер олардың атын сипаттамасына қарай тауып көріндер.

-Өзі қу,жүрген жері шу /түлкі/;

-көзі қитар,құлағы ұзын,қорқақ /қоян/

-кішкене ғана бойы бар, домаланған түрі бар.үнемі арқасында тасып жүрген инесі бар./кірпі/

-түсі сұр,тістері ақсиған,сондай қорқынышты /қасқыр/

-Қорбандаған епсіз,өзі балды сондай жақсы кіреді./аю/

Сұрақ: үйшіктегі достар қанша?

№6 .

Орманда Данияр мен Дана жидек теруге келеді.Олар шырша түбінен бүлдірген тапты.қайын жанынан қарақат терді.Терек ағашының түбінде итмұрын өсіп тұр екен.

Сұрақ:

Балалар жидектің неше түрін кездестіреді?

№ 7

Орманда Данияр мен Дана жидек теруге келеді.Олар шырша түбінен бүлдірген тапты.қайын жанынан қарақат терді.Терек ағашының түбінде итмұрын өсіп тұр екен.

Сұрақ: Балалар жидектің неше түрін кездестіреді?

№8

Қарақаттың туған күніне Дана тотықұс сыйлады.Досжан табиғат суретің,Жансая үлкен қуыршақ сыйлады.

Сұрақ: 1.Қарақатқа неше сыйлық әкелінді? 2.қанша досы келді?

№9

Біз жаңа үйге көшетін болдық.Бәріміз бір бір заттан көтеріп машинаға тасыдық.

Папам менг мамам шкафты көтерді.Екі ағам диванды,інім екеуміз үстелді,4 орындықты тасыдық.
Сұрақ.1.үйде неше жиһаз бар еді? 2.Қанша адам тасыды?

5.Пәндер бойынша сұрақтар. Балалар деген сөзге талдау жаса.

Дүниетануға байланысты сұрақтар.

1.Жылдың неше мезгілі бар?

2.Есту мүшесі

3.Иіс сезу мүшесі

4.Табиғат құбылыстары

5.Тірі табиғат

6.Өлі табиғат

7.Үй жануарларын ата

8.Қысқа азық қорын дайындайтың аңдар?

9.Жорғалаушыларды ата?

Математикадан сұрақтар.

1 .Саянда болды 8 алма.

Сайранға берді 4 алма.

Ойланып,кәне көрейік

2 . Бәйгеге шықты жануарлар

Алға шықты бесеуі.

Қосылды оған екеуі,

Мәреге келді нешеуі?

3. Айманда болды 5 алмұрт,

Әселге берді 2 алмұрт.

Айманның қалды қолыңда,

Неше алмұрт,тез ойла?

Саянда қалды қанша алма?

4 . Далада жүр 3 түйе,

Қосылды тағы бір түйе.

Жалпы саны түйелердің,

Болды неше есепте?

5. Сегіз қияр базардан

Сатып алды Сәлімжан.

Бес қиярды алғанда

Қанша қалды дорбада?

Қорытынды. Жеңімпаздарды марапаттау.







Көңілді старт

Мақсаты : Спорттың денсаулыққа пайдасы зор екенін түсіндіру, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, өзін- өзі бақылауу арқылы белсенділікке , сенімділікке , қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: доп, кедергілер, секіртпе

Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Көңілді старт» атты спорттық жарысымызға қош келдіңіздер! Сайыстың негізгі мақсаты- жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, білімді азаматы етіп қалыптастыру.

Ал, құрметті халайық,

Жарысты енді көріңдер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өту.

Жүргізуші: Шынықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ

Жарысқа түсіп қалайда.

Жарысқа «Қырандар» және «Сұңқарлар» топтары өнер көрсетпекші.Ал ендеше, сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік.

Сайыс шарттары:1. Допты ойын 4.Тастамақ

2. Ептілік 5.Шегірткелер

3.Тасымақ 6.Секірмек

Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші: Денсаулық- шексіз бақыт,

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа.

Өмірде бақыттысың денің сауда,

«Денсаулық- терең бақыт » деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,- деп ойынымызға көшейік.

1.»Допты ойын»

Ойын шарты: Бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады.

Жүргізуші. Денің сауда күштісің бұл әлемде,

Денің сауда сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында,

Жетерсің әлі талай бақыттарға.

2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Ептілік» ойыны деп аталады.

Ойын шарты: Екі оқушы допты аяқтарының арасынан түсірмей бір- біріне беру керек.Қайтар жолда допты бастарының арасынан ұстап ,кедергілер арасымен келіп, келесі ойыншыларға тапсырады. Олай болса балалар сіздерге сәттілік!

Құрметтті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.

3. Келесі ойынымыз »Тасымақ» деп аталады.

Ойын шарты: Бір оқушы қолына доп алып кедергілер арқылы бір қолымен кезек- кезек жерге соғып келесі ойыншыға апарып береді. Келесі ойыншы жалғастырады.

Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау

Бойкүйез болма еріншек,

Айналысып спортпен,

Талаптан , жаттық еңбекпен.

4. Сайысымыздың келесі бөлімі «Тастамақ» ойыны деп аталады.

Ойын шарты: Екі ойыншы арқаларына допты қысып кедергілер арасынан өтіп қайтар жолда жүгіріп қайтуы қажет.

5.»Шегірткелер»

Ойын шарты:Бір оқушы қос аяқпен кедергілер арасынан секіріп өтіп, математикалық есепті шығару қажет. Қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.

6. «Секірмек»

Ойын шарты:Бір оқушы секіртпемен кедергілер арасынан жүгіріп өту қажет.

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады. Көңілді старт»

Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,

Думанға қызық келіңіз.

Әділқазы ел сенген,

Өнерге баға беріңіз. Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар,жүлделеріңіз құтты болсын!Бүгінгі «Көңілді старт»атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рақмет.



Жаңарған, жайнаған Астана

Мақсаты: Жаңа астана тарихымен таныстыру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Астана қаласының суреттері, слайдтар.

Жоспары:

I.С иқырлы сандар не дер екен? (Астана тарихына шолу)

II. Ару қала -Астана ( жыр шашу)

III. Сен білесің бе?

IV.Қорытынды.(«Астана» сөзжұмбақ шешу)

Жүргізуші: Балалар, Астана- еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білуі керек. Біз - осы елдің болашақ патриолттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар - біз. Ендеше, Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік!

І бөлім Сиқырлы сандар не дер екен?

( Қазақстан астаналары туралы слайдтан көрсетіп баяндап өту)

1830 жылы Ақмола бекінісі салынды.

1832 жылы қала мәртебесі берілді. 1929 жылы Ақмола - Бурабай темір жолы салынды. 1939 жылы Ақмола облысы құрылды. 1954 жылы тың игеру басталды. 1961 жылы Целиноград аталды. 1997 жылы Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы атанды.

1997 жылы Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. «Қазақстан» әні тыңдалады.

ІІ бөлім Ару қала- Астана ( жыр шашу)

1-Ж .Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

2 - ж Бүгінгі «Жаңарған, жайнаған Астана» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-Астана дегенде жүрегі сыздамайтын жан бар ма?

2-ж. Сәбиден қарттарымызға дейін Астана дегенде ішкен асын жерге қояды.

1-ж Астана қаласы қаншама еңбектермен, күшпен құралып отыр десеңізші.

2-ж. Астанамыздың көркеюі Елбасы мен дана ағаларымыздың арқасы екенін білуіміз керек.

1- ж 1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы болды.

2-ж 1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді.

1-ж Ал 1929 жылдан бастап Қазақстанның астанасы Алматы болды.

2-ж 1997 жылғы 20 қарашадағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

1-ж 1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.

2-ж Қазақстанның жаңа елордасы- Астананың тұсаукесер тойы 1998 жылғы 10 маусымда өткізілді.

1-ж. 1999 жылы ЮНЕСКО- ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» деген атақ беоілді және «Бейбітшілік қаласы» деп аталды.

1-ж Бүгінде Астанамыз әлемде өзіндік келбеті бар аймен, күнмен таласқан әсем қалаға айналды. Осының бәрі елбасымыздың еліміздің бас қаласына деген ықыласы мен сүйіспеншілігінің, ерен еңбегінің арқасында қол жеткіздік.

Достық пейіл - татулықтың тірегі,

Біздің халық бейбіт өмір сүреді.

Бар әлемді бір өзіне қаратқан,

Елордамыз - Еуразия жүрегі !

2-ж.Орындалып көптен күткен арманы,

Ел қыраны биіктерге самғады.

Елу елдің қатарына қосылу-

Осы емес пе еліміздің ардағы.

ІІІ бөлім

Сен білесің бе?

1.Астана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты.)

2.Жаңа көпірдің ұзындығы. (214 метр)

3. Жаңа көпірге қандай ат берілді? (Сарыарқа)

4. Астанадағы ең басты қатынас жолы. (Республика даңғылы)

5.Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат ( Астана- Тауэр)

6. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? (Атамекен)

7. «Думан» океанариумына теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 Үлкен аквариум)

8.»Қазақ елі» монументінің биіктігі қанша метр? Онда орналасқан құс мүсінінің салмағы қанша тонна? (Биіктігі 91 метр. Құс мүсінінің салмағы 2,5 тонна)

9. Астана қаласының дәл іргесінен табылған ежелгі қаланың аты ( Бозок қаласы)

10. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)

IV.Қорытынды

1-жүргізуші Енді қорытынды бөлімінде сөзжұмбақ «Астананы» шешіп көрейік. 1) Мәжіліс өтетін ғимарат. (Ақорда)

2) Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

3) Қала рәмізі (Бәйтерек)

4)Астананың бұрынғы атауы.

5) Мұхитарал орналасқан кешен атауы. (Думан)

6) Астанадағы ескерткіштердің бірі кімге қойылған? (Абай)

2-ж. .Астана - таң сәулелі өшпес жарық,

Жарқырап күндіз- түні тұрған жанып.

Қазаққа ай мен күндей нұрын шашқан,

Сол нұрдан ләззат алған барша халық.

1-ж.Есілдің жағасына қонған қалам,

Жүрегі Қазағымның болған қалам.

Күн санап ертегідей өскен қалам,

Жайнашы, жасай берші нұрлы Астанам!

Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі- Астанамыз асқақтай берсін!

Ән: «Астана»






© 2010-2022