Конспект занятия по английскому языку в старшей группе «Travelling to the wonderful English Ball»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің санаторлық және жалпы дамулық типті «Золотой ключик» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны










Конспект занятия по английскому языку в старшей группе «Travelling to the wonderful English Ball»



Ағылшын тілі


(Ашық сабақ)








Тақырыбы:

«Travelling to the wonderful English Ball»

«Таңғажайып ағылшын еліндегі балға саяхат»


Өткізген: Айешова А.К.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі











Арқалық 2012-2013 оқу жылы


Ағылшын тілі пәнінен ересектер тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Ағылшын»

Тақырыбы: «Travelling to the wonderful English Ball» «Таңғажайып ағылшын еліндегі балға саяхат»

Күні: 16.04.2013

Мақсаты:

Білімділік: балалардың өткен сабақтағы білімдерін бекіту, дүниетанымын кеңейту, ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуді үйрету;

Дамытушылық: балалардың сөздік қорын, тілін, есте сақтау, ойлау белсенділігін дамыту;

Тәрбиелік: ағылшын елі мен тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Методикалық әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, тапсырма, өлең, сұрақ-жауап.

Керекті құрал-жабдықтар: үйдің суреті, жануарлардың, түрлі-түсті гүлдер мен көбелектердің суреттері, магнитофон

Қостілділік компоненттері: Red - қызыл

Fox - түлкі

Father - папа

Baby - бөпе

Blue - көк

One - бір

Shoulders - иық

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Good morning, children!


Үйдің суреті, орман мен ферманың суреті, түрлі-түсті гүлдер мен көбелектердің суреттері.

Good morning! Good morning!

Good morning!

Clap your hands! Clap, clap, clap!

Stamp your feet! Stamp, stamp, stamp!

Spin around! Spin, spin, spin!

All right!

Good morning! Good morning!

Good morning!

Wash your hands! Wash, wash, wash!

Shake your hands! Shake, shake, shake!

Brush your teeth! Brush, brush, brush!

All right!

Балалардың қызығушылығы оянады

Ұйымдастыру-іздестіру


- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше сабағымызды бастайық.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктемді ағылшын тілінде қалай айтамыз?

- Very good! Өте жақсы! Балалар, бізге ханшайымнан хат келіпті, мен сендерге ашып, оқып берейін. Хатта былай жазылған екен:

«Dear, children of the kindergarten "The Golden Key"

I invite you to my wonderful English Ball

Sincerely yours, the Princess!»

«Құрметті «Золотой ключик» балабақшасының бүлдіршіндері!

Мен сіздерді ағылшын елінің таңғажайып балына шақырамын!

Құрметпен, ағылшын елінің ханшайымы»

- Will we go to the Ball? Балалар, балға барамыз ба? Біз осы саяхат барысында ағылшын тілінде не үйренгенімізді әр тақырыпқа жеке тоқталып, оны «аялдама» деп атаймыз. Саяхатқа біз сиқырлы автобуспен барамыз, ал автобусқа билет алу үшін бәріміз 10-ға дейін санауымыз керек.

One, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten.

- Very good! Өте жақсы! Ал олай болса, билеттеріңді алып сиқырлы автобусымызға барайық.

Stewardess: Hello. May I see your tickets, please?

Stewardess: Look at your ticket and take your place according to the number.

- Welcome abroad! We are going to make a trip to English Ball. Let's sing our acting song

The wheels on the bus go round and round

Round and round, round and round

The wheels on the bus go round and round

All through the town

The people on the bus go up and down

Up and down, up and down

The people on the bus go up and down

All through the town

The wipers on the bus go swish, swish

Swish, swish, swish, swish, swish, swish

The wipers on the bus go swish, swish

All through the town

The horn on the bus go beep, beep, beep

Beep, beep, beep, beep, beep, beep

The horn on the bus go beep, beep, beep

All through the town

- Міне, балалар, ағылшын еліне де келдік. Ханшайымның балына жету үшін бірнеше тапсырма орындауымыз керек. Олай болса, бірінші аялдамадағы «Менің отбасым» тақырыбын қайталайықшы. «Who lives in this house?» «Мына үйде кім тұрады?» тапсырмасын орындайық. Кішкене үйшіктің ішінен балаларға отбасы мүшелерін көрсетеміз, балалар отбасы мүшелерін ағылшын тілінде айтып береді.

- Very good! Өте жақсы! Енді әрі қарай жүрейік. Мына келесі аялдамада тағы бір тапсырма бар екен, балалар. Орындап көреміз бе? Олай болса «Where does this animal live?» «Жануарлар қайда тұрады?» ойынын ойнайық.

Үй және дала жануарларын бөліп, өздерінің үйлеріне орналастырайық.

- Say, who is it? What kind of animal is it?

- Well done! Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Олай болса әрі қарай жүрейік.

- Қане, балалар, дене мүшелерімізді еске түсіріп, денемізді сергітіп алайық жарай ма?

Сергіту сәті "Head, shoulders, knees and toes" жаттығуы

Here we go!

Head, shoulders, knees and toes

Knees and toes

Head, shoulders, knees and toes

Knees and toes

Еyes and ears and mouth and nose

Head, shoulders, knees and toes

Touch your eyes

Touch your ears

Touch your mouth

Touch your nose

Touch your knees

Touch your toes

Great job!!!

- Good for you! Жақсы! Денеміз сергіп қалды ма? Олай болса әрі қарай жүрейік.

- Балалар, келесі аялдамада бізге түстерді үйрететін ойын бар екен. Ойынның аты «Find your house» «Өз үйіңді тап»

Өлең қосылады, балалар әр түрлі көбелек болып ұшып жүреді. Өлең тоқтағанда балалар өздерінің түстеріне сәйкес гүлді тауып, қону керек. Содан соң түстерді атайды.

Ханшайымның шығуы.

Teacher: Look! Who is she? Қараңдаршы, бұл кім, балалар?

Princess: You are clever girls and boys! You know English very well. And I invite you to my ball! Will go with me?

Teacher: Балалар, ханшайым сендерді ақылды, ағылшын тілін жақсы біледі екенсіңдер дейді. Бізді баллға шақырып жатыр, барамыз ба?

Princess: Girls, you are so beautiful!

Boys, you are so handsome!

Let's sing together!

«Twinkle» өлеңі айтылады

Twinkle, twinkle, little star

How I wonder what you are?

Up above the world so high

Like a diamond in the sky

Twinkle, twinkle, little star

How I wonder what you are?

Princess: Thank you! I wish you good luck. Good bye!

- Олай болса, балалар, сиқырлы автобусымызға отырып тобымызға қайтайық.

Балалар мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдайды.

- Көктем

- Spring

Балалар мұғалімнің оқып жатқан хатын мұқият тыңдайды.


- Yes!

Балалар онға дейін санайды

- Here, it is.

Балалар мұғаліммен бірге өлең айтады.


Балалар автобустан түседі.

Балалар «Who lives in this house?» «Мына үйде кім тұрады?» тапсырмасын орындайды.


Балалар «Where does this animal live?» «Жануарлар қайда тұрады?» ойынын ойнайды.

- It is a horse. It is a farm animal.

- It is a fox. It is a wild animal.

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.



Өлең қосылып тұрғанда балалар әр түрлі көбелектерді қолдарына ұстап ұшып жүреді, өлең тоқтағанда көбелектерінің түсіне сәйкес гүлге барып қонады.

Ханшайым шығады.

- Princess. Ханшайым

- Yes! Ия, барамыз!

Мұғалім, ханшайым және балалар «Twinkle» өлеңін айтады.

Балалар ханшайыммен қоштасады.

Балалар мұғаліммен бірге автобусқа отырып, топқа келеді.

Рефлексивті-реттеуші

Қорытынды: Балалар, бүгінгі сабақта біз не істедік? Ағылшын еліне саяхатқа бардық, бізді ағылшын ханшайымы балға шақырды. Ағылшын еліне біз немен бардық? Сиқырлы автобуспен. Бүгінгі сабақта не туралы айттық? Ағылшын тілінде не үйренгенімізді айттық, санадық, отбасы мүшелерін, түстерді, дене мүшелерін үй және дала жануарларын қайталадық. Ханшайыммен бірге балға бардық, биледік, өлең айттық. Балалар, сендерге сабақ ұнады ма? Ия.

Балалардың қорытындысы: бүгінгі сабақта балалар ағылшын еліне саяхат жасады, ағылшын тілінде не үйренгенімізді әр тақырыпқа жеке тоқталып, тапсырмалар орындады, ойын ойнады, өлең айтты, жаттығу жасады.



© 2010-2022