Ана тілі. Ә. Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді» (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы.

Түпқараған ауданы.

С.Шапағатов селосы

Бесімбаева Рыскүл

Бастауыш сынып мұғалімі.

Ана тілі
Тақырыбы: Ә.Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»
Мақсаты:
1) Ә.Сәрсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді» әңгімесінің мазмұнын ашу, күй атасы Құрманғазы және Дина туралы тереңірек түсінік бере отырып, өз бетінше білім алуға үйрету;
2) Мәтін желісінде түсінік бере отырып сөздік қорын молайту, әр оқушының қабілетін, ойын, тілін дамыту, түсініп оқу дағдысын қалыптастырып, есте сақтауға дағдыландыру;

3)Дарынды, білімді, өнерді сүюге, оны құрметтеуге, берген антын орындауға және ұлттық өнерді насихаттауға тәрбиелеу;

Әдісі: ой-тастау, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, түсіндіру;
Түрі: кіріктірілген.
Көрнекілігі: Дина мен Құрманғазы суреттері, слайдтар, домбыра, тірек-сызбалар, сәйкестендіру бетшелері;

Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру
а)Оқушыларды түгелдеу
ә)Психологиялық дайындық
- Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен


- Жылдың қай мезгілі?
- Қыс айындағы өзгерістер?
- Қыс туралы тағы не білесіңдер?
- Айнала аппақ, аппақ тыс
Аяз алып келді қыс
Қар атысып тоңбаймыз
«Аққала» соғып ойнаймыз

Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап әдісі бойынша
:
1.Сәкеннің анасы мен қарындастарының есімі?
2.Іңкәрбек кім? (көп балалы, қолы қысқа адам)
3.Омар кім? (үйір-үйір жылқысы мен қора-қора қойы бар бай)
4.Бала Сәкенге сипаттама бер?
5.Анасының балаларына айтатын жылы сөздері?
3)Жаңа сабақ
а)Автор туралы түсінік.
Қазақстанның халық жазушысы
1905 ж Атырау облысы Құрманғазы ауд.дүниеге келіп, 1997 ж дүниеден өтті.
Оқулықпен жұмыс

1)Іштей оқу
2) Сұрақ-жауап «Ой қозғау?»

- Бұл әңгімеде кімдер туралы әңгімеленіп отыр?
- Бұл адамдардың есімдері таныс па?
- Олар жөнінде не білесіңдер?

3) Жаңа сабақты түсіндіру
1818ж Батыс Қазақстан облысында туған, 1889 ж дүниеден өткен аңшы, балықшы болған күйші, сазгер, дүлділ домбырашы 60-тан астам күйлері бар
1888 жылдың дауылды бір күні еді.Кәрі Атырау әлденеге ашуланғандай арындап, ақ бас толқындарын шыңға соғып жатты. Жар жиегіндегі көгалда күмістей ақ сақалы төсін жапқан бір қария отырды.(сабақты түсіндіру)

- Дина туралы не білеміз?
(1861-1955)
Батыс Қаз. обл.туған
Ұстазы Құрманғазы
Күйші, сазгер
Анасы Жәмиха, әкесі Кенже

4.Оқулықпен жұмыс
а)Үзбей оқу
ә)Рольге бөліп оқу
б) Сұрақтарға жауап алу

5.Дәптермен жұмыс
а) «Жүйрік ойлы, тапқыр кім?»
(Мына сөздерді дұрыс орналастыру арқылы Құрманғазының Динаға мұра етіп қалдырған сөзін оқи аламыз)

(Шешуі:Мұрамды саған қалдырдым, халыққа жеткіз күйімді)

ә)Түсіндірме сөздіктер
Атырау - өзеннің аты
Мұра - кейінге МҰРА ЕТІП ҚАЛДЫРУ.

5.Сергіту сәті.

6. «Өткенге көз жіберсек»
а)Құрманғазының күйлері
Күйлері
Лаушкин
Адай Кішкентай
Кісен ашқан Алатау
Серпер Сарыарқа
Балбырауын

ә) «Есіңде сақта!»
Қазірде Алматыда Құрманғазы атында Қазақ ұлттық консерваториясы;
Алматыда Құрманғазы атында Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі;
Құрманғазы атында аудан, көшелер, мектептер бар;
Атырауда Құрманғазы атында мәдениет сарайы;
Құрманғазы ауданында Құрманғазы атында саз колледжі



7.Қорытынды .Венн жүйесі бойынша:
Құрманғазы, Дина
60-тан астан күйі бар,

мұрасы ұрпақтан -ұрпаққа жалғасты
Дарынды күйші,
талантты,
аманатын жеткізді
Күйші,сазгер
Тарихта есімдері қалған

8.Үйге тапсырма: Түсінігін айту.

© 2010-2022