Сайыс сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: «Білгіштер саяхаты» Сабақтың мақсаты: Балалардың 10 көлеміндегі сандар қатарын, геометриялық фигураларды, сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп, байланыстыра сөйлеуін әрі қарай дамыту. Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері, күннің, бұлттың, таудың, кемпірқосақтың, мектептің бейнесі. Сабақтың түрі: аралас сабақ, саяхат сабақ. Әдіс-тәсілі: ойын, көрнекілік, практикалық. Сабақтың барысы: Ұйымдастырылу бөлімі. Тәрбиеші: -Балалар бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға қатысу үшін, қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.

Сәлем бердік, Алтын күн.

Сәлем бердік, Ашық аспан.

Сәлем бердік, Жер-ана.

Сәлем бердік, баршаңа! -Балалар, бүгін сендермен саяхатқа шығамыз. Кәне, саяхатқа әзірміз бе? Ал енді тобымыздың ұранын айтайық. «Оқы да біл, ойна да күл!» -Жолымыз қысқарсың десеңдер, қане пойызға отырайық. Ән: «Паровоз» 1 - Сайқымазақ аялдамасы. Сайқымазақ тапсырмасы.

  1. 1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
  2. Себеттегі алманы санау.
  3. Сандардың көршісін тап
2 - Аю аялдамасы.
  • Балалар ағаштың артынан гүрілдеген дауыс естіледі. Кім екен бұл? Тәттіні ұнататын аю екен ғой.
Аю тапсырмасы.
  1. Жылдың 4 мезгілін ата?
  2. Қазір жылдың қай мезгілі?
  3. Бір жылда неше ай бар?
  4. Бір аптада неше күн бар?
  5. Апта күндерін ата?


  • Балалар,біз сайқымазақтың, аюдың, тапсырмаларын орындадық, тауға да жақындап қалдық. Тауда қасқыр бар. Қасқырдың тапсырмасын орындасақ, әрі қарай жол жүреміз. Күн бұлттанып кетті, балалар, дем алып, сергіту сәтін жасайық.
3- Қасқыр аялдамасы. Қасқыр тапсырмасы.
  1. Мынау қандай геометриялық пішіндер (төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш, сопақша)
  2. Логикалық есеп шығар.
а)3 қоянда неше құлақ бар? 6 құлақ ә)Алма ағашында 6 алма өсіп тұрды, жел соғып, біреуі үзіліп түсті. Ағашта неше алма қалды? 5 алма б)Қолымда 5 алма, табақта 2 алма. Қосқанда бәрі неше алма? 7 алма - Нөсер себелеп кемпірқосақ шықты. Кемпірқосақ тапсырмасы.
  1. Сөздерді оқу
  2. Сөзді буынға бөлу
  3. Сөздерге сөйлем құрастыру


  • Жарайсыңдар балалар, осымен сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті. Тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар, олай болса бір-бірімізді мадақтайық «Жарайсыңдар!». Енді пойызымызға отырып, өз тобымызға барайық. Келесі кездескенше, сау болыңдар!




Бірлестік орта мектебі





Білгіштер саяхаты









Мектепалды сыныбының тәрбиешісі: Есенбекова А.А.











2013-2014 оқу жылы



Бірлестік орта мектебі











Реферат

Тақырыбы: «Ықылас»











Орындаған: Кеңес Айшолпан

5 сынып оқушысы







2013-2014 оқу жылы

Ықылас

(1843-1916) Ықылас Дүкен ұлы атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшылар әулетінен шыққан. Өз әкесі Дүкенде, оның әкесі Алтынбек те асқан қобызшы болған. Қорқыттан қалған дәстүрлі қобыз тартуды қайта жаңғыртып, жандандырған. Ықыластың күй өнері Ашай, Әйкен, Сүгір сынды шәкірттері арқылы жалғасын тапты. Ертеден келе жатқан қобыз үнін бүгінге жеткізушілердің бірі болған. Ықылас - «Айырауық», «Аққу», «Асан қайғы», «Ерден», «Бозторғай», «Қасқыр», «Саржан төре» сынды күйлер қалдырған ірі композитор.



© 2010-2022