Түркістан Мағжан Жұмабаев. Әдебиеттік оқу пәні бойынша. (4-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Түркістан Мағжан Жұмабаев. Әдебиеттік оқу пәні бойынша. (4-сынып)Т.Рысқұлов атындағы №9мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп












Әдебиеттік оқу 4 «Б» сынып


Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев

«Түркістан»

Мұғалімі: Сманова Жамила Дастанқызы

ТАЛҒАР 2015жыл

Түркістан Мағжан Жұмабаев. Әдебиеттік оқу пәні бойынша. (4-сынып)

Сабақтың тақырыбы : Мағжан Жұмабаев

«Түркістан» өлеңі

Сабақтың мақсаты :

а) білімділік: Жарық жұлдыз бөлімі туралы түсінік беру. Мағжан -Абай поэзиясын жалғастырушы,ұлтын сүйген ақын екендігін таныту. Өлеңдеріндегі ұлттық рух, еліне деген сүйіспеншілік тің жырлануы.

ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау , танымдық қабілеттерін

қалыптастыру, шығармашылыққа баулу

б) тәрбиелілік:Елжандылыққа , ұлтын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі : Баяндау, сұрақ-жауап,

СТО « Екі жақты күнделік», «топтастыру»

Сабақтың типі : Жаңа ұғымды меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Мағжан Жұмабаев шығармашылығы,

ақынның өлеңдер жинағы, ақын туралы

естеліктер (буклет), мультимедия

Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру. Психологиялық сәт.

(Сыныпты топқа болу. 3 топтың белсенді қызметі арқылы орындалатынын хабарлау)

2. Үй тапсырмасын пысықтауға арналған сұрақтар.

Өтілген бөліміндегі өтілген тақырыптарға шолу,әңгімелету.

Тапсырма:

"Білім"

1- топ Мына мақалдар қай мысалға сәйкес келетінін тап.

1.Бірлік болмай ,тірлік болмас.

2.Күлме досқа келер басқа .

2- топ Суреттерге қарап ,оларға қатысты мысалдардың және кейіпкерлердің атын ата.

Түркістан Мағжан Жұмабаев. Әдебиеттік оқу пәні бойынша. (4-сынып)

3- топ Қарабатыр», «Әйел -Ана» ертегілерінің халық ертегісінен қандай айырмашылығы бар екенін айт.

Талданғаннан кейін, жаңа сабақ түсіндіріледі.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,

Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?

Бұл кімнің өлеңі?

ә) Мағжан кім? Ол қандай ақын, оның қандай өлеңдері бар?

Мағжан Жұмабаев-қазақтың аса дарынды ақыны. Тұңғыш өлеңдер кітабы «Шолпан» деп аталады.

Ақынның халқымыздың өткен өмірі туралыжазған «Түркістан» өлеңімен танысамыз.

Мағжан Жұмабаев
"Түркістан" өлеңі

Түркістан Мағжан Жұмабаев. Әдебиеттік оқу пәні бойынша. (4-сынып) Түркістан Мағжан Жұмабаев. Әдебиеттік оқу пәні бойынша. (4-сынып) Түркістан Мағжан Жұмабаев. Әдебиеттік оқу пәні бойынша. (4-сынып)

«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жекелеген шумақтарына түсінік беру.

Түркістан - екі дүние есігі ғой,

Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған.

Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен ,

Тұранда ер түрігім туып - өскен.

Тұранның тағдыры бар толғымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Арыстан елге Отан болған Тұран,

Тұранда қазағым да хандық құрған.

Қазақтың қасқа жолы - Қасымханы,

Бұл Тұран ежелден-ақ Алаш жері,

Тұрансыз тарқамаған алаш шері.

Тұранның топырағында тыныштық тапқан

Алаштың арыстаны - Абылай ері.

Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады. Түркістанға, Тұранға оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет өрнек, сурет жасаған.

Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран - тұтас түндік, бәрі - түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған.Ақын тарих қойнауына терең үңіледі.

Өлеңді 2-3 оқушыға мәнерлетіп оқыту. Өлеңнің мазмұны мен идеясын оқушылардың біліктілік дағдысы арқылы айқындау.

Өлеңге жоспар құру.

  1. Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.

  2. Тұран жері - түркілер елі.

  3. Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік.

  4. Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.

  5. Туған жер - тұғырың.

"Түсіну"

1- топ Мағжан Жұмабаев туралы бес жол өлең жаз.

2- топ Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңдар

3- топ Қазақ хандығы туралы қысқаша әңгіме жаз.

Қорытынды.

Ақынның жастарға деген сенімінің ақталғанын бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның жастарының шыққан биігінен көруге болатынын,

Тәуелсіздік үшін күрес те қазақ жастарының арқасында нәтижеге жеткенін айта отырып қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма : Өлеңді жаттау.


© 2010-2022