Мерекелік кешҰнатамын күзді мен ( бастауыш сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу. Табиғаттысүюге,табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін дамыту.Табиғат-ананың адамдарға берген сый-сияпаттарын сезіну.Еңбек адамдарына құрмет тәрбиесі. Көрнекілігі:слайд-шоу «Күз сыйы»,жұмбақтар,ойынға арналған өлеңдер,

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Жүргізушілер сахнаға шығады.

Әлішер:Қош келдіңіздер ата-аналар!

Назерке:Армысыздар ұлағатты ұстаздар!

Еркежан: Бармысыздар жас достар!

Хормен: Берекелі, мерекелі Алтын күз құтты болсын!

Назерке :Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық.

Хормен: Қуан!Шаттан! Алақай!

Еркежан:Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Назерке :Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Мектептегі дәстүрлі .

Мерекеміз бұл да бір. Берекесін сыйлауға , Өлкемізге күз келді. Күздің тойын тойлауға , Шақырамыз сіздерді!

Әлішер:Қыздар ,қалай ойлайсыңдар күз деген жауған жаңбыр, қайтқан құс.Күн де суық. Менше күз деген қуанатын мезгіл емес. Маған қар лақтырып ойнайтын қыс ұнайды.Қыста Аяз ата келеді, қызық емес пе?

Еркежан:Жоқ,біз сенімен келіспейміз.

Назерке:Күз туралы сенің пікіріңді осы кеште өзгертеміз.

Еркежан:Қане, сахнаға мектебіміздің 4 «а» сынып оқушыларын шақырамыз.Олар өлең оқудың шебері екенін ауданымызға танытып жүрген оқушылар.

Назерке:Қарсы алыңыздар!

Еркежан: Күз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлык, молшылық, жеміс - жидек пісіп жетілуі.

Назерке: Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.Қалай, Әлішер, күздің жомарт, байлық, береке екеніне көзің жетті ме? Әлішер:Ханшайымдар,сендердің қолдарыңнан күзгі көрніс көрсету келе ме?

Еркежан:Әрине.Сахнаға «Бал бала 2015» облыстық байқаудың жеңімпаздарын шақырайық.Қарсы алыңыздар!

Еркежан:

Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын. Көңілдің серіппелі күйін ашсын. Бақ пен шаттық біздерге қатар қонып, Береке бірлікпенен ортақтассын. Назерке:Кезекті әнге берейік.Сахнаға 2 «А» сынып оқушыларының әншілерін шақырамыз. Еркежан:Қарсы алыңыздар! Әлішер: Қыздар, маған ән де, көрніс те емес ойын ойнағым келіп тұр.

Еркежан: Әлішер, сенің ол тілегіңді де орындауға болады.

Назерке: «Ұйқасын тап!» ойынын ойнаймыз

Еркежан: Тақ-тақ-тақ (аяқ тарсылдатады)

Айтамыз біз не? (тақпақ)

Назерке: Рақ-рақ-рақ (қол шапалақтап)

Күзде түсер не? (жапырақ)

Еркежан: Қол-қол-қол (қол бұлғайды)

Күзде егін (мол)

Назерке: Тоқ-тоқ-тоқ (аяғын тақылдатады)

Шыбын-шіркей (жоқ)

Әлішер: Қане,менің достарым!

Ән айтыңдар бақытты!

Молайтыңдар шаттықты!

Еркежан: Көкөністер мен жемістердің айтысын тамашалайық.Сахнаға 3 «А» сынып оқушыларын шақырамыз.

Назерке: Қалай, Әлішер, күздің жыл мезгілдерінің ішіндегі ең жақсысы екеніне көзің жетті ме?

Әлішер: Мен үшін әлі де бір нәрсе жетіспейтін сияқты.

Еркежан: Таптым, онда күзгі жапырақтар биін тамашалайық.Өзіңнің де көңілің көтеріліп қалары сөзсіз.

Назерке: Сіздердің назарларыңызға 2 «Ә» сынып оқушыларының «Күзгі жапырақтар» биін ұсынамыз.

Назерке:Қарашы далаға,

Реңі сары ала.

Пісті алма албырап,

Сарғайды бал құрақ.

Еркежан: Аспанда қаптаған

Бұлт тыным таппаған.

Жөңкіліп көшеді,

Суық жел еседі.

Әлішер: Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген

Ұнатамын күзді мен.

Еркежан,Назерке: Әлішер күзді ұнатамын деді.

Еркежан:Демек, кешіміз де мақсатына жетті

Әлішер:Келіңдер бәріміз бірігіп «Алтын күз» биін билейік.

Еркежан Алға бастар жалын бар,

Назерке: Аман есен болыңдар.

Әлішер:Жасайды той халқымыз,

Хор: Жаса! Жаса! Алтын күз!



© 2010-2022