Әдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптерінен

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Әдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптерінен

Күні:

15. Сабақтың тақырыбы: Қайраттың жазу дәптерінен

Сабақтың мақсаты: 1. Егемендік, Тәуелсіздік туралы ұғымдарын кеңейте отырып, еліміздің қасіре-тіне айналған желтоқсан көтерілісі мен оның құрбандары болған аға-апалары туралы түсінік беру;

2. Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыра отырып, ой-өрістерін, білім-білік дағдыларын арттыру;

3. Оқушылардың өз Отанына деген мақтаныш сезімдерін туғызыу, патриоттық тәрбие беру;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, т.б. Жаңа технология: интерактивті тақта;

Көрнекілігі: Слайд суреттер, тірек-сызбалар, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа дайындау;

  1. Үй тапсырмасын тексеру: «Ақша қар» өлеңін жатқа сұрап өту;

  2. Жаңа сабақ:

  • Сонымен қар қай кезде жауады екен? Ал, қыста қандай мерекелер бар? - І слайдпен жұмыс жүргізу;

  • Тәуелсіздік деген сөз нені білдіреді?

ІІ - ІІІ слайдтар:

  • Слайдтағы сөздерді оқи отырып, Желтоқсан оқиғасы туралы түсіндіру;

ІV - V слайд:

  • Бұл оқиғаны Тәуелсіздікпен ұштастыра жазған белгілі ақын Тұманбай Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңіне үңілейік. (Өлеңді оқытып мағынасын ашу)

  • Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталған? Бұл күн қандай мереке?

  • Ақын неліктен бұл күнді елдің есінде ерекше боп мәңгілік қалады деп жазған ?

  • Иә, әрі Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесін атап өтіп жаттсақ, әрі желтоқсан құрбандарын еске аламыз.

VІІ - ІХ слайдтар:

  • Олай болса біз де желтоқсан көтерілісінің құрбандары болған қаһармандармен танысайық

Әдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптерінен

Қайрат Ербол Ләззат Сәбира

  • Міне қазақтың осындай өрімдей жас ұл-қыздары өз елі үшін, елінің намысы үшін жанын қиып, ерлік көрсеткен екен.

VІІІ слайд:

«Есіңе сақта» мәтінін оқи отырып, Қайрат Рұсқұлбеков туралы қосымша мағлұматтар беру

Қайсар ұлдың туған жері мен ата-анасын таныстыру

  1. Оқулықпен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқып, талдап, түсіндіру;

- Мәтінде қорқақтық туралы не делінген?

- Қ.Рұсқұлбековтің асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсың? Қайратты қандай адам деп ойлайсыңдар?

  1. Оқу түрлері: а) мәтінді іштей оқыту; ә); мәнерлеп оқыту

  2. Сергіту сәті: Үнтаспадан «Желтоқсан желі» әнін тыңдату;

Х слайд:

  • Сол күндердегі көтерілістің басында жүрген Қайратты түрмеге қамап, тергеуге алып, жазықсыз жала жауып, ұрып-соғып, қорлық көрсеткен екен. Сол кезде ол:

Қайрат деген атым бар, Еркек деген атым бар.

Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар - деп қасқайып қарсы тұрған екен.

  • Енді осы қайсар әрі батыр ағаларың Қайраттың жан тебірене жазған жан сырына үңіліп көрейік:

ХІ слайд:

  • Міне, осылай жаны тебіренген Қайрат түрмеде белгісіз жағдайда қаза болған екен.

  • Ал осы Қайратты қандай адам деуге болады?

ХІІ слайд:

Қайраттың ерліктеріне сипаттама беріп сызба -тірекке түсіру;

  1. Дәптермен жұмыс:

  • Балалар, осы Қайраттың жазу дәптеріндегі жазбасына не деп баға беруге болады?

  • Олай болса, осы сөздерді көшіріп жазып алайық.

  1. Қорытынды:

ХІІІ - ХІХ слайдтар арқылы Тәуелсіздік алуына зор үлес қосқан Қ.Рұсқұлбеков жайлы әңгімелей отырып, жұмыстар жүргізу, Елдің осы уақытқа дейінгі жетістіктеріне қысқаша мәліметтер беру;

  1. Үйге тапсырма: Өлеңді, мәтіндегі сөздерді жаттап келу; Қайрат туралы мәліметтер беру;

  2. Бағалау

Күні:

16. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Қасым Аманжолов

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңді оқыта отырып, өз елінің намысты, жігерлі халық екенін таныту, өлеңнің негізгі ойын, тәрбиелік мәнін ашу;

2. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, салыстыру, қорытынды жасау, пікір айту арқылы сөздік қорларын дамыту;

3. Өлеңнің негізгі мазмұнын түсіндіре отырып, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, т.б.

Көрнекілігі: Суреттер, тірек-сызбалар, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа дайындау;

  1. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен сабақтағы өлең мен мәтінді жатқа сұрап, әңгімелету;

  2. Жаңа сабақ:

Мотивациялық - бағдарлау кезеңі: Мәтін кейіпкері кім еді? (Қайрат)

  • Қайратқа қандай мінездеме беріп едік?

  • Иә, ол өте намысты, қайратты, жігерлі болатын. Қазақ баласының бойындағы намыс, жігер деген асыл қасиеттер сонау ата-бабамыздан қанымызға сіңген қасиеттер. Осындай өршіл, намысты ұл-қыздарының арқасында бүгінде қазақ елі Тәуелсіз мемлекет болып, өз алдына «Қазақстан мелекеті» деген ел болды.

Суреттермен жұмыс: Қазақстан жерлерінің суреттерін тамашалату;

  • Қазақстан жері қандай екен? (өз ойларын айтады)

  • Ал, балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашып алу үшін мына ребусты шешейік:

Әдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптеріненӘдебиеттік оқудан ашық сабақ Қайраттың жазу дәптерінен

- Қазақстан деген сөз шықты. Қазақстан туралы не білесіңдер? (оқушылар өз білетіндерін ортаға салады)

- Біз бүгін қазақтың ақын ұлы, Қасым Аманжоловтың «Қазақстан» деген өлеңімен танысамыз.

Қасым Аманжолов - Қарағанды облысының, Қарқаралы өңірінде дүниеге келген екен. Өзінің аз ғана ғұмырында ұрпаққа үлгі болар көптеген өлең жырлар жазып кеткен.

4. Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып, әр шумақтарын тоқталып, талдап, түсіндіру;

- Өлең не туралы жазылған? Қазақстанның қай жері жырға қосылыпты?

- «Сен бақытты, атам қазақ баласы» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

- Өлеңде қазақ халқының қандай қасиеттері жырланыпты

Сөздік жұмысын жүргізу

5. Оқу түрлері: а) Өлеңді оқушыларға іштей оқыту;

ә) Шумақтап бөліп оқыту; б) Тауып оқыту;

  1. Сергіту сәті: үнтаспадан Е.Хасанғалиевтің«Атамекен» әнін тыңдату ,

  2. Дәптермен жұмыс:

Өлеңде ақын қолданған сөз тіркестерін сызбаға түсіру:

... ... ... құл ....

... жеріміз ... қазақпыз азат ... ... намысы ... жанбыз


  1. Бекіту: «Сиқырлы сөздер» ойыны:

- Осы сиқырлы әріптерді орнына қойсақ сөз шығады екен, кәне, шешіп көрейік:

Жауаптары: АБАЙ, ЫБЫРАЙ, ШОҚАН, АХМЕТ, ЖҮСІПБЕК

- Бұл есімдер сендерге таныс па? Олар жайлы не білесіңдер? (балалар өздері білетін мағлұматтарын айтады)

- Бұл есімдердің бүгінгі өткен тақырыпқа қандай қатысы бар?

- Қазақ халқының болашағы үшін аянбай тер төгіп, келешекке зор үміт артқан бұл адамдардың еңбегі ерен. Бүгінде Қазақстанның осындай ел болып, көркеюіне қосқан үлестері зор.(әрқайсысына жеке тоқталу)

8. Қорытынды:

  • Ақын өлеңінде Қазақстанды қалай суреттеген?

  • Бұл өлең адамға қандай көңіл-күй сыйлайды? Ақын неге қуанып-шаттанады?

  • Мына суреттердің осы өлеңге қатысы бар ма? Дәлелдеңдер ( суреттер арқылы сабақты қорытындылау;)

  1. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу; 10. Бағалау



© 2010-2022