«Қыз еркем -анасымен көркем»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қыз еркем, анасымен көркем»

Сабақтың мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.

Көрнекілігі: Мақал- мәтелдер, Нақыл сөздер.

Сабақтың барысы: 1-жүргізуші.

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!

2-жүргізуші. Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы 2 «ә» сынып қыздары, бүгінгі сыныбымызда өткелі отырған " Қыз еркем, анасымен көркем " атты сайысқа қош келдіңіздер!

1-жүргізуші Жанұямыз-сәніміз, Отбасымыз-әніміз. Біз бастадық сайысты, Қош келіпсіз бәріңіз!

2-жүргізуші Асыл іс көп халықта, Іле жүрсең құлаққа. Ізденген жетер мұратқа, Ізденуден жалықпа - демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы сұлу аруларымызбен аяулы аналарымызды шақырамыз.

1-жүргізуші Ақ көңілмен, ниетпен, Әділ баға берсін деп, Шаршамай еш жалықпай, Айтқанына көндік деп,

Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар

Әділқазылар алқасы: /Таныстыру/

2-жүргізуші :

Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.

1. «Сәлем - сөздің анасы» /таныстыру /

2. «Бәйге» /сұрақ - жауап/

3. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» / шығармашылық қолөнер/

4. Тіл өнері /жұмбақ, мақал-мәтел/

5. Сұлулық сыры /шаш үлгісі, киім үлгісі/

1-жүргізуші :

Жалын болып жанайық, Әсем әнге салайық. Сайыскерлер күтіп тұр Соларменен бір танысып алайық! - деп, сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.

1-Бөлім : «Сәлем сөздің анасы». Қыздар өздерін таныстырады.

2 - бөлім. «Бәйге»

Ақылдылық қыздарға жарасады, Көзі ашықпен бәрі де санасады. Келесі сұрақ - жауап сайысында Сыналар білімі мен парасаты - дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді. Әр топқа 5 -сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.

«Бәйге» І- топ С-27

1. Барлығы 6 кәмпит бар еді. 2 кәмпит тәрелкенің ішінде, қалғандары сауыттың ішінде жатыр. Сауыттың ішінде неше кәмпит?

2. Жуан дауысты дыбыстарды ата (а, о, ұ, ы)

3. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

4. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

«Бәйге» ІІ - топ С-7

Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгереме? (жоқ) Сөйлем неден құралады? (сөз) Есту мүшесі (құлақ) Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)

«Бәйге» І- топ С-27

Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

Мәтін дегеніміз не? (жазбаша және ауызша ойды жеткізу)

Судың қатты күйі (мұз бен қар)

Сумоншақтың орысша атауы (бисер)

«Бәйге» ІІ - топ С-7

Көпбұрыш дегеніміз не? (Тұйықталған сынық сызық)

Тақырып дегеніміз не? (мәтін атауы)

Ауаның пішіні (жоқ)

Бағалы металл (алтын)

«Бәйге» І-топ С-27 1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? (бірдене жайында хабарлау мақсатында айтылаған сөйлем) 2. Алма 8 жаста, ал інісі 5 жаста. Алма інісінен неше жас үлкен? (3 жас) 3. Сипап сезу мүшесі (тері)

4. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)

«Бәйге» ІІ-топ С-7

1. Қарындаш 10 теңге, ал дәптердің қабы одан 2 теңге арзан тұрады. Дәптердің қабы неше теңге тұрады? (8 теңге)

2. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіретін сөздер)

3. Өлі табиғаттарды ата (күн, ауа, су, тас)

4. Табиғи жүнді неден алады? (ешкі, қой)

«Бәйге» І-топ С-27

1. Мектеп жанындағы лагерьде 50 ер бала, ер балаларға қарағанда 10 қыз кем демалды. Мектеп жанындағы лагерьде неше қыз демалды? (40 қыз)

2. Етістік дегеніміз не? (заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз)

3. Тірі табиғаттарды ата? ( адам, өсімдік, жануарлар)

4. Киізге ою - өрнек басып жасалған кілемше (тұскиіз)

«Бәйге» ІІ-топ С-7

1. Әжейде 8 кг ұн болады, ол 2 кг ұнды бауырсақ пісіруге жұмсады. Неше килограмм ұн қалды? (6)

2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? (жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем)

3. Балық немен тыныс алады? (желбезек)

4. Түксіз кілем (алаша)

3 - бөлім. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» .Өз өнерлерін көрсету.

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымызға кезек берелік.

4-бөлім. «Тіл өнері» Қыздар жұмбақтың шешуін табады, ал анасы сол жұмбаққа мақал-мәтел айтады.

Ал, қанеки, қыздар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық - дегендей жұмбақ шешіп көрейік.

1-топ 1. Бар екен дүниеде жалғыз көзді, Сол көзбен дүниенің бәрін кезді. Әлемді он сегіз мың киіндіріп, Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық қазғандай.

2. Құрғақ жерде сақтайсың Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам - тұссыз ас.

3.Екі семсер айқасқан, Асыл қайшы пішуге сән, Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық - ішуге сән.

4. Арық ат қарны қабысқан Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз жыртар.

2 - топ 1. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі - там, Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі - нан.

2. Бір сусын бар жұртымда, Ішсең уыз ұртыңда. Бәрі содан шығады, Жылқыда өт жоқ,

Ірімшік май құртыңда. (Сүт) Құста сүт жоқ.

3. Дастарханға шуылдап, Күніне үш жиылар, Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал Жарты сағат жуынар. (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.

4. Қимылдаса қос шебер, Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.

1 - топ 1. Егіз екі қарсы келді, Арасына көк мұз түсе берді, Біреуі жанды, біреуі жансыз. (Айна)

2. Киім деуге жатпайды, Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш)

3. Тап, тап, тап жорға, Табаны жоқ боз жорға. Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе таптырмас. (Ине)

4. Тұмсығы мықты , Қыр мен ойды тегістеп шықты. (Үтік) Ісмердің бүлдіргенін үтік жөндейді.

2. - топ 1. Біреуге киін дейді, Ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)

2. Суда туады, суда өледі. (Тұз) Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?

3. Саусаққа киіп ем тобатай, Орақ ұстап әкең қалғанша, Инені жүгірттім оп-оңай. (Оймақ) Оймақ ұстап шешең қалсын.

4. Сүңгіп батып бұл мықты, Бүтіндейді жыртықты. (Ине) Болат біз қап түбінде жатпас.

1- топ 1. Екі басы дөңгелек, екі ұшы сүйір Қиғанға үйір (Қайшы) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. 2. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек) 3.Зерленген құмғанды, Шөмелеге төңкердім (Тақия)

4.Сылдыр сұйық су емес Ішсең сусын қанады. Ақ болса да қар емес, Шешуін кім табады? (сүт) Ақты төкпе, сиырды теп 5-бөлім. «Қыздарға әсемдік жарасады» 1-жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын, Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін? 2-жүргізуші: Келесі бөлім «Сұлулық сыры» деп аталады. Бұл бөлімде шаш үлгісімен киім үлгісін көрсетеді. Ендеше іске сәт сайыскерлер!

7.Қорытынды.

1-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

Марапаттау. Сыйлықтар тарату. І, ІІ, ІІІ орын және 5 номинация 2-жүргізуші:

Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар, Барымен шат-шадымен болыңыздар. Қоштасайық, келесі кездескенше, Әрдайым сау-саламат болыңыздар!

Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!



1-жүргізуші.

а/Ана-өмір қолдаушысы әлемнің Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

2/ Жанұямыз-сәніміз, Отбасымыз-әніміз. Біз бастадық сайысты, Қош келіпсіз бәріңіз!

3/ Ақ көңілмен, ниетпен, Әділ баға берсін деп, Шаршамай еш жалықпай, Айтқанына көндік деп,

Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар

4/Жалын болып жанайық, Әсем әнге салайық. Сайыскерлер күтіп тұр Соларменен бір танысып алайық! - деп, сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.

5/1-Бөлім : «Сәлем сөздің анасы». Қыздар өздерін таныстырады.

6/Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын, Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

7/ Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

8/ Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші. 1/Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы 2 «ә» сынып қыздары, бүгінгі сыныбымызда өткелі отырған " Қыз еркем, анасымен көркем " атты сайысқа қош келдіңіздер!

2/Асыл іс көп халықта, Іле жүрсең құлаққа. Ізденген жетер мұратқа, Ізденуден жалықпа - демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы сұлу аруларымызбен аяулы аналарымызды шақырамыз.

3/ Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. 1. «Сәлем - сөздің анасы» /таныстыру / 2. «Бәйге» /сұрақ - жауап/ 3. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» 4. Тіл өнері /жұмбақ, мақал-мәтел/ 5. Сұлулық сыры /шаш үлгісі, киім үлгісі/

4/Ақылдылық қыздарға жарасады, Көзі ашықпен бәрі де санасады. Келесі сұрақ - жауап сайысында Сыналар білімі мен парасаты - дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап береді. Әр топқа 5 -сұрақ беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.

5/Келесі бөлім «Сұлулық сыры» деп аталады. Бұл бөлімде шаш үлгісімен киім үлгісін көрсетеді. Ендеше іске сәт сайыскерлер!

6/Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар, Барымен шат-шадымен болыңыздар. Қоштасайық, келесі кездескенше, Әрдайым сау-саламат болыңыздар!

7/Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

Жарайсыңдар, қыздар!Рахмет!



© 2010-2022