Сабақтың тақырыбы: 37+7, 44-7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 37+7 , 44-7 түріндегі ауызша есептеу тәсілдері. Сабақтың мақсаты: ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру: өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау: оларды есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.

Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру. Есептеудің жаңа тәсілдері ондықтан аттау арқылы есептеумен тығыз байланысты, сондықтан жаңа тәсілмен таныстырмастан бұрын төмендегідей тірек білімдерін белсендіретін тапсырмаларды орындаған жөн:

  • бір таңбалы сандарды кестелік қосу және оған сәйкес 20 көлемінде азайту жағдайы;
  • бір таңбалы сандардың екі қосылғыштан тұратын құрамы;
  • екі таңбалы сандардың ондық құрамы.
Жаңа материалмен таныстырар алдында мынадай тапсырмаларды орындаған пайдалы: «Санды жақын ондыққа дейін толықтыр (56,78, т.б.); 7 - бұл 4 және неше? Егер 8-ді қосу керек болса, ал біз 5-ті ғана қосқан болсақ, тағы қандай санды қосуымыз керек?» Екі көрші қосылғышты олардың қосындысымен ауыстырып, тиімді тәсілмен есептеуге берілген жаттығуларды орындаған дұрыс:
4 + 8 + 2 28 + 2 + 5

Мынадай тапсырма жаңа тәсілмен таныстыруға дайындайды:

Қосылғыш

37

33

55

84

88

Қосылғыш

3

7

5

6

6

Қосындының мәні

Азайғыш

89

45

56

78

42

Азайтқыш

9

5

6

9

8

Айырманың мәні

Балаларға есептеу тәсілін түсіндіруді және шығаруды ұсынамын.

Жаңа материалды оқып - үйрену.

Бұл жағдай әртүрлі тәсілдермен шешілуі мүмкін.

  1. 37+7=(37 +3) +4 =40+4=44


  1. 37+7= 30+( 7+7) =30+14= 44


  1. 44 -7 =( 44 - 4)-3=40-3=37


  1. 44 -7=30+( 14-7)= 30+7=37

Жаңа білімді алғашқы бекіту. Өтілген материалды оқулықтағы 3- тапсырма арқылы бекітуге болады. Есептеу тәсілін түсіндіре отырып орындау. Жылдам есептеу дағдыларын арттыруға көңіл бөлу керек.

Салыстыру тақырыбына байланысты 4- тапсырманы орындау.

23-9 * 21-3 81- 5 * 93- 5 42 - 8 * 15 + 9

16+ 8 * 34 - 7 77- 8 * 17 + 8 15 + 7 * 63+ 9

7- тапсырманы есептің қысқаша жазылуы бойынша кері есеп құрастыру және оны шығару.

Қорытынды.

Үйге тапсырма: №6 есеп

Бағалау.



© 2010-2022