Тестовая работа по Познанию мира 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тест жұмысы 1 - сынып Дүниетану

Тақырыбы: Өсімдік мүшелері және олардың қызметі

1.Өсімдіктің жер астындағы мүшесі қалай аталады ?

А) сабақ Ә) тамыр Б) бұтақ

2.Өсімдікке қорек беретін қай мүшесі ?

А) тамыры Ә) жапырағы Б) гүлі

3.Өсімдіктің барлық мүшелерін байланыстыратын мүшесі қалай аталады ?

А) сабақ Ә) тамыр Б) бүршік

4.Бұталардың бойы қандай ?

А) биік Ә) аласа Б) ұзын

5. Бұталарда не болмайды ?

А) діңі Ә) бұтағы Б) тамыры

6.Өсімдік тамыр арқылы қайда бекиді ?

А) сабағына Ә) ауаға Б) топыраққа

7.Дұрыс жауапты белгіле : Бұталар - ..............................................

А) гүлдемейтін өсімдік

Ә) барлық жерде өседі

Б) бір түптен қаулап өсетін өсімдік

8.Ағаштың мүшелерінің атауларын тап:

А) тамыры, бұтақтары, жапырақтары

Ә) тамыры, діңі, бұтағы, бүршігі, жапырағы, гүлі, жемісі

Б) тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі

9.Өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайларды тап:

А) топырақ, жарық, су, жылу;

Ә) сабағы, ауа, су, жарық;

Б) ауа, су, қорек, жарық, жылу;


10.Өсімдік тамырдың, сабағының және жапырағының көмегімен не істейді ?

А) қоректенеді Ә) қоректеніп, тыныс алады Б) тыныс алады

11.Бойы аласа, сабағы жіңішке болатын өсімдік тобы қайсы ?

А) ағаштар Ә) бұталар Б) жөптер

12.Шөптекті өсімдіктердің мүшелерінің атауларын тап:

А) тамыры, діңі, сабағы, бұтағы;

Ә) тамыры, бұтақтар, жапырағы;

Б) тамыры, сабағы, гүлі, жапырағы;

13.Шөптекті өсімдіктер қайда өседі ?

А) барлық жерде Ә) тауда Б) сулы жерде

14.Қайсысы шөптекті өсімдік тобына жатады ?

А) емен Ә) жауқазын Б) итмұрын

15.Жеміс неден пайда болады ?

А) гүлден Ә) тамырдан Б) тұқымнан

16.Гүл мен жапырақ неден пайда болады ?

А) сабақтан Ә) бүршіктен Б) бұтақтан

17.Биік болып өсетін өсімдік тобы қайсы ?

А) ағаш Ә) бұта Б) шөп

18.Өсімдік қандай табиғат ?

А) жасанды табиғат Ә)өлі табиғат Б) тірі табиғат

19.Өсімдікке қорек беріп, суды буландыратын мүшесі :

А) тамыр Ә) сабағы Б) жапырақ

20.Бойы аласа, сабағы жіңішке болатын өсімдіктер тобын белгіле:

А) бұталар Ә) шөптекті ағаштар



© 2010-2022