- Преподавателю
- Начальные классы
- Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның 1 модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивті есеп
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның 1 модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивті есеп
Раздел | Начальные классы |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Жангулова А.Г. |
Дата | 28.04.2014 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
[Введите текст] [Введите текст] [Введите текст]
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның 1 модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивті есеп Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері атты үш айлық курстың бірінші кезеңінде 7 модульді қалай қолдану керектігін үйреніп, екінші кезеңде өз сабағымда еңгізуге тырыстым. Менің құрған орта мерзімді жоспарыма сәйкес төрт сабағымда орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні бойынша ОМФИ саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп -лицейінде өткізілді. Бүгінгі таңда басты мәселе боп отырған - жас ұрпақтың сапалы білім алуы. Осы біліктілікті арттыру курсының негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс - тәсілдері жаңа бастама болып отыр. Бұл бағдарлама мұғалімдердің педагогикалық тәжірбиелерін жетілдіру мен бағалауға көмектеседі. Кез келген нәрсені түсіну немесе түсіндіру үшін мұғалімнің өзі оның негізін білуі керек. Балаға жаңа білім бермес бұрын , ең алдымен баланың ынтасын аударар нәрсені білу керекпіз. 4 сабақ беру барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ойын еркін жеткізуге, пікір алмасуға, достық қарым - қатынастарын артуы үшін әр түрлі стратегияларды таңдап алдым және тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне, мемлекеттік стандартқа сай таңдап алдым. Сабақты ең бірінші ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастадым. Осы жұмыс негізіне мен әріптестердің пікірі, психологтың ақыл-кеңесі, сынып оқушыларының өзара қарым-қатынасы, мінез-құлықтары, әуес істері анықталған социограмма қорытындысын алдым. Осы нәтижеге сүйене отырып, сыныпты топқа бөлдім. Менің сыныбым орыс мектебінде қазақ тілі болғандықтан балалардың ауызекі сөйлеу тілі қиынға соқты. Бірінші сабақтың мақсаты оқушылардың өз бетімен жаңа сөздің көмегімен сөздік қорын молайта алуы, тақырыпты өздігінен аша білуі болып табылады. Бірінші сабағымдағы көздегенім «Қалай оқыту керектігін үйретуді» жүзеге асыру және оқыту мен оқытудағы әдіс - тәсілдерді қалай қолдана отырып «Диалог арқылы оқыту». Мектеп тәжірибесіндегі алғашқы сабағым «Көктем» тақырыбы болды. Мен сабағымды бастағанда топ арасында бағалаудың критерияларымен таныстырдым. Бағалау нормасы: «Бағдаршам».
- тапсырманы орташа орындаса (қызыл)
- тапсырманы жақсы орындаса (сары)
- тапсырманы толығымен орындаса (жасыл).
Мен нені білемін?
Мен нені білдім?
Оқушылардың дарынын анықтау мақсатымен оқушылардың есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтау үшін мәтінді өз бетімен оқып, топ ішінде бірнеше сұрақтар дайындады. Осыдан кейін басқа топтарға барып, сұрақтарын қою арқылы, өздерінің жауаптарын толықтырып отырды. Сабағымда жаңа сөздің көмегімен тақырыпқа шықтым. Оқушыларға сабақтың мақсатымен айтқызамын. Ойшақыру барысында сұрақтар беру арқылы үш топқа «Аналардың біздің өміріміздегі алатын орыны қандай?» деген түрткі сұрақ қою арқылы алдымен топта оқушылар өзара сыбырласып, пікірлесіп, бір шешімге келді. Әр топтан бір оқушы топтың ойын жеткізді. Топ ішінен бір оқушы сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады. Сабақ барысында топтарды қайта бөліп, топ алдында «Анама тілейтінім не?» деген тақырыпқа сай сұрақ қою арқылы постер қорғау жұмысын бердім. Топтың ішінде оқушылардың бірлесіп жұмыс істегенін байқадым. Осы сабағымда оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін топ арасында нашар оқитын оқушылар бір - біріне сұрақтар қою арқылы бұрын сөйлемейтін оқушыларым Ермешин Багдан, Исаев Павел өздеріне берілген тапсырманы бойынша сұрақтар қойып, өз бетімен жауап беруге тырысты. Бұрын сабақта елемей отырған оқушымның күнделікті сабағымда қол көтеріп өз ойын жеткізуге тырысты. Ал «қалай оқыту керектігін» оқушы өз бетімен іздене отырды, жауапкершілік пайда болды. Білмеген сұрақтарын топ арасында талқылаған кезде түсініп, білуіне тырысты. Сол кезде мен оқушының қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының өзін - өзі реттеу болып табылатынын анық екеніне көзім жетті. Сабағымда оқушылардың осы «Еркін жауап» кестесі арқылы жауаптарын тыңдағым келді. Әр топ берілген кесте парақты ортаға салады, аналары туралы қысқаша мәлімет береді. Маған ұнағаны орыс сыныптарында оқушылардың еркін сөйлеуіне, қысқаша мағлұмат беруіне көп көмегін тигізді. Осы кестедегі сұрақтарға жауабын толтырар кезде оқушылардың қызығушылығын байқадым, топ арасындағы нашар оқитын, көп сөйлемейтін оқушым Ермешин Багданның анасы туралы айтып беруге ұсыныс жасағанын көргенде қасындағы оқушылардың басқа көзқараспен қарағаным байқадым. Бұл Ермешин Багданның өз анасы туралы толтыру кестесі. Баланың өзіне деген сенімділік, талпыныс пайда болды. Менің анамның аты -жөні Ермешин Лариса Николаевна
Жасы .... 35 шашы ...сары көзі ......көк бойы ......1.68
Кім боп істейді? Есепші болып істейді. Нені жақсы көреді? Анам қымбат сыйлықты жақсы көреді. Мен анама не сыйладым? Мен анама гүл сыйладым. Екінші сабақты жүргізбес бұрын менің тобымның дарынды және талантты оқушылар Құнанбаева Малика, Демьянов Владимир, Габдуллин Эльдар екінші топ оқушыларына бағалау парағына бағалау, бақылаушы болуы қызық екенін айтып, екінші топ окушылары маған келіп, өздерінін де сабақта қатысқылары келетінін айтты. Екінші топ мұғалімі балаларына келешекте бізде жаңа технологиялармен оқитынын түсіндірді. Алғашқы сабағымдай емес оқушыларымның сабаққа деген қызығушылығы артта түскендей. Сабақ басталмас бұрын топ мүшелерінің алдына бағалау парағын тараттым. Критерий бойынша бағалау, ұпай санын жинақтау керек екенін, оқушыларға критерий бағалауын түсіндіргеннен кейін сабағымды бастап, тапсырмалар бердім. Бұл сабақта талантты және дарынды балаларды оқыту модулін басшылыққа ала отырып, талантты және дарынды оқушыларды анықтау мақсатында жұптық, жеке жұмыстар жүргіздім. Сыныпта зерттеу жүргізген кезінде қай оқушының есте сақтауы, білімі өте жоғары. Тақырыпты біліп қана қоймай, оны орындай алатынына көз жеткізе білдім. Оқушылардың дарынын анықтау барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, тапсырмаларды орындап, оқулықтан сұрақтарды қою арқылы жұмыс істеді. Топ арасында сұрақ қою барысында да 1-3 топ, 2-1 топ, 3-2 топ «Миға шабуыл стратегиясын» пайдалана отырып сұрақтардың қойылуы кейбір балаларға қиыншылық туғызды. Бұл жерде оқушының қаншалықты сабаққа дайын екенін бақылауға болады. Сыныптағы дарынды және талантты балалардың есте сақтау қабілеті өте жоғары, олар тақырыпты аша біліп қоймай, ойлау қабілетінің жылдамдылығы, күнделікті сабақтағы мәселені шешеді, тапсырмаларды өз тобында істете алады. оны өздігімен берілген сұрақтар арқылы толықтырып, қосымша материалдарды тиімді пайдалана да білді. Оқушылардың дарынын анықтау мақсатымен оқушылардың есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтау үшін мәтінді өз бетімен оқып, топ ішінде бір - біріне сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдадым. Осыдан кейін жұптасып, топ арасында бір - бірімен сұрақтарын дұрыс жауабын толықтырып, тапсырманы орындаған оқушыларды әртүрлі түсті стикер арқылы бағаладым. Сабағымда бүгінгі тақырыптың мазмұнын түсініп, сұрақтар мен ұстанымдардың негізделуін эертеуге мүмкіндік беру үшін «Ыстық орындық» ойынын өткіздім.Ортаға кезекпен әр топтан бір оқушыдан шақырып, берілген сұрақтарға нақты жауап беруіне қадағалайды. Топ ішінен қай оқушы дұрыс жауап бергенін айтып сол арқылы қол шапалақтайды. Дарынды және талантты оқушылардың ойын, пікірін білу мақсатында топтастыру әдісін алдым. Әр топқа постер тараттым. Оқушылар жылдамдық танытып, кезек-кезек өз ойын жазып шықты. Постердің тақырыбы «Қазақстанда өтілетін мерекелер қандай?». Олар постерді күн сәулесі шуағымен көрсету арқылы көрсетті. Талқылау кезіңде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұрақтарға сүйенді.Бұл жерде оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұл жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Оқушылар өз еліне деген сүйіспеншілігін, мақтан тұтатынын туралы өз ойларын айтты. Жоғарыдағы көрсетілген дарынды және талантты оқушылар өз ойларын ортаға салды. Жасаған постерлерімен танысып, критерийлерге сай бағалады, тілектерін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы стикерлерге жазып, жабыстырды. Сабағымның келесі бір кезеңінде әр жұптың алдында дискуссиялық картаны тастадым. Дискуссиялық картаны қолдану барысында алдымен жұп, содан кейін топ арасында шешіп, әр топтың оқушыларының қызығушылығын ояттым, берілген сұрақтың «иә, жоқ» деп топтар арасында талқылады, мұнда оқушылар сабақта қарастырылғалы тұрған кесте жайлы оқушы не біледі?, не айта алады?. Осы кезеңде қызмет ететін «жұптау», «топтау», «ойлану», «топта талқылау», «түртіп алу» т.б. әдістерді қолдауға болады. Дискуссиялық карта
Иә
жоқ
Халықаралық әйелдер күні 23 ақпан ба?
Әжемнің мерекесі жаңа жыл ма?
Мерекеде анама, әжеме гүл сыйлай ма?
Ініне қуыршақ сыйлайсың ба?
Анаңды жақсы көресің бе?
1910 жылы халықаралық конференция өтті ме?
Онда Клара Цеткин қатысты ма?
Сыныбында ұлдар сыйлық берді ме?
Ресейде Халықаралық әйелдер күні 1914 жылы өтті ме?
Күнделікті оқыту процесінде оқушының өзіне, басқаға сыни көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Оқушылар бір-бірімен ой алмастыру, өз үйрену жолдарын , кесте бойынша біліп үйренеді. Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр - жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Сыни тұрғыдан ойлау модулін басшылыққа ала отырып, оқушылардың көзқарастарын түсініктерін білу мақсатымен, оқушылардың өз ойларын, ойын жинақтап айту, білімге деген құштарлығын, ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Күнделікті оқу процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сыни көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Сабағымның қорытынды кезеңінде «бүгінгі сабақта сен қандай әсер алдың? Сабақ саған ұнады ма? Ұнаса, несімен ұнады? Сабақта мақсатқа жеттік пе?» деген сауалнамалар арқылы оқушылар стикерге жазып, тақтаға жабыстырды, дәстүрлі сабақтарға қарағанда бұл сабаққа деген қызығушылығы артып келе жатқаны байқалады. Оқушылар ұпайларын санап, салыстырып, өздерін - өздері бағалады. Ал өзім бақылау жасадым. Кейінгі кезде үйге берген тапсырманы ұпай алу үшін дайындалып келетін болды. Төртінші сабағымның тақырыбы «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесі» деген тақырып. Оқушылармен амандасу, ұйымдастыру кезеңін өткізгеннен басталды. Әнші Роза Рымбаеваның «Наурыз» әнін қойып, оқушылардан «бұл әнді кім орындады? Өлең не туралы?» деген сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын аштым. Сабақта оқушылар оқыту үшін бағалау әдісін үйреніп қалды. Топты топ арасында 1,2,3,4,5 деп топқа бөлдім. Топ арасында жеке, топтық жұмыстары өтілді. Әр топтан бір бақылаушыны анықтадық. Оқыту үшін (формативті) бағалауды сол бақылаушы оқушылар төрт топтағылар кезек-кезекпен сұрақтар қойды. Бақылаушылар әр сұрақтың дұрыс жауабына бір ұпайдан беріп отырды. Әрбір топтан көшбасшы анықталды топ арасында үлестірмелі карточка таратылды, тапсырма тақырыпқа сай «Наурызда адамдар не істейді?» деген сұрақтар қоя отырып, сөздерді сәйкестіру арқылы сөз тіркестерін жасау. Сабақта оқушыларды мадақтау және ынталандыру жұмыстарын жұргіздім. Осы тапсырма беру барысында Албул Влад деген оқушым сөз тіркестерін сәйкестіру кезінде жауап бергенде біраз ойланып қалды. Сыныптағы оқушылар Владтың жауабын күтпестен қол көтеріп, шулай жөнелді. Мен оқушыларды тыныштандырып, Влад біледі, сендер ешқандай мүмкіндік бермей отырсыңдар деп, Владтың өзіне деген сенімділік беріп, содан ол өз ойын жүйелеп, сөз тіркесін дұрыс таба білді. Менің түсінгенім Владтың бойында сенімділік пайда болды, сабақта бұрын ешнәрсеге бейімделмейтін оқушы жақсы баға алуға тырмысты. Әрбір топқа бірнеше сұрақтар беріліп, бірінші топтан екінші топқа ауысу арқылы топтың жауабын бағалау, ұтымды шыққан екі аспектіні және бір тілек айтты, содан басқанын стикері бойынша талқылады. Оқыту үшін бағалауға ата-аналардың пікірлерінде тыңдадым, балаларымыздың сабаққа деген қызығушылығы артқанын, басқа пәндерге қарағанда қазақ тілін көп оқып, интернет және кітаптардан қосымша материалдар іздеп жатқанын айтты. Оқушылардың АКТ-ны пайдалану барысында «Наурыз мерекесі несімен ерекше» деген тақырыпқа слайд жасап, қорғады. Бұл жерде төрт топқа бөлдім. 1-ші топ «Ұлттық ойындар», 2-ші топ «Ұлттық тағамдар», 3-ші топ «Ұлттық киімдер», 4-ші топ «Ұлттық аспаптар». Оқушылар ойын жинақтап, өткен сабақ бойынша мәліметтерді еске түсіру және топта ынтымақтастық атмосферасын құру негізінде «Миға шабуыл» стратегиясын қолдандым. (жұптық жұмыс). Сабақтың соңында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін «Суық-Ыстық» ойыны арқылы сұрақтар бере отырып, бекіттім. Мысалы: праздник деген сөздің аудармасын қалай?, дұрыс тапса ыстық, дұрыс таппасы суық деп. Рефлексия: «Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім». Оқушылар өз ойларын жазбаша жазу арқылы стикерді тақтаға жабыстырып кетеді.
Диалогтік оқытудың тиімді жақтарын байқадым.
- Сабақ барысынды уақытты тиімді пайдалануға тырыстым. Бұл жерде әңгіме құруға тиімді болады.
- Оқушылар бірін-бірі тыңдап, бір шешімге келеді.
- Оқушылар сыни тұрғыда ойлайды, пікір алмасады.
- Оқушы бір - бірін оқытады.
- Оқушылар топтасып жұмыс істегенде өз ойларын еркін жеткізе біледі, білімдерін тереңдетеді, мұғалімдерге тәуелді болмай, өз білімдерін өздері бағалай біледі.
- Сабақ барысында болған кедергілер.
- Орыс сыныбы қазақ тілінен болғандықтан оқушының сөздік қоры аз болғандығы.
- Сұрақтарды бір тақырып көлемінде ғана қоя алады.
- Сабақтың тақырыбынан аса алмағандығы.
Қолданылған әдебиеттер:
Қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік жоспары.
Қазақ тілі. 6-сынып оқулығы . авторы Артықова Т.М.
Алматы, «Атамұра» 2011ж.
Мұғалімдер үшін басқарма, ҚР оқу бағдарламасы
«Қазақ тілі» 6 сынып, Астана, 2010ж.