«Ботақан» бірінші сәбилер тобы Тақырыбы: Қазақстан - туған жерім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта.

«Ботақан»бірінші сәбилер тобы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: Қазақстан - туған жерім

Мақсаты: 1. Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

2. Еліміздің Елбасымен және мемлекеттік рәміздерімен таныстыру .

3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар:Елбасының портреті, мемлекеттік рәміздер, Әнұран жазылған үнтаспа,қазақ киімін киген қуыршақ.

Қос тілдік компонент:Туған жер - Родина, Әнұран - Гимн, Ту - Флаг

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация-

лық

қозғаушы

Есікті біреу тоқылдатады.

-Балалар қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді.

Қуыршақ: - Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Балалар, сендерде бүгін қызық сабақ болатынын естіп, сендерге қонаққа келдім. Менің атым Айсулу

-Балалар, Айсулудын көйлегі қандай?

-Иә, бұл қазақтың ұлттық киімі

-Басында не киген?

-Оны сәукеле деп атайды

-Қуыршақ келді

-Сәлеметсіңбе қуыршақ!

-әдемі

-бас киім

Іздену ұйымдас

тырушы

Хор: Әнұран.(Балаларға әнұранды айтқанда қалай тұру керектігін көрсету)

-Балалар, мен сендерге сұрақтар қоямын сендер тыңдап «МЕН» деп жауап беріңдер, жарай ма?

-Алтын сәулені сүйетін кім?

-Ата-ананы сүйетін кім?

-Досын сүетін кім?

-Болашағы елімнің кім?

-Балалар, біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Қазақстан Республикасы біздің Отанымыз.

Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер.

Отан ана, Отан үлкен

Қазақстан туған ел.

Қазақстан Республикасында көптеген қалалар бар.

- Біздің бас қаламыз - АСТАНА! (Балаларға Бәйтеректі және тағы басқа Астана қаласының ғимараттарының суреттерін көрсету)

-Біздің президентіміз - Нұрсұлтан Назарбаев атамыз! ( президенттің порттретін көрсету)

-Қане, қайталап айтайықшы

Біздің Отанымыздың рәміздері де бар. (Сурет арқылы көрсету)

Олар: Қазақстан Республикасының ТУЫ

(Әр баланың қолына ту ұстату)

Сергіту сәті:

Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,

Екпіндеген қыран құсты үні бар.

Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай,

Қазағымның желбіреген туы бар!

Тағы балалар, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және Әнұраны бар. Осылардың барлығы рәміздер деп аталады.

-Балалар, біздің ұлтымыз - қазақ . Біз қай тілінде сөйлейміз?

Біздің Отанымызда көп ұлт өкілдері тұрады, қане соларды атап шығайықшы: Орыстар,өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер. Әр түрлі көп ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында тұрады екенбіз.

- Балалар, біздің Отанымыз көркейіп,гүлденуі үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.

Балалар ережеге сай әнұранды орындайды.

-жарайды!

-Мен!

-Мен!

-Мен!

-Мен

Балалар зейін салып тыңдайды

Балалар суреттерге қызыға қарайды

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз!

Балалар,қолдарына ту алып, қолдарын көтеріп,ән ырғағымен қозғалады

-Қазақ тілінде сөйлейміз

Балалар,бірге қайталайды

Рефлексті-

коррекция

лаушы

-Балалар, Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Айсұлу,ал саған ше?

-Қане айтыңдаршы, Отан деген не?

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Біздің бас қаламыз қай қала?

-Президентіміз кім?

-Еліміздің рәміздерін атап беріңдерші

-Біздің ұлтымыз қалай аталады?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Өте жақсы балалар,осының бәрін ұмытпай естеріңде сақтап жүріңдер! Осымен сабағымыз аяқталды.

Қуыршақ Айсұлумен қоштасу


-Иә

-Маған да ұнады,өзімнің Отаным тұралы көп нәрсе білдім.

-Біздің туып өскен жеріміз.

-Қазақстан Республикасы.

-Астана!

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

-Ту, Елтаңба, Әнұран.

-Ұлтымыз қазақ!

-қазақ тілінде

Балалар Айсұлумен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Қазақстан Республикасының Президентін, рәміздерін, өз ұлтын т.б

Қандай түсініктерді игерді: Еліміздің көркеюі үшін көп еңбектенуіміз керек екенін игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз елінің патриоты болуын, басқа ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүру керектігін меңгерді.




Технологиялық карта

«Ботақан» кіші сәбилер тобы

Күні:13.12.2013 ж.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:Менің елім - Қазақстан

Мақсаты:

  1. Қазақстан Республикасы туралы балалардың білімдерін толықтыру.

  2. Сурет арқылы әңгіме құрату, сөздік қорларын жетілдіру.

  3. Отансүйгіштікке тәрбиелеп, өзінің еліне, жеріне табиғатына деген ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Қөрнекіліктер: Ту мен елтаңбаның және Астана қаласының суреті,әнұран жазылған үнтаспа, ұл қуыршақ.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивация-

лық

қозғаушы

Балалар шеңбер жасап тұрады,сол кезде топқа қонаққа қуыршақ Нұрсұлтан келеді.Балалармен амандасады.

-Балалар, қуыршақтың аты,біздің елбасымыздың аты сияқты екен иә?

«Еліміз,жеріміз аман болсын!» - деп бір-біріне тілек айтады.

Әнұранды айтқандағы ережені естеріне түсіру.

Үнтаспаны қосып балаларға әнұранды айтқызу.

Қуыршақ Нұрсұлтанға балалармен бірге отыруды ұсыну

Балалар қуыршақ Нұрсұлтанмен амандасады.

-иә

Балалар әнұран айтады.

Іздену ұйымдас

тырушы

  1. Суретпен жұмыс.

-Балалар, бүгін біз сүйікті Отанымыз, яғни отбасымыз, ауылымыз, қаламыз, өскен ортамыз жайлы әңгімелейміз. Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Әр адамның өз отаны болады.Отан -біздің туған жерімізден, отбасымыздан тұрады.

-Балалар біз қандай Республикада тұрамыз?

-Иә,Қазақстан Республикасында тұрады екенбіз.

Өзіміздің туымыз, елтаңбамыз әнұранымыз бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көк түсті. Тудан қыранды, күнді қөріп отырмыз, қыран белгісі батырлықты білдіреді. Ал Елтаңбадағы шаңырақ «үлкен ортақ үй» деген түсінікті білдіреді. Осындай үлкен жерімізді, елімізді басқарып отырған елбасымыз кім?

-Біздің еліміз бай, өте әдемі. Біз қандай ауылда тұрамыз?

-Иә, балалар Самар ауылында тұрамыз.Самар ауылы қазір өркендеп гүлденіп жатқан ауылдардың бірі болып саналады.

-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

2.Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Жел еседі алдымнан

Кіп-кішкентай балалар2,

Үп-үлкен боп өседі.

Отан - біздің анамыз,

Әлпештеген, өсірген,

Өмір нәрін аламыз,

Оның жұпар төсінен

Балалардың жауаптары тыңдалады

-Қазақстан Республикасындаа



-Қазақстан

Республикасының

Президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Самар ауылында

-Астана -бас қала, әдемі үлкен қала.

Балалар сергіту сәтін жасайды

Балалар өлеңді қайталайды

4.Ойын: «Жылы сөздер». Шарты: балалар шеңбер жасап тұрып, кезекпен бір-біріне жақсы сөздер айтады: Мен Қазақстанда тұрғаныма қуанамын. Менің елімнің табиғаты әдемі. Мен Самар ауылымды жақсы көремін. Отаным - алтын бесігім. Біз бүгін туған жеріміз,еліміз туралы әңгімелестік. Біз әрқашан да өзіміздің Отанымызды, елімізді, жерімізді, табиғатымызды мақтан тұтып, құрметтеуіміз қажет.

«Отаным аман болсын, еліміз аман болсын» т.б сөздерді тәрбиешінің көмегімен бірге қайталап айтады.

Рефлексті-

коррекция

лаушы

Сұрақ-жауап арқылы пысықтау.

  • Балалар, біз қай ауылда тұрамыз?

  • Біз қай Республикада тұрамыз?

  • Біздің елбасымыз кім?

  • Көрдіңдер ме балалар,бізге бүгін қонаққа келген қуыршақ Нұрсұлтанның атын, біздің елбасымыздың құрметіне арнап қойыпты.

Қуыршақ: - Иә балалар, менің атымды әжем қойған. Ол мені өскенде Нұрсұлтан атамыз сияқты ел басқарсын деп, құрметті болсын деп,Халықтың қамын ойлаған азамат болсын деп қойыпты.

-Балалар сендер де өскенде туған жерімізді құрметтеп,халқымыздың қамын ойлайтын азамат боласындар ма?

-Біз Самар ауылында тұрамыз

-Қазақстан Республикасында тұрамыз

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

Балалар қызыға тыңдайды

Балалардың жауаптары тыңдалады

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қазақстан Республикасының рәмідерін біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Суретке қарап 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрай білу дағдыларын игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Отанын, туған жері мен оның табиғаты туралы мағлұматтарды меңгерді.


© 2010-2022