Әдебиеттік оқу. С. Машақов «Мәншүк»/Сабақ жоспары 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: С. Машақов «Мәншүк»
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың Мәншүк туралы білетіндерін жаңа

мағлұматтармен кеңейте түсу.

Өлеңді мәнерлеп, қатесіз дұрыс оқуға

машықтандыру.

2.Өлеңнің мазмұнын ашып,талдауға үйрету.
Оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға, ой - өрісін

дамыта отырып, қорытынды шығаруға

машықтандыру.
3.Жас ұрпақты елін, жерін, халқын қорғай білуге,

азаматтық пен адамгершілікке, Отанға деген

сүйіспеншілікке, ержүректікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Типі: жаңа білім беру.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Көрнекілігі: Автордың, Мәншүктің портреттері,сызбалар, слайд
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.Слайд-1
Қуан, шаттан! Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
ІІ. Өткен сабақты бекіту.

Н.Ғабдуллин «Батырдың мінезі»
- Өткен сабақта кіммен таныстыңдар? Слайд-2
Бауыржан

өжет
қайсар
батыр
тәуекелшіл
Бауыржаннан басқа қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білесіңдер? Слайд-3
(Әлия, Мәншүк,Бауыржан,Нұркен т.б.)

III.Жаңа сабақ
1) Автормен таныстыру. Слайд-4
Сәду Машақов (1906-1995). 27 қарашада Семей облысының Жаңасемей ауданындағы Воскресеновка селосында туған. 1952 жылы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Облыстық «Семей таңы» газетінде (1928-1960) бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Алматы қазақ телеграф агенттігінің аударма бөлімінде аға редактор, 1931-1932 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Семей облысындағы өкілі, Ұлы Отан соғысы жылдарында армияда үгітші-лектор, Калинин майданында шыққан «Алға, жауға қарсы» газетінің редакторы, 1944-1945 жж. Совет Армиясы Жоғары саяси басқармасының аға нұсқаушысы болып қызмет атқарған.

Алғашқы жыр жинағы «Колхоз жыры» деген атпен 1932 жылы жарық көрген. Одан кейін «Балға жыры» (1933), «Жартас» (1934), «Отан үшін» (1938), «Кезеңдер» (1959), «Жылдар мен жолдар» (1962), «Сапарда» (1972), т.б. кітаптары, 1986 жылы «Ақ көңіл» деген атпен таңдамалы өлеңдері мен поэмалар жинағы шыққан.

2) Оқулықпен жұмыс
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру
2. Тізбектеп оқыту.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өлеңнің алғашқы жолдарынан қай уақыт екенін аңғарыңдар?
2. Мәншүктің қолында қандай құрал бар?
3. Оның аты қалай?
4. Мәншүк - кім?
5. Ақын сөздерін пайдаланып, Мәншүктің ер жүректілігін суреттеген жолдарын тауып оқы.
------------------- Өлім қаупінен жасымаған
------------------- Отан үшін шайқасқан
Мәншүк
------------------- Көзінен ұшқан өрттей лапылдаған
------------------- Жаудан тайсалмаған.
3) Сөздікпен жұмыс: Слайд-5
Қаһар - ашу, ыза.
Қатуланған - ашуланған, кектенген
Жасымаған - көңілі босамаған, әлсіздік көрсетпеген
Қауіп - қорқыныш, қатер.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс: 1 - тапсырманы жазу.
Мәншүк Мәметова - пулеметші. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр қыз.

Видеокөрсетілім. «Қазақтың батыр қызы - Мәншүк»

Сабақты бекіту.Слайд-6
1. Мәншүк кім?
2. Қай жылы туған?
3. Неше жасында майданға аттанды?
4. Оның шын есімі кім?
5. Биыл неше жасқа толды?
Бағалау: Смайликтер, жұлдызша арқылы

Үйге: 1) 213-бет, «Мәншүк» өлеңін жаттау.

2) Кесте толтыру, Мәншүкке сипаттама.

© 2010-2022