Сыныптан тыс сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «БАҚЫТТЫ СӘТ» қазақ тілінен интеллектуалдық ойын
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу
Барысы: 1. Мұғалімнің сөзі
- Балалар, бүгін біздің сынып оқушыларының арасында «Бақытты сәт» атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық. Осы сайысқа сынып оқушылары ішінен екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық.
а) Топтармен танысу: ортаға бүгінгі зияткерлік ойынымыздың сайыскерлері «Зерде» және «Зейін» топтарын шақырайық
«Бақытты сәт» интеллектуалдық ойынымыздың өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін:
І - айналым: «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл айналымда оқу бағдарламасының аясында сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
ІІ - айналым: мақал -мәтелдердің жалғасын тап.

ІІІ - айналым: Құрастырма сурет. Бұл айналымда топтарға суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек.
ІV - айналым:»Кім жылдам» ойыны. Қазақ тілінен сөз беріледі. Белгілі уақыт аралығында бірнеше сөз құрастыру керек. Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады.
V - айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Сөзжұмбақты шешу арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.
VІ - айналым: «Анықтама бюросы» деп аталады. Бұл айналымда топтарға әдебиеттік оқу пәнінен тапсырма беріледі, яғни топтар берілген мәтін үзіндісін тыңдай отыра бұл мәтін қалай аталады.

Ал, балалар, енді сайысымызды бастайық, бірінші бүгінгі сайыскерлерімізбен таныстырып өтейік. Сөз кезегін топтарға берсек. Топтардың танысуы
І - топ: «Зерде» тобы Ұраны:

Қалың қауым амансыз ба?

«Зерде» тобы алдыңызда.

Білімімізді көрсетеміз

Бүгінгі білім жарысында.
ІІ - топ: «Зейін» тобы Ұраны:

Көрген, білген, түйгенін

Көкірегінде сақтайтын.

«Зейін» тобы біздерміз

Білім сайысында қалыспайтын.
Мұғалім: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сайыстан тыс қалмаңыздар. Мұнда

қызық табылар Білім нұры шашылар Ақыл, тілі дамыған Үлгі алайық баладан
І - айналым: «Білгенге маржан».
Сұрақтарға жауап беру І - топқа:
1. Өлең жазатын адам кім (ақын)
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді (3-ке қатаң, ұяң, үнді)
3. Сөзден не құралады. (Сөйлем)
4. Аптаның екінші күні (сейсенбі)
5. Оқушының сабақ кестесі, үй жұмысы және білімін бағалайтын оқу құралы (күнделік)

6. Қазақтың ұлы ақыны (Абай)
ІІ - топқа:
1. Дыбыстар нешеге бөлінеді (2-ге дауысты және дауыссыз)
2. Ән айтатын адам кім (әнші)
3. Аптаның үшінші күні (сәрсенбі)
4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді. (2-ге жуан ,және жіңішке )
5. Дүниедегі ең қадірлі адам (ана)
6. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
ІІ - айналым: «Мақал-мәтелдің жалғасын тап »

I-топ:

1. Өнер алды……………қызыл тіл.

2. Әдепті бала -арлы бала

Әдепсіз бала - сорлы бала

3. Қына тасқа бітеді

Білім басқа бітеді.

4.Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ

II-топ;

1.Ақыл- тозбайтын тон,

Білім таусылмайтын кен.

2. Ырыс алды………. ынтымақ.

3.Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей

4.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды

ІІІ - айналым: «Құрастырма сурет» Мұғалім: Тауды биік деме сен Талаптансаң шығарсың. Жауды мықты деме сен Білімді болсаң жығарсың. дей келе, келесі «Құрастырма сурет» атты айналым тапсырмасына назар аударайық. Сурет нұсқасы алдымен сайыскерлерге көрсетіледі, суретте ненің бейнесі берілгендігі анықталады, соңынан берілген фигуралардың

көмегімен сайыскерлер сол суреттің бейнесін шығаруы керек.

ІV - айналым: «Кім жылдам» ойыны. Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек. Ең көп құрастырған топ жеңімпаз атанады.
«Қызғалдақ» - І топ, «Жауқазын» - ІІ топ. «Қызғалдақ» - қыз, ал, дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ «Жауқазын» - жау, ау, қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу,

Сергіту сәті. Жел уледі, уледі у-у-у

Құйын келіп биледі,зу-зу,

Қатты-қатты жел соқты,гу-гу,

Жапырақтар қол соқты,ду-ду,

V - айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр» Топтарға сөзжұмбақ беріледі. Берілген сөзжұмбақ шешімін дұрыс таба отыра жеңімпаз топты анықтаймыз.

І - топқа:
1. Сұйық тамақ ішетін ыдыс (қасық)
2. Сызық түрі (қисық)
3. 4 ондықтан құралған сан (қырық)

4. Сүттен жасалған тамақ (қаймақ)

5. Бас киім (қалпақ)
6. Балық аулайтын құрал (қармақ)

ІІ - топқа:
1. Су көлігі (қайық)

2. Баста орналасқан дене мүшесі (құлақ)
3. Ұлт (қазақ)

4. Су алатын терең қазылған жер (құдық)
5. Көкөніс атауы (қызанақ)
6. Пышақ қайрауға арналған құрал (қайрақ)
VІ - айналым: «Анықтама бюросы» Білімменен тәнті етеді тектілер, Мұратына білім ғана жеткізер. Бар ізгілік тек біліммен алынар, Білімменен аспанға жол салынар. - дей келесі айналымның тапсырмаларына назар аударайық.
«Зерде» тобына:

Сабағы кілең «4» пен «5». Тек есеп сабағына шорқақтау. Кейде ағасына мұңын шағып: Қанша шығарайын десем де, түк есеп шығара алмаймын,- деп қоятыны бар. Бүгін бақылау жұмысынан (Қулық мәтіні. Нұрғали Ораз)

Бала жұмыс қылғысы келмей: «Мен әр түрлі ғылымдар оқып қайттым. Қара қазақтың сөздерін ұмыттым. Тырнауыш деген не нерсе?»-деді.(Оқымысты бала мәтіні Міржақып Дулатов)

«Зейін» тобына:

Шоқан Әубәкір молдадан түрікше хат тани бастады. Әубакір молда Шоқанның қиялшыл, алғыр, ұғымталдығына қызықты. Оған өзі білетін ақындардың шығармаларын оқытты. (оқуға құмарлық. Сапарғали Бегалин Бала шоқан кітабынан үзінді)

Әлден уақытта ауыл төбесі де көрінді. Қартқожа бала күнінде анау қойтастан жуа теруші еді. Әне бір қуыста, бұзауды таба алмай,

шаршап отырып, ұйықтап қалушы еді. (Туған жер Қартқожа раманынан үзінді Жүсіпбек Аймауытов)
Қорытынды: - Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділ қазыларға сөз кезегін берейік. Жеңімпаздарды мадақтау.



© 2010-2022