Әдебиеттік оқу пәнінен қысқы мерзімді жоспар: Ақан сері /4-сынып/

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу пәнінен қысқы мерзімді жоспар: Ақан сері /4-сынып/Әдебиеттік оқу пәнінен қысқы мерзімді жоспар: Ақан сері /4-сынып/Әдебиеттік оқу пәнінен қысқы мерзімді жоспар: Ақан сері /4-сынып/Әдебиеттік оқу пәнінен қысқы мерзімді жоспар: Ақан сері /4-сынып/Әдебиеттік оқу пәнінен қысқы мерзімді жоспар: Ақан сері /4-сынып/Әдебиеттік оқу пәнінен қысқы мерзімді жоспар: Ақан сері /4-сынып/


Күні:

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 А

Сабақтың тақырыбы:

«Ақан сері» Бек Тоғысбайұлы

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу оқулығы, «Алматыкітап» баспасы 2011ж, 33-34 беттер, әдебиеттік оқу әдістемесі 4-сынып, МАН ІІ деңгей.

Сабақтың

мақсаты:

Ақан сері әңгімесімен таныса отырып,мәтінді талдауға,кейіпкерлерге деген өз көзқарастарын білдіруге дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелер:

А. Ақан серінің өмірі мен шығармашылығын біледі және түсінгенін айта алады.

В. Сері адамның ерекшелігін айқындайды және кейіпкерлерге өз көзқарастарын білдіреді.

С. Ақан сері әндерінен үнтаспа - альбом жасайды. Қазіргі заманның серілері туралы пікірлерін айтады.

Оқыту идеясы:

«Өмір - үлкен мектеп», «Өнерлі өрге жүзер».

Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдері:

Диалог арқылы оқыту, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сын тұрғысынан ойлау, формативті бағалау,АҚТ,үнтаспа.

Ресурстар:

«Әдебиеттік оқу» оқулығы, ғаламтор, интербелсенді тақта, Ақан сері потреті, кестелер,суреттер және үнтаспа.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Психологиялық дайындық.

3-мин.

Топқа бөлу. Музыкалық аспаптар бойынша оқушыларды топқа бөлу.

-Қалай ойлайсыңдар, неліктен музыкалық аспаптар бойынша топқа бөліндік? «Домбыра, қобыз, сыбызғы» топтарына бөлініп отырады.

Оқушылар өз ойларын айтады.

І. Білу-7 мин.



«Бұл кім? деп сұрамаңыз» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау.







-Суретте кім бейнеленген деп ойлайсыңдар?



-Ол кім?

Ақан сері туралы білімдерін жинақтау.

-Олай болса, бүгін Бек Тоғысбайұлының «Ақан сері» әңгімесімен танысамыз.









Слайд №1 «Ақан сері» Әдебиеттік оқу пәнінен қысқы мерзімді жоспар: Ақан сері /4-сынып/ Оқушылар автордың портретін көре отырып 5 сұрақ жазады. Әр топтан бір оқушы сұрақтарын оқиды.

Әнші Композитор

Ақан сері

Сері Ақын

Өнерлі Домбырашы
Слайд №1 «Ақан сері»

ІІ. Түсіну-5мин.

Топпен жұмыс:

Мәтінмен танысу.

Мәтін алдын - ала бөліктерге бөлінеді.

Сөздікпен жұмыс.

Шілдехана - нәрестенің дүнеге келу тойы.

Жарату - баптау, дайындау.

Күндеуші - қызғаншақ, көре алмаушы адам.

Поэма - өлеңмен жазылған оқиғалы шығарма.

Топпен жұмыс

Мәтінмен танысу.

3 топ мәтіннің 3 бөлігін тізбектеп оқиды.

ІІІ. Қолдану-8 мин.

Ақан серінің «Құлагер», «Қараторғай» әндерінен үзінді тыңдату.

Жеке жұмыс, топпен жұмыс:

«Болжау кестесі» таратылып беріледі.

Сұрақтар

Жауап тар

1.Ақан сері неліктен әкесі қалағандай ауыл молдасы болмады?

2.Ағайындары оған нені сыйға тартты ?

3.«Қараторғай» атты бүркіті жас кезінде қандай болды?

4.Ақан неліктен ойға батып, қатты тебіренеді?

5.Құлагердің жарысқа қатысуы кімдерге абырой берер еді?

6.Қастандық жасау кез - келген адамның қолынан келе ме? Неліктен?

Оқушылар «Болжау кестесін»

толтырады.

Топта талқылып, 1 оқушы

жазғандарын оқиды.

ІV. Талдау-5 мин.

Жеке жұмыс, топпен жұмыс:

Мәтінді талдауға тапсырмалар:

1 топ: «Ақан сері»

2 топ: «Құлагер»

3 топ: «Қараторғай» кестелерін толтырту.

Мәтінді талдауға тапсырмалар:

Оқушылар алдын-ала дайындалған кестелерді толтырады.

1 топ: «Ақан сері»

2 топ: «Құлагер»

3 топ: «Қараторғай».

V. Жинақтау-3 мин. Топпен жұмыс: 1.Ақан серінің әкесі туралы не ойлайсыңдар? 2.«Қараторғай» әнінің мұңлы болу себебі. 4.Құлагерге жасалған қастандық туралы ойларың?

3.Құлагерге арналған қандай шығармалар жарық көрді? (Ақан сері әні,І.Жансүгіров поэма, «Ас» көркем фильм, ескерткіш)

4.Сері адамның басқалардан қандай ерекшелігі болады?

5.Қазіргі заманда кімді сері адам деп айтар едің?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, сабақта өткен материалды қайталап, білімдерін жинақтайды.

VI. Бағалау - 5 мин Жеке жұмыс: Кейіпкерлерге хат жазу. 1 - топ: Ақан серіге 2 - топ: Батыраш пен Қотырашқа 3 - топ: Құлагерге.

Оқушылар ойларын жинақтап, мәтіндегі кейіпкерлерге арнап хат жазады.

Кері байланыс

4 мин «3:2:1» әдісімен кері байланыс жасату. «3:2:1» әдісімен кері байланыс жасайды.

Бағалау-5 мин. Үйге тапсырма беріледі. 1.Мәтінді түсініп оқу. Мақал-мәтелдер жинақтау.

2.Сері адамның ерекшелігін салыстыру.(Сал-серілердің - әнші-ақындардан өзіндік айырмашылықтарын ажырату). 3.Ақан сері әндерінен үнтаспа -альбом жасау.





© 2010-2022