Конспект урока Әдебиеттік оқу Қожанасыр елінде 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы

4 сынып

Мерзімі

15.09.14

Тақырыбы

Қожанасыр елінде

Мақсаты

Қожанасырдың әңгімелерінен біз өзімізге не аламыз? (Алаңғасарлық, қиялға берілу, шектен тыс армандау сияқты мінездерден бойды аулақ ұстау) Аңыздық кейіпкер Қожанасыр және оның басынан кешкендері туралы не білеміз?

Күтілетін нәтиже

Жұмбақты шешеді. Алдын ала болжайды. Сұрақтарға нақты жауап береді. Қиял- дайды, арманын айқындайды. Мәтіндіоқиды, түсіндіреді, топта талқылайды. Рольге бөледі және оны сахналайды. Қожанасыр және оның басынан өткен қызықты оқиғаларды біледі. Жақсы мен жаманды айыра біледі. Рольге бөледі және оны сахналайды. Сабақ бойынша не білетіндерін, нені білу керектігін кері байланыс парағына түсіреді.

Қажетті құралдар

Әдебиеттік оқу 4 сынып, постер, смайликтер.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Журналдағы тізім арқылы топқа бөлу, оқушылардың бар назарын сабаққа бағыттау.

Амандасады. Топқа бөліну сабаққа дайындық, зейіндерін аударып, ден қою

3 мин


Білу

Жұмбақ

Арман қуып жасынан,

Көктен көзін алмаған.

Байды алдап, мақтанған,

Кедейлерге жақ болған.

Сараң да емес, бай да емес,

Ақшақұмар жан да емес.

Табыңдаршы жанды осы,

Сыйлығым бар тапқанға.

Өлең жолдары кім туралы деп ойлайсыңдар? Неліктен?

-Аты аңызға айналған кімдерді білесің?

Жұмбақты мұқият тыңдап, іштей болжамдарын пайымдап отырды.

Оқушылар ойлана жауап іздейді, пайымдарын жариялайды.

-Аты аңызға айналған Қожанасыр туралы.

Қайта бағыттау сұрақтарына жауап береді. Өз жауаптарына деген сенімділік пайда болады.

-Алдаркөсе, Желіаяқ.т.б

5 мин


Түсіну

және

қолдану

-Қожанасыр өзінің қандай ісімен ел аузында аңызға айналды деп ойлайсың?

-Қожанасырға қандай мінездеме берер едің?

1 Тақырыпқа сәйкес постер құруға тапсырма береді.

2. Бейне материалдар көрсетеді


-Ол үнемі халықтың жағдайын ойлап жүрді. Ол кедейлерді аштықтан сақтап қалу үшін аң аулап, тағы да басқа қулықтар жасады.

Оқушылар қол көтереді, жауаптарын айтады. Бір -бірін толықтырып лтырады

-Ақылды, айлакер, сөз тапқыш т.б.

10 мин

Критериалды бағалау

Талдау


1-тапсырма: «Алдын ала ауызша болжау» әдісі

-Қожанасыр жұмыртқаны неліктен жарып алды?

-Қожанасыр қандай кейіпкер?

-Қожанасырдың қиялының орындалмауынауына не себеп болды?

-Ал сен өзің қиялдай аламысың? Нені? (Жәй әуен ес

тіледі Көзімізді жұмамыз. Қиялға берілеміз. Не елестеттік?)

-Орындалмайтын армандарың бар ма?

2- тапсырма: Әр топқа бір мәтіннен беремін.

1)Мәтінді жеке оқисыңдар. (1-минут)

2)Топта талқылайсыңдар. (3-минут)

3)Диалог түрінде яғни,

\

рольдерге бөліп оқып шығыңдар.(5-минут)

4)Сахналаңдар (Көрініс құрыңдар.5-минут уақыт беріледі)

1. Топтар постер дайындап, оны қорғайды

2.Бейне материалмен танысып , алған білімдерін қорытындылайды.

3. Алған білімдері бойынша суретпен жұмыс жүргізеді.

1.Берілген тапсырмадағы қателерді тауып, ойларын дәлелдейді.

5 мин










14 мин

Бірін-бірі бағалау


Жинақтау

- Қожанасыр өзінің қандай ісімен ел аузында аңызға айналды деп ойлайсың? (Ол ержүрек батыр сияқты соғысқа аттанып, жауды деңді ме, әлде бүкіл ауылды аштықтан құтқарып қалу үшін аң аулады ма екен?)

-Мәтіндегі қиялын Қожанасыр іске асыра алады дегенге сенер ме едің?

Берілген шыңармашылық жұмысты топпен талдайды,жазады,дәптерге жазады.

3мин

Стикерлер арқылы бағалау

Бағалау

Үйге тапсырма

Критерийалды бағалау парағы бойынша оқушылар білімін бағалайды,

Жетістіктерді бағалайды

Үйге тапсырма береді

Өзін-өзі бағалауды жүргізеді

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады

3 мин

Формативті бағалау

Рефлексия

«Бас бармақ» ойыны.

Егер сабақ ұнаса бармақты жоғары қарай...

Орташа болса көлдеңен....

Ұнамаса төмен қарай... көрсетиндер.


2 мин




© 2010-2022