Сенің отбасын (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Күлшін ауылы, Ключев орта мектебі

Дүниетану 1 сынып Айтжанова Б.Ж.

Сабақ тақырыбы: Сенің отбасын

Сабақ мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы түсінігін кеңейту. Мен-біз, менікі-біздікі, деген сөздердің мағынасын ашу. Топпен, жұппен жұмыс орындау арқылы өз ойын ащық айтып жазу дағдысын қалыптастыру .

Сабақ әдісі: Ой қозғау, жұппен оқыту, топтастыру. 5 жол өлең.

Сабақ барысы: Психиологиялық дайындық. Бір үйде нешеуміз?

Кел санайық екеуміз

Бас бармағым әкем

Балаң үйрек шешем

Ортан терек ағам

Шілдір шүмек мен

Кішкентай бөбек сен

Қызығушылығын ояту: Санамақ не туралы айтылады? Ата-ана қызметі туралы не білесіңдер? Жеке, жұппен, топпен жұмыс орындаймыз. Әр топтан бәр спиккер келіп дәлелдейді.

Мағынаны тану: Міне, ата-ана бізге осындай қызмет етеді екен. Оны біз қадірлей білейік. Бүгін біз « Сенің отбасын » атты мәтінмен танысып, жұппен, топпен жұмыс орындаймыз.

4 топқа бөлу. Әр топ жұппен оқиды. Әр топта 4 оқушыдан. Әр бала мәтінді өздері оқиды. 1) 1-ші оқушы 2-ші оқушыға оқиды. 2) 3-ші оқушы 4-ші оқушыға оқиды. 3) 1-ші оқушы 3-ші оқушыға оқиды. 4) 2-ші оқушы 4-щі оқушыға оқиды. Оқып болған соң керісінше 1) 2-ші - 1ші оқушыға оқиды. 2) 4-ші - 3-шіге оқиды. 3) 3-ші - 1-шіге оқиды оқиды. 4) 4-ші - 2-шіге оқиды.

Осы оқығаның ортаға шығып өз сөздерімен ойларын жеткізеді.

Ой толғаныс: 5 жол өлең. Отбасы

Қаңдай? Тату, ұйымшыл.

Не істейді? Көмектеседі,тыңдайды, қадағалайды.

Әр отбасы тату тұру керек.

Жанұя от басы мүшелері

  • Ата - ақылшы

  • Әже - мейірімді

  • Ана - қамқоршы

  • Әке - асыраушы

  • Бала - тәрбиеленуші

Үйге: Эссе « Менің отбасым »



© 2010-2022