Ашық сабақ қазақ тілі Етістік4-класс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сельбаева Жанагул Елтаевна

Ақтөбе қаласы №51 гимназия

Бастауыш класс мұғалімі

Пәні қазақ тілі

Класы 4 класс

Сабақтың тақырыбы: Етістік

Сабақтың мақсаты: Тірек-сызбаны басшылыққа ала отырып, өз бетінше жұмыс жасау.

2,3-сыныптарда өтілген «Етістік» тарауы бойынша білімдерін

жаңғырту.

Сабақтың міндеттері: а) Ғылыми ұғымдарды оқу әрекетімен шұғылдану арқылы өз бетінше ізденіп, оқушы білімін жаңғырту.

ә) Оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

б) Ғылыми ойлауын және өтілген ұғымдарға байланысты талдау

жұмыстарын жасай білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: білімді пысықтау

Сабаққа қолданылатын әдіс-тәсілдер: талдау-жинақтау, зерттеушілік материалданған әрекет және сөйлеу әдісі, сұрақ-жауап, өз бетінше әдіс, ойын.

Сабақтың құралы: тірек-сызбалар, оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Ынта-зейіндерін сабаққа бағыттау.

ІІ. Психологиялық дайындық.

«Актерлар» тренингі.

1.Жаңбыр астындағы бала

2.Күнге қыздырынған тауық

3.Балапандарын жемге шақырған тауық

ІІІ. Қайталауға арналған тапсырмалар.

Балалар, бүгін біздер етістік туралы білімімізді ортаға салмақпыз. Жалпы «етістік» деген сөздің мағынасы қандай?

Ету, істеу, белгілі бір қимылды білдіреді.

Ойландыратын сұрақтар:

Оқушым, 2,3-кластарда етістік туралы оқыдың. Мына сызбаға қарап етістік туралы есіңе түсіріп, талдап айтып бер.

Негізгі және туынды етістік деген не?

Туынды етістік қалай жасалады? Туынды етістік қандай сөз таптарынан жасалған?

Дара және күрделі етістік дегеніміз не?

Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не? Болымсыз етістіктің болымды етістіктен қандай ерекшелігі бар, олар қалай жасалады?

2) «Тез тауып, бөгелмей айт!» ойыны. Шарты: Мұғалім төмендегі зат есімдерді бір-бірлеп оқиды. Балалар оларға әр түрлі етістіктер тіркеп, бөгелмей айтып отырады.

Жел. Күн. Найзағай. Қой. Қоңырау. Палуандар. Радио. Тапсырма. Кино. Жиын.

«Қай дыбыс жетпей тұр?» негізгі етістік болу үшін мына буындарға қай дыбыс жетпей тұр?

Ша-ша, шы-шы, та-та, е-е, , о-ы, то-та, бе-і

(р, шарша, м,с,л,қ,қ,к)

Мына өлең жолдарында неше етістік бар?

Біресе шалқып, шаттанды

Сөйледі, күлді сыңқылдап,

Біресе қызып күйінді

Күрсініп, уһлеп, ыңқылдап. (С. Сейфуллин)

«Кезекпе-кезек» ойыны. Шарты: Ойынға қатысушылар бір баланы бақылаушы етіп сайлайды. Ол ойынға екі баладан шығарып, олардың жауаптарын бақылап, соңында қорытынды жасайды. Ойынға шыққан бірінші бала болымды етістікпен келген сөйлем айтады. Екінші бала оны болымсыз түрге қайталап айтады. 4-5 рет қайталаған соң рөлдерін ауыстырып кезектеседі.Осы ретпен әрі қарай басқа балалар жалғастыра береді.

3) Оқулықтағы жаттығулармен жұмыс.

4) Төмендегі үлгіге қарап, етістік сөзін етістіктің барлық түріне талдауды үйрен:

- Оқы. - негізгі ме, туынды ма?

- Негізгі, себебі түбір сөзден жасалған.

- Оқы. - дара ма, күрделі ме?

- Дара, себебі бір сөзден жасалған.

- Оқы. - болымды ма, болымсыз ба?

- Болымды, себебі іс-әрекеттің болуын қалап тұр.

Төмендегі мәтіннен етістіктерді тауып, талда.

Түн бойы жортқан Көкжалдың бүгін де жолы болмады. Аш. Ашулы. Желкесін күдірейтіп, жүнін сыртына бергені болмаса, қабысқан іші қаншырдай қатып қалған. Анда-санда аш ішегі шұрылдап кетеді.

ІҮ. Сабақты қорыту.

Тест.

Туынды етістікті көрсетіңіз.

А) тігу ә) айт б) кел в) балтала

2. Зат есімнен жасалған етістікті табыңыз.

А) тазала ә) көр б) әдеміле в) шегеле

3. Болымсыз етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.

А) -ма, -ме ә) -қа,-ке б) -ди,-де в) -да, -де

4. Зат есім мен етістікті көрсетіңіз.

А) сулы жер ә) өткір қайшы б) жел күшейді в) кең дала

5. Тиісті етістікті қой. Қалаға ...

а) сөйлестік ә) шомылдық б) жақындадық в) ойластық.

Ү. Бағалау .

ҮІ. Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022