Сабақ жоспары 4 саны

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 4саны мен цифры. Төртбұрыш. Шаршы.
Сабақтың мақсаты:
1) 4 санымен және 4 цифрының жазылуымен, 4 санының құрамымен таныстыру; төртбұрыш, шаршы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2) Оқушылардың ой-өрісін ойлау қабілеттерін математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
3) Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа және дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім енгізу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Көрнекілігі: сандар, суреттер,кестелер, интерактивті тақта, жылдың төрт мезгілінің суреті т.б.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың назарын аудару.
ІІ.Өткен тақырыпты пысықтау
- Балалар, Жан-жаққа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар.
Қорапқа кірді біреуі,
Соңынан кетті екеуі.
Тығылды сонда нешеуі? (1+2=3)

Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік.
Отыр еді маңына
Келді тағы екі күшік
Нешеу болды сен сана?
- Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- 3 Саны мен цифры.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Енді, балалар, көңілімізді тақтаға аударайық. Жұмбақ жасыру.
- Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тура тауып атасақ,
Тұрғаны бар, отырған,
Барлығы қанша балапан?
- Дұрыс балалар, ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 4 саны және цифры. (Мұғалім тақтаға 4 саны цифрының жазба түрін көрсетеді)

1. Төрт жыл мезгілі 4 санымен белгіленеді.
2. Үштен кейін төрт болар,
Бір жылда төрт мезгіл бар.
Қыс мезгілі -күн суық,
Ақ қар жатыр жер жауып.
Көктемде болар жер жаңа,
Егейік егін далаға.
Жазғытұрым күн ұзақ,
Аптап тұрар күн шуақ.
Алтын күз бізге берер нұр,
Жеміс-жидек пісіп тұр.

ІV. Оқулықпен жұмыс
№1. Тапсырма бойынша санның сан сәулесіндегі орнын және 3-ке 1-ді немесе 2-ге 2-ні қосу жолымен 4 санын шығарып алуды түсіндіру.
- Бірінші суретте бір түспен неше торкөз боялған? Нешеуін басқа түспен бояды? Мұны қалай жазуға болады? Неше болды? Демек 4-бұл
Мысалдар төрттігін құру жолын түсіндіру. Мұндай жұмыс оларды қосу мен азайту арасындағы байланысты түсінуге әкеледі.

Санамақ жаттау:
Қаздың да екеу аяғы,
Құрдың да екеу аяғы.
Екеуінің аяғы,
Төртеу болады баяғы.

№2. Дәптерде оқушылардың өздері орындауға берілген. Бұл тапсырманы орындамас бұрын 4 санының құрамы қайталанады.
№3. Ауызша орындау кезінде 4-ке дейін тура және кері санауға жаттығады.
Төртбұрыштың мәнді белгілерін түсіндіру. Жинақ полотносына геометриялық фигуралардың үлгілері бекітілген. Мысалы, әртүрлі үшбұрыш және 1 төртбұрыш. Артық фигураны табыңдар. Бұл фигураны қалай атауға болады? Бұл фигура неге төртбұрыш деп аталады? Төртбұрыштың бұрыштары нешеу? Неше қабырғасы бар?
№4. Төртбұрыштың әр түрімен танысады. Геометриялық фигураларды көрсету.
№5. Бекіту жұмысы.
№6. Оқушылар берілген фигураны құрастыратын қиындыларды дайындап қоюлары керек.

V. Сергіту сәті.
Шаршасаңдар балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.

VІ. Дәптермен жұмыс.
№1. Оқушылар 4 цифрын торкөзде жазу жолымен танысқаннан кейін ауада жазып шығады.4-тің жазылу үлгісін толтырады.
№2. - Жазуға қараңдар. Математикада мұндай жазуларды қалай атайды?
- Өрнек. Өрнектің мәні 4-ке тең болатындай бос орынға сан таңдаймыз. Көрнекі түрде түсіндіру.
4 қарындаш алыңдар. 4 шығу үшін 1 қарындашқа қандай сан қостық?
№3. Төменде қандай сан көрсетілсе, сонша шаршының суретін салады.
№4. Оқушылар нүктелерді дұрыс қосуды үйренеді және төртбұрыш туралы білімдерін нақтылайды.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
- Аптаның төртінші күні қай күн?
- Жылдың төртінші айын ата.
- 4 санын қажет ететін мысалды келтіре аласың ба?

VІІІ. Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау.



© 2010-2022