Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өткен бөлім бойынша игерген білім дағдыларын бақылау. Дамытушылық. Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Сабақтың типі: Оқу материалын бекіту сабағы. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық. ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі. Жаңа сабақ. Сұрақтарға жауап жаз.
  1. Көкжиек деген не?
  2. Көкжиек тұстарын ата.
  3. Тұсбағар деген не? Құрылысын сыз.
  4. Сұлба деген не?
  5. Өз сыныбыңның сұлбасын сыз.
  6. Ауаның қасиетін ата. Дәлелде.
  7. Өз жеріңде ауа таза болу үшін не істеуге болады?
  8. Судың қасиетін ата.
  9. Судың үш түрлі күйін айт.
  10. Топырақ деген не? Оның маңыызы қандай?
  11. Топырақ - тіршілік бесігі дегенді қалай түсінесің?
  12. Топырақтың құрамын айт.
  13. Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі?



Тест

1. Әдептілік дегеніміз не?

  1. Тамақтану ережесі

  2. Киім кию туралы ереже

  3. Адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі

2. Тілдің қызметі не?

  1. Тағамның дәмін білу, сөйлеу.

  2. дыбысты есту.

  3. Ұстап көру.

3. Көкжиек дегеніміз не?

  1. Аспандағы сызық

  2. Жай көзбен қарағана көз жеткен жерге дейінгі кеңістік

  3. Көк түс

4. Көкжиекке жету мүмкін бе?

  1. Иә Б) жоқ В) мүмкін

5. Көкжиек тұсын анықтайтын құрал

А) Термометр

  1. Сағат

  2. Тұсбағар

6. Сұлба деген ен?

  1. Заттың алып тұрған көлемі кішірейтіліп берілген сызба

  2. Заттың түсін білдіреді

  3. Заттың суреті

7. Адам тіршілігіне қажетті жағдайлар:

А) Қорек, су, ауа, жылу.

Б) Үй, машина, компьютер.

В) Ақша, теледидар, киім.

8. Ауаның қасиеті

  1. Ақ, жұпар иісті, салқын

  2. Жанады, дәмді, сұйық

  3. Түссіз, жанады, серпімді, сыйымды, иіссіз

9. Тірі табиғатқа жататын бөлікті тап

А) Адам, тас, планета.

Б) Адам, өсімдік, жануар.

В) Мектеп, дәріхана, жануар.

10. Судың қасиеті қандай?

  1. Түссіз, аққыш, жұққыш, пішінсіз, еріткіш

  2. Тәтті, мөлдір, майлы

  3. Дәмді, аппақ, қатты

11. Су қандай күйде кездеседі?

  1. Жылы, қатты, ыстық

  2. Бу, сұйық, қатты

  3. Майлы, дәмді, тастай


Үйге тапсырма: Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.


© 2010-2022