Орыс тілді сыныпта топтық оқыту арқылы оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орыс тілді сыныпта топтық оқыту арқылы оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі



Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандартында көрсетілгендей, 12 жылдық білім беруге қазақстандық мектептер 2015 жылы түгелдей көшіріледі. Осыған орай, оқушыларда жаңа білімді меңгеруге деген сұранысын, танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін меңгеруін, әр түрлі жағдайларда білімдерді шығармашылықпен қолдана білуді қамтамасыз ету маңызды педагогикалық міндет болады. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысымыздың мақсаты жалпы зерттеудің мақсат-міндеттеріне тәуелді: - өзге тілді сыныпта топтық оқыту арқылы қазақ тілі сабағында танымдық белсенділікті қалыптастырудың әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру; -өзге тілді сыныптың қазақ тілі сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың аталған әдістемеге сәйкес ғылыми-практикалық ұсыныстарын практикаға ендіру. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсаты мен болжамына сәйкес төмендегі міндеттерді эксперименттік және бақылау топтарындағы жоғары сынып оқушыларымен жұмыстанудың кезеңдері бойынша шешуді белгіледік:

  1. Өзге тілді сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған қазақ тілі сабағындағы топпен орындауға арналған тапсырмаларды жасақтау;
  2. Топтық оқытуда қолданатын әдістерді анықтап, қазақ тілі сабағында танымдық белсенділікті дамытуға бағытталған топпен орындауға арналған тапсырмалар жүйесін мектептің білім беру үрдісіне енгізу;
  3. Өзге тілді сынып оқушыларында қазақ тілі сабағында танымдық белсенділіктің деңгейін айқындауға арналған анықтау эксперименттін жүргізу;
  4. Өзге тілді сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында танымдық белсенділігін дамыту экспериментін жүзеге асыру;
  5. Жасаған әдістеменің тиімділігін тексеру, қорытындылау экспериментін жүргізу.
Оқу тапсырмаларын құрастырғанда мынадай мақсаттарды есепке алдық: -қазақ тілі сабағында оқу тапсырмалары танымдық белсенділікті дамытуға бағытталған; -тапсырмалар топтық оқу іс-әрекетіне бағытталған; -тапсырмаларда білімдік бөлімі, сұрақтар және ұсыныстар бар; -тапсырмалар ұжымдық шешуді меңзейді. Топтық оқыту әдістемесі тиімділігінің көрсеткіштерін эксперименттік және бақылау сыныптарында анықтай отырып, білім мазмұнын мәтіндер бойынша меңгеруін, оқушылардың топта жұмыс жасау қабілетін, тұлғалық даму деңгейлерін анықтауды басты назарға алдық. Алдымен тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының жоспары жасалды. Өткізілген жұмыстың уақыты белгіленді. Жоспарға сәйкес эксперименттің анықтаушы және қалыптастырушы кезеңдері белгіленді. Әрбір кезеңнің басты мәселелері мен оны шешуге қажетті әдістер анықталды. Зерттеуімізде өзге тілді сынып оқушыларын таңдау себебіміз: оқушылар өмірлік жолын таңдағанда, біразы ЖОО-да, арнаулы білім беретін орта оқу орындарында оқуды мақсат тұтады.Танымдық белсенділік білімді сапалы меңгерудің кепілі, сондықтан оларда танымдық белсенділікті қалыптастыру сұранысы бар.Сондықтан топтық оқытудың нәтижелі болуы толығымен педагогтың тұлғасына байланысты. Мектепте топтық оқытуды жүргізудің қалыптасқан практикасын талдау, анкета сұрақтарының жауаптарын сараптау оны ұйымдастыруда мынадай қиыншылықтар бар екені анықталды: мұғалімдерде танымдық белсенділік туралы білімдердің жетіспеушілігі, оқу тобындағы тұлғааралық өзара қатынастардың сұрақтары бойынша, топтық оқу жұмысы үшін жағымды психологиялық ахуалды жасаудың тәсілдері туралы, қажетті білімдердің болмауы. Мұғалімдер оқушылардың өзін-өзі қадағалауда жетекшілікті жүзеге асыруда қиындыққа тап болатынын мойындайды, өздік іс-әрекетін өздік бағалауда сәйкестік көрсетпейді.Ең көп қиыншылықтар оқытушылық оқу топтық тапсырмаларды құрастырғанда, оқушыларда танымдық белсенділікті қалыптастырудың мақсатты бағытталған тәсілдерін жасауда орын алып отыр. Мұғалімдердің топтық оқытудың әдістерін меңгеру үшін мектепте арнайы жұмыс жүргізілді. Өзге тілді сыныптағы қазақ тілі сабағында оқушылардың топтық оқыту арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыруда дидактикалық материалдарды тарату және тұлғалық даму ерекшеліктерінің негізінде анықтау қажеттілігі алдыңғы тарауда айқындалды. Дегенмен, мектеп тәжірибесінде топтық оқытуға, оны өткізудің әдістемесіне, топтық жұмысты ұйымдастырғанда оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне мән берілмейтіндігі, есепке алынбайтындығы анықталды.Осыған орай, топтық жұмыста оқушының оқуға мотивациясын тудыратын, өзінің күш-жігеріне сенімділігін арттыратын, топтық оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру, қорытынды бөлімді талаптарға сай өткізуді бірінші кезекке қойдық. Мұндай жұмысты бастамас бұрын тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың алғашқы дайындық кезеңінде мұғалімдердің топтық оқытуды жүргізуге деген даярлығы, пәндердің қандай тақырыптарында топтық оқытуды қолдануға болатындығы, жоғары сынып оқушыларының физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері айқындалды. Зерттеу тақырыбы бойынша бүгінгі таңда топтық оқыту мәселесі бойынша жазылған еңбектер бар, бірақ қазақ тілі сабағында өзге тілді сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған арнайы еңбектері жоқ деп айтуға болады. Сондықтан осы проблема нақты зерттелмегендіктен, біз осы мәселені қарастыруды қолға алдық. Теориялық және тәжірибелік-эксперименттік зерттеу нәтижелері болжамдарды бекітіп, қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Мектептегі білім беру үрдісін теориялық-әдіснамалық зерделеуіміз топтық оқыту арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытуға мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеттерін ұйымдастырды, оқушының оқу іс-әрекеті, тұлғаның даму ерекшеліктерінің өзгерісін анықтауға мүмкіндік туғызды. Берілген оқу тапсырмасын топтық оқыту арқылы орындау жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін ынталандырады, әрекеттің логикалық-ойлау операцияларын, танымның құралы ретінде іздеу әдісін меңгеруге септігін тигізеді. Сондықтан топтық оқыту қазіргі уақытта тиімді екені белгілі болып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы //Білім-Образование. 2004. № 1
  2. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.//Егемен Қазақстан . 16 қазан 2004.
  3. Пиаже Ж.Психология, междисциплинарные связи и система наук.М.,1969.
  4. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся в учебном процессе.М.,1979.
  5. Данилов М.А. Воспитание у школьников самостоятельности и творческой активности в процессе обучения.// Советская педагогика.1961.№8.
  6. Методы выявления особенностей познавательной активности школьников в условиях дефференцированного обучения. // Под. Ред. Якиманской М., 1993.
  7. Шестнева Н.А. Использование педагогических технологий в личностно-ориентированном обучении в малых группах.// Система компьютерной математики и их приложения.Материалы международной конференции.Смоленск,2001.
  8. Шестнева Н.А.Малая группа как наиболее оптимальная форма удовлетворения образовательных конкретной личности учащихся //научные труды международной научно- практической конференции ученых.М.,2002.
  9. Әбілқасымова А.Е.Cтуденттердің танымдық ізденімпаздығын
қалыптастыру. Алматы, 1994.
  1. Мұханбетжанова Ә.М. Бастауыш білімнің интеграциясы арқылы оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері.А.,2000.
  2. Бахишева С.М. Қазіргі мектепті басқарудың педагогикалық менеджменті.Орал,2008.
  3. Абуханова А.Танымдық белсенділікті қалыптастырудың педагогикалық ерекшеліктері.//Қазақстан мектебі.№2,2007
  4. Қоқымбаева Т.Халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру.Канд.дисс.автореферат.Алматы,2001.
  5. Қайыпова Ш.Танымдық белсенділік тәсілдері.//Қазақстан мектебі.№2,2005.
  6. Мустояпова А.С.Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру.//Бастауыш мектеп, №12, 2003.
  7. Бахишева СМ. Жаңа типті мектептер жағдайында инновациялық мүмкіндіктерді дамыту//Ұлт тағылымы, 2003, №2, Б.52-58.
  8. Нұрахметов Н.Н. Құзіреттілікті қалыптастырудағы жаңа окулықтардың ролі //12-жылдық білім орта білім берудің жүзеге асуын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету. Халықаралық ғылыми практикалық конференция материалдары. А., 2007.
  9. Бахишева СМ. Ұлттық мектепті тұлғалық бағдарлы технологиялар негізінде басқару: арнайы курс бағдарламасы. Орал, 2003.
  10. Маденова Л.М.Оқушылардың танымдық белсенділігін
қалыптастырудың жолдары. Білім кілті-Ключ знаний. Алматы,2009ж.№1.
  1. Төлегенова У.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту// Бастауыш
мектеп, 2002.
  1. Фопель К. Барьеры, блокады и кризисы в группавой работе.М.,2008
  2. Жақыпов С. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы.А.,2008
  3. Щукина Г.И.Педагогические проблемы формирования
познавательных интересов учащихся.М.,1988
  1. Шерстнева Н.А. Малая группа как наиболее оптимальная форма
удовлетворения образовательных потребностей личности учащихся //
  1. Абуханова А. Танымдық белсенділікті қалыптастырудың
педагогикалық ерекшеліктері. // Қазақстан мектебі. №2, 2007.
  1. Жақыпов С.М., Жұбаназарова Н.С.,Тоқсанбаева Н.Т. Психодиагностикалық теттер жинағы /Оқу құрал/ Алматы,2008.

  2. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру

жолдары. Алматы:Мектеп.1978.

  1. Мұханбетжанова Ә.М. «Білімді интеграциялау негізінде оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыру»Алматы,2000.


© 2010-2022