7 санын қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 7 санын қосу және азайтудың тәсілдерімен таныстыру. Сандар құрамы туралы білімін кеңейту.
Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілеттерін, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойларын дамыту. Топпен, жұппен жұмыс істеуге үйрету,
Оқушыларды ұқыпты, көркем жазуға жетелеу,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер Ой қозғау, кластер ,СТО,АКТ.
Күтілетін нәтиже 7 санын қосу және азайтуды кестелік жағдайда орындау;
7 санының құрамы туралы түсініктері;
Қосу және азайту амалдарының байланысын білу.
Бағалау Бағдаршам, мадақтау,смайликтер.
Барлығын қосқанда Тренинг,топпен жұмыс,жұптық жұмыс, деңгейлік тапсырма, кері байланыс
Кіріспе Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Тренинг: Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін!
Сәлеметсіздер ме,ұстаздар!
Оқушыларды топқа бөлу.
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
Балаларға әдемі сандықшаны көрсетеді.
-Балалар,мен бүгін мектепке келе жатып жолдан мына сандықшаны тауып алдым.Үстіне хат қойылған екен.Бұл хатта не жазылғанын оқып берейін:
-Сәлеметсіздер ме,балалар?Бұл-сиқырлы сандық ішінде бірнеше заттар бар екен, көргілерің келе ме?
-Олай болса,бүгінгі сабақта белсенділік танытуларың қажет.
Бар білімімізді ортаға салайық. Егер біз хаттағы жұмбақ-есепті шешсек,онда сиқырлы сандық ашылады екен.
Он асықтың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолында қалады? (10-3=7)
Ия,шынымен де сиқырлы сандығымыз ашылды.
Сандықта текше бар екен .
ІІ.Өткен сабақты еске түсіреді.
1.Ауызша есептеу.
Сандықтан сиқырлы текшені аламын.(1)
Оқушыларға сиқырлы текше арқылы ауызша есептету.
10-ға дейін қосу.
2. Ойын: « Қар жауды» (2)
Мақсаты: Жаңа сабақтың тақырыбы 7 санын қосу және азайту екендігін табу.
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Қыста не жауады?
Олай болса біз қазір сендермен "Қар жауды" ойынын ойнаймыз.
4+3=7 5+2=7 1+6=7
3+4=7 2+5=7 6+1=7
Балалар,қараңдаршы тақтадағы өрнектердің мәні нешеге тең?
Мұғалім сол арқылы жаңа сабақтың тақырыбын хабарлайды
Олай, болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «7 санын қосу және азайту». Шеңбер құрып,бір-біріне қайырлы күн тілеу.

Геометриялық фигураларды таңдап алып,сәйкесінше өз тобын тауып отырады.

Қыс мезгілі
Қар жауады.
Өрнектердің мәнін табады.

Барлық өрнектің мәні
7-ге тең.
Тұсаукесер Ассоциация: мұғалім тапсырма береді. Оқушылар 7 саны туралы білетіндерін еске түсіреді.
Негізгі бөлім ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Мұғалім 7 санының қазақ халқы үшін өте киелі сан екендігі туралы қысқаша мәлімет беріп өтеді.
-Балалар 7 саны туралы не білесіңдер?
Бір аптада 7 күн(дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)
7 ата (ата,әке,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат)
7 қазына (ер жігіт,сұлу әйел,жүйрік ат,берен мылтық,құмай тазы,қыран бүркіт,ғылым-білім)
Кеміпқосақтың 7 түсі болады.
7 шелпек-жұма күні отбасымыздың амандығы үшін пісірілетін құдайы тағам. т.б.
ІV. Мағынаны тану.
1.Өткенді еске түсіру, жаңа сабаққа кіріспе.
7 санының құрамы слайдтан орындаймыз.
7 санының құрамы 6 мен 1,1 мен 6-ты,3 мен 4,4 пен3, 2 пен 5,5пен2
2.Көрнекілік әдіс арқылы.
Мақсаты: 7 санын қосу және азайту кестесін құру.
Электронды оқулықтағы 7 санының кестелік қосу және азайту.
Дәптермен жұмыс.
7 санын қосу және азайту кестесін жаз және жатта.
1+7=8 10-7=3 7+1=8
2+7=9 9-7=2 7+2=9
3+7= 10 8-7=1 7+3=10
Жұптық жұмыс.
Сәйкестендіру тесті
Мақсаты: өрнектің мәнін таба отырып,бірін-бір бағалауға үйрету.
1+7-------2 8-7 ----10 3+7-----8
7+2 ------8 7+3----- 9 10-7 ----8
9- 7 ----- 9 2+7 ------1 7+1 ----3
Сергіту сәті.
Оқушыларды орнынан тұрғызып,өрнектер айтамын,егер өрнектің мәні дұрыс болса,қол шапалақтайды,қате болса аяқтарын тебеді.
2+5=8 (аяқтарымен жерді тепкілейді)
9-3=6 (қолдарын шапалақтайды)
Өз бетінше жұмыс.
Мақсаты:Оқушыға өзін-өзі бағалауды үйрету.
Әр оқушыға екіге бүктеліп өрнек жазылған парақшалар таратылады.Оқушы өрнектің мәнін тауып,қағаздың бүктеуін жазып өзін-өзі тексереді.
3+7 10-5 9-7 9-8
10-0 9-9 8+0 2+7
3+6 2+7 5-0 1+6
Топпен жұмыс
Мақсаты: Есеп шығару дағдысын қалыптастыру.
Есепті талдау және шығару.4 топқа қағазға жазылған есептер беремін.

Тәрелкеде - 2
Сауытта -? 6 кәмпит

Шешуі: 6 - 2=4(кәмпит)
Жауабы: 4 кәмпит т.с.с.
Домино ойыны
Мақсаты:4 топқа қағаз қиындаларында жазылған өрнектер арқылы бір геометриялық фигуралар құрастыруды тапсыру.
ІV. Ой толғаныс.
1. Логикалық есеп
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау.
1). Шығырмақ болып кеше есеп,
Жиналды жеті есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (7-3=4)
2). Алтайда бар бес іні,
Елтайда бар екі іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Нешеуі болар шешуі? (5+2=7)
3)..Жетіден бірді алайық,
Қанша бала қарайық
Қарайық та санайық
Санайық та табайық. (7-1=6)
Жинақтау кезеңі
(жалпы топ) Сонымен бүгінгі сабақтан біз не үйрендік ,балалар!
Семантикалық картаны толтырып көрейік!
+ 8 9 10
1+7 +
2+7 +
3+7 +

Сабаққа рефлексия жасау
(балаларға смайликтер таратылады, балалар смайликтерді тақтаға жапсырады)
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті?
Қиыншылықты кімнің көмегімен жеңдің?
Қай топтың жауабы сәтті шықты?
Бүгінгі ең үздік топ басшысы деп кімді атар едің?
Қорытынды Мұғалім бекіту сұрақтарын қояды. Оқушылар жеке жауап береді
Сабақ соңында кері байланыс жүргізіледі.

© 2010-2022