Ғафу Қайырбеков «Комбайншы»

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ғафу Қайырбеков «Комбайншы»

Мақсаты: Өлеңді түсініп оқи отырып, комбайншының еңбегін түсіну.

Міндеті: 1. Өлеңді түсініп оқу

2. Өлеңге сүйеніп комбайншы еңбегі жайлы әңгімелеу

3. Жер - Ана туралы өз ойларын жеткізе білу.

Көрнекі құралдар: Слайд, стикер, маркер, интербелсенді тақта, А3 қағаз.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Оқытудың нәтижелері:

  1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады

  2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді

  3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады

  4. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.

  5. Өзін бағалап үйренеді

Қамтылатын модульдер:

1-модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс)

2-модуль: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (Серпілген сауал)

3-модуль: Бағалау ( топ басшы арқылы)

4-модуль: АКТ - ны пайдалану (интербелсенді тақта, видео)

7-модуль: Көшбасшылық

Қадамдар:

1.Психологиялық дайындық

2.Тұсау кесер

3.Негізгі бөлім

4.Қорытындылау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

1. Оқушының зейінін сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту

3. Топқа бөлу

4. Жаңа сабақты түсіндіру

5.Тапсырмалар беру

Оқушының іс-әрекеті:

1. Зейіндерін сабаққа аударады

2. Үй тапсырмасын орындайды

3. Автор, егінші, қасқыр деген үлестірме қағаздары арқылы топқа бөлінеді

4. Жаңа сабақты меңгереді

5. Берілген тапсырмаларды топтасып орындайды

6. Кері байланыс. Басбармақтар арқылы сабақтар алған білімдерін көрсетеді

Сабақтың барысы


І - кезең: Психологиялық дайындық: «Тазару» жаттығуы

Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз.

Өзіңізге былай деңіз: «Бүгінгі барлық жағымсыз нәрсені шығардым, ұмыттым, тазардым».

Топқа бөлу: Оқушылар автор, егінші, қасқыр болып топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру:

Ертегіден көрініс көрсету.

Үй тапсырмасын бекіту: Модуль 2, әдісі «Серпілген сауал»

Ойын шарты: Ойын шарты бойынша, допты серпи отырып бір оқушыға лақтырамын, сол оқушы менің қойған сұрағыма жауап береді. Ойын осылайша жалғаса береді.

Сұрақтар:

Нанның дастарханға келу жолдарын ретімен айту.

(Осыдан кейін ертегіні сомдаған оқушыларды бағалату)

ІІ - кезең: Тұсау кесер (20 - 25 мин)

Миға шабуыл. Модуль 1, әдісі диалогтік оқыту

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Күзде қай еңбектің қызу жүріп жатырған кезі?

Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса мына бейнебаянға назар аударайық.

Бейнеролик

  • Ендеше, біз бүгін Ғафу Қайырбековтың «Комбайншы» өлеңімен танысамыз.

ІІІ - кезең: Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ: Күннің жадын белгілеу, тақырыпты жазу.

Жаңа сабақпен таныспас бұрын жұмбақты шешіп алайық

Болат пышақ

Тұрмас жерге бойламай,

Күміске ұқсап

Жарқырайды айнадай. (Соқа)

Оқушылардан соқа туралы ойларын сұрау.

Ғафу Қайырбеков «Комбайншы»

Ғафу Қайырбеков «Комбайншы»Ғафу Қайырбеков «Комбайншы»Ғафу Қайырбеков «Комбайншы»

Ғафу Қайырбеков «Комбайншы»Ғафу Қайырбеков «Комбайншы»Ғафу Қайырбеков «Комбайншы»

Сергіту сәті: «Қызыл өрік»

Постер: «Жер - Ана» тақырыбында постер қорғау.

Топтық жұмысты бағалау.

ІV - кезең: Қорытындылау: «Ой түйін»

1. Жер - Ана жемісін бермей қойса қандай жағдай болар еді деп ойлайсыңдар?

2. Оны болдырмас үшін не істер едіңдер?

Релексия: Оқушылар партадағы «сұрағы бар» қорапқа өздері түсінбеген сұрақтарын жазып салып кетеді.



© 2010-2022