Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша рефлексия

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Джексембинов Серижан Беркутбаевич Мұғалім портфолиосы В3 есебі «Өрлеу» БАҰО »АҚ Филиалы III деңгей

«АОБПҚБАИ » 16.04. 2014 ж

Алматы қаласы 1-топ


Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша рефлексия.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни - пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптастыруын қамтиды. (Barber and Moushad , 2007) Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері - орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie,2009). Осы Бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педогогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Бағдарламалардың негізгі қағидаты тәжірибелік қызметі нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Біліктілікті артыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрінде ұсынылады. (Нұсқаулық 12 бет) Негізгі бөлім: 1.Әлеуметтік - сындарлы тұрғыдан білім беру түсіну (Vygotsky,1978, Woot 1998) осы Бағдарламада айтылған «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Жеті модульдің барлығында қарастырылатын идеяларды білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдіс - тәсілдер ретінде «Диалог арқылы оқыту»мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырамыз. Бразилиялық педагог Фриери, әр адам оқу үдерісіне сыни тұрғыда негізделген білім теориясын әзірледі. Фриери теориясының негізіне осы тәсілге жағымды энергияны енгізуге арналған «педагогиканың мүмкіндіктері»термині алынған. Педагог Фриери пікірінше білім келесідей болуы тиіс:

  1. Бірлескен - интерактивті және әлеуметтік рефлексивті.
  2. Сыни - өзіндік рефлексивті және әлеуметтік рефлексивті.
  3. Жариялылық - мұғалімдер мен оқушылардың бірлесу арқылы құрылған.
  4. Диалогтік - диалог шеңберінде қарастырылып, шешілетін мәселелер жинақталған.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hatti, 2009) Оқыту кезінде мектептегі әріптестеріммен пікір алмастым. Сондай -ақ жас мамандар мен «Білімді ұрпақ елге - сын»атты тақырыпта семинар өткіздім. Семинарда жас мамандарға бетпе - бет кезінде үйренген білімімді жеткізе отырып, жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстырып, қолдану жолдарын айттым. Әріптестерде екі топқа бөліне отырып постермен жұмыс істеу барысында «Ұстаздың әдемілігін» әртүрлі идеялар қоса отырып, әдемі гүлдер арқылы жеткізе отырып, қорғап, шықты. Мамандарда өздерінің ойларын ортаға сала отырып, пікір алмасу үшін қатысып отырдым. Сабақ беру барысында диалог әдісін қолдана отырып, пікір алмасты. Еңбек өтілі жоғары мамандардан пікір алмасып отырдым. Жалпы сабақта АКТ - ны қолдана отырып сабақ берген мұғалімдер тарапынан, оқушылар үшін өте ыңғайлы. Жаңа әдіс-тәсілдері қолдана отырып, мысалы үшін топпен жұмыс жүргізу барысында оқушылардың сабаққа деген ынта-жігері ерекше арта түсуде, себебі үлгерімі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ оқушылардың ортаға қосылып, жұмыс сабаққа деген қызығушылықтарының арта түсуін байқадым. Сабақта міндетті түрде «бағалау» парағын қолданып отырдым. Сабақ соңында стикер арқылы өз ойларын білдіріп отырды. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім - біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір көзқарастарын, нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістеуге орайластырып құрылады. Сабақ барысында оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ойларын ортаға салып отырды. Бетпе-бет кезінде үйренген әдістерімді іс-жүзінде пайдалана отырып, жүзеге асырамын. Әріптестер мен ойымды бөлісе отырып, пікір алмастым: Екінші бетпе - бет кезеңінде бірге оқып жүрген әріптестердің жұмыстарымен таныса отырып пікір алмастым. Жаңа әдіс - тәсілдердің әр - түлі және тиімді пайдаланған жолдарын меңгердім. Бірге білім тәлім алып жатқан әріптестеріммен кеңес кезінде, топтық таныстырылым оқушылардың жеңіл сұрақ қоюға дағдыланып кетуі, әр деңгейлі оқушылардың сұрақты қабылдауы, ойлануға уақыттың ұлғаюы сияқты қиындықтарды талқылап, шешу жолдарын қарастырдық. Соның ішінде әр оқушының түсіну дәрежесін анықтауда Блум таксономиясының өлшеуіштерін басшылыққа алу маған тиімді көрінді және мектептегі тәжірибе кезінде қолданамын деп ұйғардым. Бұл әдіс арқылы оқушылар үлкен қызығушылықпен жұмыс жасап, әр кезең сайын тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеруге болады. «Түсіну дәрежесін бағалау» тапсырмасында әр оқушының түсінік деңгейінің әртүрлілігін ескере отырып, сұрақтың тақырыпқа сәйкестігіне, жауаптардың дұрыс бағалануына көңіл бөлу. Толық жауап алмағанда қайта бағыттау арқылы күтілген нәтижеге жету қажет. Оқушы жауабын бағалау үшін бағалау критерийлерін қолданып, рефлексияны пайдалану қажет. Топтағы әріптестеріммен бірлесіп, сұрауды бағалауда кездескен қиындықтарды талдай келе, сыни ойлауға бағытталған қарапайымнан күрделіге қарай, ашық және жабық сұрақтар, ой жүгірту стратегиясын қолданған тиімді екендігін постер жұмысында көрдік. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме» тапсырмасы бойынша оқушыларға ерік беріп, жаңа тақырыпты түсінгенін жұпта талқылауда сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытамын деп ойлаймын. Тәжірибе кезінде сыни тұрғыдан ойлануын бақылау мақсатында міндетті түрде сабағымның сергіту сәтіне ұлағатты сөздерді алып отырдым. Сыни тапсырмалар беру арқылы яғни сұрақ - жауаптарда оқушыларды диалогке түсіріп, жұптық жұмыста жауапкершілікпен қарағандығын және үнсіз оқушының да белсене қатысқанын байқадым. Әріптесім жаңа сабақты таныстыруында барысында зерттеушілік әңгіме арқылы жүргізуі маған ұнады және осы әдісті өз тәжірибемде қолдансам деймін. Бұл әдіс арқылы сыни ойлата отырып, жұппен диалогке түсуде жақсы нәтижеге жеткізеді деп ойлаймын. «Өзін-өзі реттеу» тапсырмасы негізінде үш оқушыны бақылауға алдым. Әріптестерім орыс қазақ сыныбындағы үлгерімі жақсы және үлгерімі орташа оқушыларының тапсырмалар орындауда белсенділік танытқанын, үлгерімі нашар оқушысының мәтінді оқып, қазақша айтып беруінен жетістік көргенін айтты. Екінші әріптесім осы тапсырманы мектеп психологымен орындап, бірлесе талдау арқылы қорытынды шығарғаны туралы айтып, оның тиімділігіне көз жеткізді. Есебімді қорыта келе, мен осы тәжірибе нәтижесінде оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға септігімді тигіздім деп ойлаймын. Жаңа тәсілдермен өткізген сабақтардан кейін оқушылар бірін-бірі тыңдауға, өзіндік пікірлерін айтып, бөлісуге дағдыланды. Постер жұмыстарын жасау арқылы көп сұрақтарыма жауап алып, әріптестерімнің тәжірибесіне орай өз ой толғауымды, әдіс - тәсілдерімді жетілдіре түстім. Осы таныстырылымдарды ашық талдау арқылы мұғалім ретінде көкжиегіміз кеңейе түсті, көшбасшы бола білгенімізді ұқтық. Алдағы кезде жұмысымыз алдағыдан да жүйелене және нәтижелі болатынына сенімдімін.

Пайдаланылған әдебиет 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі »ДББҰ, Астана, 2012ж. Әдебиеттік оқыту 2.С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р. Базарбекова. Ана тілі оқулық. 3-сынып Алматы: Атамұра - 2011 3. Ғалам тор материалдары, журнал материалдары. 4.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық (ІІІ негізгі деңгей) 5.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.










© 2010-2022