Бақытты сәтқазақ тілінен интеллектуалдық ойын

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



3 - сынып

Тақырыбы: "Бақытты сәт" қазақ тілінен интеллектуалдық ойын

Мақсаты:

1. Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін кеңейту, тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру.

2. Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін дамыту. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.

3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.

Көрнекілік: плакаттар, ребустар,жұмбақтар.

Ойын барысы

1. Қазақ тілі туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.

Ананың сүтімен бойымызға дарыған тіл - қазақ тілі. Қазақ тілі - ұлтымыздың ана тілі. Ол халық тарихымен қатар жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет еткен, мәдениетімізді, экономикамызды дамытқан асыл байлығымыз.

Білімді, техниканы да ана тілі арқылы үйренеміз. Сондықтан да өз тілімізге «ана» деген ардақты сөзді қосып ана тілі деп айтамыз.

Бүгінде Қазақстанға емес Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан, Моңғолстан, Қытай, Ауғанстан, Иран, Ирак, Түркия, Германия мемлекеттерінде тұратын қазақтар да ана тілін дамытуға өз үлестерін қосуда. Олар қазақ тілінде оқи да жаза да алады. Олай болса тіл - ұлттың жан дүниесі. Тіл - идеяның, сезімнің, ойдың жаңа көрінісі.

Тіліміздің өте бай, шежіре, әңгіме мақал-мәтелдерді оқып-тоқып, ой-өрісімізді байыта түсеміз. Әсіресе сөйлеуге, әсіресе, тапқырлық пен әсем ойдың інжу-маржандары мақал-мәтелдерін жетік біліп, оның сырына үңілу, ана тілінде сөйлеу - оны құрметтеу.

1-оқушы.

Орысшаға жорға болсаң не деймін,

Ағылшынша ағып тұрсаң е, мейлің.

Аппақ сүтін ақтамайсың анаңның,

Ана тілдің асырмасаң мерейін.

2-оқушы.

Қазақ дерті-тілінде,

Қазақ дерті- жерінде.

Қазақ дерті- елінде,

Қалай жеттік бұл күнге?

3- оқушы.

Туған тілім-бабам тілі- өз тілім!

Туған тілім- анам тілі-өз тілім!

Туған тілім- далам тілі- өз тілім!

Туған тілім- адам тілі- өз тілім!

4-оқушы.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

2. Капитандардың өз командаларымен таныстыруы.

"Бақытты сәт" атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық. Ойында екі команда қатысады:

«Зат есім» және «Сын есім»

Капитандардан өз командаларымен таныстыруын өтінеміз.

Бір команда екінші команданың қалай аталатынын шешеді.

1-ші капитан:

Біз заттың атын білдіреміз Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұраққа жауап береміз.

"Зат есім".

2-ші капитан:

Біз заттың сынын, сапасын, дәмін, түсін, пішінін білдіреміз. Қай? Қандай? деген сұраққа жауап береміз.

"Сын есім"

3. "Бақытты сәт" ойыны

1 тур "Сен- маған, мен саған".

"Зат есім" командасы зат есімдер айтады, ал "Сын есім" командасы оған қатысты сын есімді тауып айтады.

Әр оқушы бір- бір сөзден айтады.

Мысалы: қайың- ақ

Тату- балалар

2 тур "Алға, алға, алға"

(Мұғалім әр командаға қазақ тілі пәнінен сұрақ қояды, қай команда сұрақтардың көбіне жауап береді, сол жеңіске жетеді. Әр командаға 15 сұрақ)

Сұрақтар:

"Зат есім" командасына

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

2. Жуық мәндес сөздер...(Синоним)

3. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)

4. Қандай дыбыстар әрқашанда жіңішке... (ч,щ,й)

5. Ң жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)

6. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ)

7. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу)

8. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)

9. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

10. Жалқы есімдер қалай жазылады?

11. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)

12. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)

13. Туынды сын есімді айт. (ақылды)

14. Сан есімнің сұрақтары...(Неше? Нешінші? Қанша?)

15. һ әрпі жазылатын сөзді ата.

"Сын есім" командасы

1. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)

2. Қарсы мәндес сөздер... (антоним)

3. Жалпы есімдер қалай жазылады?

4. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)

5. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)

6. Батыр сөзіне жуық мәндес сөз... (мықты, шымыр)

7. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік)

8. Ф әрпі жазылатын сөздер... (фонтан)

9. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)

10. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба... (нүкте)

11. Туынды сын есім қалай жасалады? (түбірге жұрнақ жалғау)

12. Туынды сын есімге мысал келтір... (тәртіпті)

13. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2)

14. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3)

15. Қандай дыбыстар жіңішке бола алмайды?(ж, ш)

- Балалар сендер тілге байланысты мақал-мәтелдерді білесіңдер.

3. Ендеше «Жалғастыр» ойынын ойнайық.

1. Бас кеспек болса да (тіл кеспек жоқ)

2. Шебер көптің анасы (шешен көптің анасы)

3. Шешеннің тілі ортақ (шебердің қолы ортақ)

4. Тіл тас жарады (тас жармаса, бас жарады)

5. Піл көтермегенді (тіл көтереді)

6. Сөз асылы - (мақал)

7. Өнер алды - (қызыл тіл)

8. Жақсы сөз - (жарым ырыс)

4 тур "Сиқырлы сандық"

Әр қатысушы сандықтан қағазға жазылған жұмбақ алады.(15 жұмбақ)

1.Шешуін айтады.

Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма)

2.Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)

3.Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)

4.Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.

5.Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)

6.Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
(ұстаз)

7.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)

8.Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
(қарындаш)

9.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)

10Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)

11.Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)

12.Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар
(сағат)

13.Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп.

(домбыра)

14.Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде, Өңі кірер даланың.
(жаңбыр)

15.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)

5 тур "Ойлан, тап"

Әр командаға мәтін береміз. Мәтінде тастап кеткен тиісті әріпті қою керек. . Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, командаларды марапаттайды.


© 2010-2022