Ғарыш әлеміне сапар шегу!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ғарышқа саяхат

Мақсаты:

Білімділік: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін мерекелерді
естеріне түсіре отырып әңгімелету.Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.Сөздік қорларын байыту.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін,зейіндерін,көріп тану қабілеттерін дамыту дүниетанымдарын кеңейтіп,қиялдарын шарықтату.
Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын сезінуге,оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой қозғау, көңіл-күйді көтеру,сурет бойынша әңгіме,ойша саяхат,ойын.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,құрастыру, математика, сауат ашу, қоршаған ортамен таныстыру.
Көрнекіліктері: Жыл мезгілдерінің, ғарышкерлердің, ғарыш әлемінің, геометриялық пішіндер, суреттер және интерактивті тақта
Қостілдік компонент: Ғарыш,ғарышкер,ғалам.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар,балалар.
Қайырлы таң!
Аспан әлемі
Қайырлы таң!
Қадірлі қонақтар
Ой туғызу: Балалар айтыңдаршы бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем айларын атап беріңдерші? Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?
- Наурыз айы
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ал осы наурыз айында біз қандай мерекелерді тойладық?
( Балалардың жауабы )
- Ал көктемнің осы айы нешінші айы?
- Екінші айы.
- Осы ай қалай деп аталады?
- Сәуір айы деп аталады.
- Иә,бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар.Ол - ғарышкерлер мерекесі.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз
- Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.

Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.

1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.

Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.

Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде, АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.

Аты әлемге тарап, атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді.

Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі. Ол 1961 жылы 12 сәуірде «Восток» кемесімен ғарышқа ұшып, жерге аман - есен оралды. Валентина Терешкова Нәзік жандылар арасында ең алғаш ғарышты игерген адам. Ол 1963 жылы Восток - 6 кемесімен ғарышқа ұшып, 2 күн 22 сағат, 55 минуттан кейін жерге аман - есен оралды. Ғарышқа ұшатын ракеталар біздің облысымыздағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылады. Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышері - Тоқтар ағамыз. Тоқтар Әубәкіров Оңғарбайұлы зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибек, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991ж ж. қазанның 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі - 7 күн 22 сағат 13 минут.

Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген.

2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.

Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі. Онымен адамдар аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді екен.
Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой.Қане есімізге түсірейікші,кім айтады Балалардың тақпақтары.
Меруерт: Сапарға енді ғажап тым,

Тоқтар тартты алысқа.

Туған ұлы Қазақтың,

Тұнғыш ұшты ғарышқа!
Аяулым: Тоқтар менен Талғат,

Ғарышқа ұшты самғап.

Ел мерейін өсірді,

Көк пен жерді жалғап.

Айдын: Тоқтар менен Талғат,

Ғарышқа ұшты самғап.

Өлең жазды ақыңдар

Екеуіне арнап.

Жәңгір: Қанаттылар мекені,

Қазақ жері, Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім, Байқоңыр!
Балалар,сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?
Иә,ұшқымыз келеді. Ендеше,ғарышкерге керек кей заттарды біліп алайық. Ғарышка ұшу кезінде космонавт киетін киім Скафандр деп аталады. Космос корабльдерінде тамақтар тюбиктерде сақталады.

Суреттен не көріп тұрмыз? Ендеше,мына жерде әртүрлі геометриялық пішіндер бар. Соларды мына тақтадағы суретке қарап тұрып, өзімізге зымыран құрастырайық.
Балалардың жұмысы.
Міне,біздің де зымыранымыз дайын болды.
Енді қиялымызға ерік беріп,
бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық.
Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей. Қонуға
дайындаламыз.3,2,1.Қондық.

Балалар бұл Юпитер ғаламшары. Пішіні қандай? Юпитер ғаламшарына көптен бері зерттеушілер келмеген екен. Сондықтан бұл ғаламшарда біраз орындалмай қалған тапсырмалар бар екен. Тапсырмаларды орындасақ біз Юпитер туралы біле аламыз. Олай болса бапсырмаларды орындап көрейік.

  1. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды кему ретімен ата

  2. Берілген фигурада неше бұрыш бар?

  3. Берілген сандардың көршілерін жаз: ....,5, ... ...,9, ... ...,7,... …,2,…

  4. Ағашта 9 торғай қонып отыр еді, оның 3 еуі ұшып кетті?

  5. Аулада 4 қаз және 4 үйрек жүр. Аулада барлығы неше құс жүр?

Ғарыш әлеміне сапар шегу!

Юпитер - Есекқырған

Күн жүйесінің ең үлкен және серіктері ең көп ғаламшары. Юпитерді және оның серіктерін 1973 жылы алғаш американдық ғарыш аппараты"Пионет-10" және "Вояджер-1" суретке түсірді. Юпитер ғаламшарының үлкендігі сонша, оны жерден жай дүрді арқылы бақылауға болады. Юпитер ғаламшарынан жер ғаламшарымен бірдей 1345 ғаламшар жасауға болады. Бұл суретте Юпитер мен Жерді салыстырған. Кане айтайықшы жер үлкен бе, Юпитер үлкен бе? (Балалардың жауабы) Мынау күн жүйесі. Барлық ғаламшарлар күнді айнала қозғалады екен.

Балалар біз Юпитер ғаламшарымен таныстық. Енді келесі ғаламшарға баруымыз керек.

Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей. Қонуға
дайындаламыз.3,2,1.Қондық.

Бұл өте ерекше ғаламшар Сатурн деп аталады. Сатурн ғаламшары өте көңілсіз тұр. Олай болса сергіту сәтімен ғаламшардың да өзіміздің де көңілімізді көтерейік.

Сергіту сәті: Мен қазақпын.

Сатурн - Қоңырқай
Сақина таққан алып. Күн жүйесіндегі көлемі бойынша Юпитерден кейінгі екінші ғаламшар. Басқа ғаламшарлардан ерекшелігі оның сақиналары бар. Оның сақиналары ұсақ тастар мен мұз кесектерінен тұрады. Суретте көргеніміздей Сатурн күн жүйесіндегі өте ерекше ғаламшар екен. Біз сендермен Сатурн ғаламшарымен таныстық. Енді келесі ғаламшарға баруымыз керек.

Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей. Қонуға
дайындаламыз.3,2,1.Қондық.

Марс-Қызылжұлдыз қызыл ғаламшар. Күн жүйесіндегі көлемі бойынша жетінші ғаламшар. Марсты адамдар 1960 жылдан зерттеп келеді. Марста Жердегідей жыл мезгілдері бар. Марстың беті Жердегі тасты шөлдерге ұқсас. Қар жауады, бірақ Марстың бетіне жетпей ериді. Мынау Жер мен Марстың салыстырмалы суреті. Марс Жерден кіші планета екен.

Балалар, біз «таңғажайып табиғат» әлеміне келгендейміз. Міне қараңдаршы, бұл ғаламның суы да,талдары да біртүрлі екен,ия. Мынау не? Құстары қайда ұшып жүр?
Суда ұшып жүр. Ал балықтары аспанда жүр.
Иә,бұл ғаламда бәрі керісінше екен. Қане бұларды өзіміздің жеріміздегідей әр нәрсені өз орнына орналастырайық.
1. «Өз орнын тап» ойыны:

2. Сандарды реті бойынша қос.

Өте жақсы. Балалар Марстықтар бізге риза болған сияқты. Мына Сыйлықтарды бізге жерге жіберіпті.
Біздің де қайтатын уақытымыз болған сияқты. Осында көргенімізді жердегі достарымызға, апайларымызға айтып берейік. Қане,ұшуға
дайындалайық. 3,2,1.Ұштық.
1. Балалар бүгін біз қандай ғаламшарлармен таныстық?
2. Ерекше, сақинасы бар ғаламшар қалай аталады?
3. Саяхат кезінде қандай тапсырмалар орындадық?
4. Біз танысқан ғаламшарлардың қайсысы жерден үлкен, ал қайсысы жерден кіші?

Ғарышкер болғысы келетіндерге!

Барлығы да армандаудан басталатынын ұмытпаңдар.

Армандаудан қорықпаңдар!

Жалқаулыққа салынбаңдар!

Сәттілік тілеймін!

Алдымыздағы жүрекшелерді келген қонақтарға сыйлау арқылы өзіміздің алған әсерімізбен бөлісейік. (Видео)

Балалардың жауаптарын тыңдап,қорытындылау.







Тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің

технологиялық қартасы.


Білім ортасы:Қатынас, Таным, Әлеуметтік орта

Тақырыбы: Ғарышқа саяхат

Бөлімдері: Тіл дамыту,құрастыру, математика, сауат ашу, қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты:

Білімділік: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін мерекелерді
естеріне түсіре отырып әңгімелету.Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.Сөздік қорларын байыту.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін,зейіндерін,көріп тану қабілеттерін дамыту дүниетанымдарын кеңейтіп,қиялдарын шарықтату.
Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын сезінуге,оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой қозғау, көңіл-күйді көтеру,сурет бойынша әңгіме,ойша саяхат,ойын.
Көрнекіліктері: Жыл мезгілдерінің, ғарышкерлердің, ғарыш әлемінің, геометриялық пішіндер, суреттер және интерактивті тақта
Қостілдік компонент: Ғарыш,ғарышкер, жаз, күз, қыс, көктем, Юпитер, Сатурн, Марс
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушылық

Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар,балалар.
Қайырлы таң!
Аспан әлемі
Қайырлы таң!
Қадірлі қонақтар
Ой туғызу: Балалар айтыңдаршы бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем айларын атап беріңдерші? Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?
- Ал көктемнің осы айы нешінші айы?
- Осы ай қалай деп аталады?
- Иә,бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар. Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар. Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз
- Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз.

Наурыз айы

Екінші айы.

Сәуір айы деп аталады.

Ол - ғарышкерлер мерекесі.

Ұйымдастырушы,

Ізденуші

Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.

Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі. Ол 1961 жылы 12 сәуірде «Восток» кемесімен ғарышқа ұшып, жерге аман - есен оралды. Валентина Терешкова Нәзік жандылар арасында ең алғаш ғарышты игерген адам.Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышері - Тоқтар ағамыз. Тоқтар Әубәкіров Оңғарбайұлы. Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

Балалар,сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?
Иә,ұшқымыз келеді. Ендеше,ғарышкерге керек кей заттарды біліп алайық. Ғарышка ұшу кезінде космонавт киетін киім Скафандр деп аталады. Космос корабльдерінде тамақтар тюбиктерде сақталады.

Суреттен не көріп тұрмыз? Ендеше,мына жерде әртүрлі геометриялық пішіндер бар. Соларды мына тақтадағы суретке қарап тұрып, өзімізге зымыран құрастырайық.
Балалардың жұмысы.
Міне,біздің де зымыранымыз дайын болды.
Енді қиялымызға ерік беріп,
бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық.
Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей. Қонуға
дайындаламыз.3,2,1.Қондық.

Балалар бұл Юпитер ғаламшары.

Юпитер ғаламшарының тапсырмалары.

Балалар біз Юпитер ғаламшарымен таныстық. Енді келесі ғаламшарға баруымыз керек.

Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей. Қонуға
дайындаламыз.3,2,1.Қондық. Бұл өте ерекше ғаламшар Сатурн деп аталады. Сатурн ғаламшары өте көңілсіз тұр. Олай болса сергіту сәтімен ғаламшардың да өзіміздің де көңілімізді көтерейік.

Сергіту сәті: Мен қазақпын.

Енді келесі ғаламшарға баруымыз керек.

Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей. Қонуға
дайындаламыз.3,2,1.Қондық.

Марс-Қызылжұлдыз қызыл ғаламшар.

1. «Өз орнын тап» ойыны:

2. Сандарды реті бойынша қос.

Меруерт: Сапарға енді ғажап тым,

Тоқтар тартты алысқа.

Туған ұлы Қазақтың,

Тұнғыш ұшты ғарышқа!
Аяулым: Тоқтар менен Талғат,

Ғарышқа ұшты самғап.

Ел мерейін өсірді,

Көк пен жерді жалғап.

Айдын: Тоқтар менен Талғат,

Ғарышқа ұшты самғап.

Өлең жазды ақыңдар

Екеуіне арнап.

Жәңгір: Қанаттылар мекені,

Қазақ жері, Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім, Байқоңыр!

Тұжырымдаушы

Түзетуші

Жерге оралу. Сұрақ қою арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылау.Ғарышкер болғысы келетіндерге!

Барлығы да армандаудан басталатынын ұмытпаңдар.

Армандаудан қорықпаңдар!

Жалқаулыққа салынбаңдар!

Сәттілік тілеймін!

Алдымыздағы жүрекшелерді келген қонақтарға сыйлау арқылы өзіміздің алған әсерімізбен бөлісейік. (Видео)

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтижелер:

Нені біледі: Көктем мезгілі жайлы, ғарыш жайлы білді

Қандай түсініктерді игерді: Ғарышкерлермен, бірнеше ғаламшарлармен танысты

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қойылған сұрақтарға жауап берді, тақпақ айтты, тапсырмаларды орындады.

КММ Жалпы білім беретін №77 мектеп - балабақша кешені
















Ашық сабақ

Тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»






Орындаған: Акедилова М.К.













Қарағанды 2014ж

© 2010-2022