Шағылдың емдік қасиеті тақырыбындағы ғылыми жоба

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аннотация



Зерттеу жұмысының мақсаты:

  • Шағылдың адамға тигізер пайдасын анықтау

Зерттеу болжамы:



  • Шағылдың адамға тигізер пайдасын анықтау, анализ жасап талдау

Зерттеу кезеңдері:



  • Шағылдың пайдасы

  • Шағылдың құрамы

Зерттеу әдістемесі:

  • Қосымша әдебиеттерден, журанлдардан әлеуметтік желіден алған мағлұматтарды пайдалана отырып жұмыстану



  • Зерттеу жаңалығы:



  • Әсіресе ыссы топыраққа көміліп жаткан кездегі адам денесінің ауратын жерлеріндегі топырақтың су болып шығуын дәлелдеу жолында жұмыстану

Зерттеу нәтижесі:



  • Ыссы топырақтың адамға тигізер пайдасының көп екендігі дәлелденіп көрсетілді

Қорытынды:



  • Қымбат жерлерге барып ем қабылдамай табиғаттың сыйы тегін шағылға барып ем қабылдау қажет



Тақырыбы: «Шағылдың адамға тигізер пайдасы»

Тақырыптың өзектілігі: Біздің басты байлығымыз-біздің денсаулығымыз. Соған қарамастан ауырмайтын адам болмайды.Қазырғы заманның жоғарғы қарқынмен дамуына байланысты қазыр адамда не қажеттің бәрі бар. Бұрынғы заманның адамдары сияқты су әкеліп, от жағып, күл төгіп, жыңғыл шауып көп еңбек етіп қозғалыс жасамайды. Соның салдарынан көптеген ауруға душар болып ем іздеп жүреді. Әрине қалтасы көтергендер шет ел асып болса да ем алады, ал бұған жағдайлары жетпегендер ауруын асқындырып жүре береді. Ендеше бүгінгі менің негізгі мақсатым алысқа бармай ақ өз ауылымзыдағы шағылдың адам денсаулығына тигізер пайдасының бар екендігін дәлелдеу үшін осы тақырыпты таңдадым.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Шағылдың адамға тигізер пайдасын анықтау

Зерттеу жұмыстарының міндеттері:

Шағылдың адамға тигізер пайдасын анықтап анализ жасау

Шағылдың құрамы туралы мәліметтерді зерттеу, жинақтау

Зерттеу жұмысының кезеңдері:

Шағыл туралы жалпы мағлұмат

Шағылдың пайдасы

Шағылдың құрамы

Зерттеу жұмысының әдістері:

Сараптау

Талдау

Салыстыру

Өзімнің туған жерім Жыланды ауылының сырт жағында ақ шағыл яғни ақ құм бар.

Шағыл дегеніміз-кәдімгі жел үрлеп, желдің ыңғайына орын ауыстырып көшіп отыратын

бұйра құм.

Құм болғанда да таза құм. Құм - миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм - өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат

Жел көтерілген кезде оның үстіңгі бөлігі бірнеше сантиметр биіктікке көшіп отырады. Жел басылған соң су бетіндегі толқын секілді әдемі із тастап тып-тыныш жатады. Кешкілік күні бойы бойына жинаған күннің қызуын баса алмай, жып -жылы болып жатады. Оның үстіне отыра қалсаңыз да, жұп -жұмсақ, бір түрлі жанға жайлы күй кешесіз. Мұның бір жақсы жері жаңбыр жауғанда тез сіңіп кетеді, балшық болмайды. Жаз айларында түс ауа құмның қатты ысығаны сондай, жалаңаяқ жүрсең табаныңды күйдіреді.Бұл шағылды ауылымыздың басты байлықтарының бірі деп білеміз.Бұл шағылға кешкілікте үлкенде, бала да келеді. Үлкендер жағы тыныш жер, таза топырақ, отыруға жайлы жер десе, балалар үшін ойын ойнау үшін ең қызықты әрі жұмсақ жер. Ойын балалары тыныш отыра ала ма? Бір-бірімен жарысып шағылдың төменгі етегіне қарай суда жүзген балықтай, сырғи жөнеледі. Ойын құмар кішкенелер болса шағылдың басынан аяғына қарай домалап, айналаны қызыққа бөлей жөнеледі. Кешке қарай бұл шағылдың айналасы кешкі малдың өрістен қайтуы кезінде абыр-сабыр, балалардың ойнаған дауыстарымен у-шу болады. Ал түн қараңғысында бұл айналаны тыныштық билейді.

Шағылдың емдік қасиеті тақырыбындағы ғылыми жобаШағылдың емдік қасиеті тақырыбындағы ғылыми жоба

Жоғарыда айтып өткендей елімізде денсаулық саласын дамытумен қатар ауруларға да тосқауыл болатын түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.Қазыр кез -келген ауруға мықты-мықты емханалар және қымбат дәрілер бар. Бірақ бұл дәрілерді сатып алуға немесе ақшалы емханаларға жатып ем алудың өзі қиын. Емханаға жатып ем алған күннің өзінде ішкен дәрілердің көпшілігі химиялық қоспалар, екіншіден бұл дәрілер адамның миына, бауырына, іш құрылысына үлкен зиян келтіруде. Ал мен адамдарға көмектесу мақсатында оз ауылымдағы шағылдың емдік қасиеті туралы айтқым келеді.

Шағыл - тап-таза, аппақ құм. Бұл шағыл тек жайлы орын ғана емес сонымен қатар шағылдың емдік қасиеті де бар. Егер сіздің бойыңызды салқындық алып кетсе, немесе жүйкеңіз жұқарса, денеңізден сарысудың жиналғанын байқасаңыз сіз емхана табалдырығын тоздырмай ақ, қымбат дәрілерге ақша жұмсамай тегін ғана ауруыңызға ем қабылдаңыз. Ол әрине бізідің ақ шағыл.

Ол үшін не істеу керек?

Жаз мезгілі кезінде түс ауа ыстық шағылға келіп алдымен жалаң аяқ шағыл үстінде денеңізді ыстыққа үйретіп жүріңіз. Содан кейін өзіңізге ыңғайлы жерді қараңыз. Сол жерді денеңізге сай етіп жайлап қаза беріңіз. Сол қазған шұңқырдың ішіне өзіңіз жайғасыңыз. Үстіңізге кері ыссы топырақты яғни шағылды көміңіз. Басыңызға күн өтпеу үшін көлеңкелеп тұратын шағын орын дайындап алыңыз. Енді көзіңізді жұмып денеңізді бос ұстап, жамандық ештеңі ойламай тек жақсы нарселерді ойлап жатыңыз.

Шағылдың емдік қасиеті тақырыбындағы ғылыми жоба

Қазақстанға еңбегі сіңген ақтөбелік дәрігер Ізбасқан Аймағамбетовтің айтуынша, ағзаны құммен емдеу псаммотерапия деп аталады. Дәстүрлі медицинада өте сирек қолданылатын бұл әдіс - шипажайларда минералды ванна, емдік балшық сияқты үлкен сұранысқа ие ем.

Емнің бұл түрінің негізгі принципі - жылу арқылы емдеу.

Қазіргі медицина, керісінше, топырақтың адамның ішек құрылысына пайдасы барын айтады. Асқазанға түскен топырақ паразиттер мен токсиндерге қарсы қалқан іспетті» дейді. Өйткені, топырақтың құрамында адамға пайдалы заттар қамтылған. Айталық, темір, цинк, калции секілді. Бірақ, бұл кез келген топырақты жей беруге болады деген сөз емес. Дәрігердің кеңесіне сүйене отырып, арнайы сатылатын тазартылған топырақ жегеніңіз жөн.

Сонымен қатар топырақтың тағы бір пайдасы ол үй құрылысына пайдалы. Кәдімгі саз балшыққа сол ақ топырақты косып үйдің іші-сыртын майласа айді ағартып тұрады әрі жаңбырға шайылып кетпей мықты болады.Қазыр тағы бір дамып келе жатқан емнің бірі құммен емдеу түрі яғни құм терапиясы.

Құм терапиясының негізгі мақсаты: Құммен ұқыпты жұмыс жасай білу дағдысын, құм терапиясы арқылы табиғи дүниені өз алақандарымен сезіне білу, табиғат сырын ұғынып, оны қорғай білу қасиеттерін, қол, саусақ моторикаларын, танымдық даму деңгейлерін дамыту.

Құм терапиясы - адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін тануға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Терапия - емдеу деген ұғымды білдіреді, ал құм терапиясы - бұл құммен емдеу, ол жерде ешқандай дәрі де қажет емес.

Құм терапиясы - балаларға үлкен мүмкіндік, баланың уайымдау немесе қайғыру сәтін ашып көрсете алады. Сәби құммен ойнап отырып, өзінің бойындағы ауыр сезімді ұмыта бастайды. Құмен ойнағанда бала қателесуден қорықпайды. Қарапайым ойнау әдісін іске асырады.

Құм терапиясының маңыздылығы:

· Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.

· Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.

Қазіргі таңда құм анимациясы өте танымал және сонымен қатар оған маңызды себептері де бар. Құммен сурет салу өнері -жай, қолжетімді, аса қымбат емес қызықты іс.

Бәрімізге таныс бұл зат жай ғана - құм. Бірақ шын мәнінде бұл таңғажайып керемет материал. Құм әр түрлі болады. Жеңіл және құрғақ, ауыр және сулы, ол әр түрге ыңғайланады.

Шағылға түсуге болмайтын жағдайларда кездеседі.

Қан қысымы жоғары, жүрегінде кінарат бар адамдарға құмға түспек түгілі күн ыстықта үйден шығуға болмайды. Тері ауруларына шалдыққан, мысалы, экземасы (қышымасы) бар адам құмға түссе, ауруын асқындырып алуы мүмкін.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Д. Нұрпейісова атындағы орта мектеп




Тұрарбекұлы Арсен

1 «Б» сынып



Тақырыбы: Шағылдың емдік қасиеті

Бағыты: Таза табиғи орта - Қазақстан - 2030 стратегиясын іске асырудың негізі.

Секция ІІІ. Медицина




Жетекші:

Исатаева Гулшат Сүйіндікқызы






2015 жыл





Қорытынды



«Шағылдың емдік қаситеі» тақырыбы бойынша өз ойымды қорыта келе шағылдың адам денсаулығына тигізер пайдасының өте көп екендігін және денсаулығында кінараты бар адамдарға зиян жақтары бар екендігін зерттей келе төмендегідей ой түйдім:

  1. Шағыл ешқандай қоспасыз таза ақ топырақ яғни ақ құм

  2. Қымбат емханалардың орнын толтыра алатын емдік қасиеті бар орын.

  3. Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеп тегін шағылды пайдаланған жөн деп санар едім.

Айлап тапқан табысымызды қымбат-қымбат емханалрға жұмсағанша табиғаттың сыйы шағылдың емдік қасиетін пайдаланайық дегім келеді.



«ҚҰМ ТЕРАПИЯСЫН» ҚОЛДАНУдың маңызы «Біздің ойлап жүргенімізді қолымыздың көмегі арқылы шешуге болады»

Карл Густав Юнг «Құм терапиясы» қағидасы аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында - жаһандағы Өмірді көреді. . Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. Жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді. Бірақ бұл құмнан жасалған фигураларда шашылып , тіл алмай қоюы да мүмкін. Балалар сағат сайын үйлер, фигуралар жасап немесе жай ғана құмның үстімен жүруіде мүмкін. Ғаламторда құм жайлы көптеген мағлұматтар бар. Соның ішінде менің тапқаным құммен ойын туралы 1929 жылы Англияның педиатры Маргарет Ловенфельд жазған екен. Арнайы құм салынған ыдыста балалар өздеріне ұнаған фигуралармен суды пайдалана отырып, әр түрлі композициялар жасаған. Балалар өзерінің жасағандарын «менің әлемім»деген екен және Ловенфельд өзінің техникасын «Әлемнің құрылуы» деп атаған екен. Қазіргі заманның құм суретшілері құмнан портрет, пейзаждар, мультфильмдер жасайды. Құммен сурет салу техникасы қазір өте танымал. Құм өнері барлық әлемге кең таралған. Құммен ойын - балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады. Құммен ойнау кеңестік әдіс ретінде 1939 жылы ағылшын педиатры Маргарет Ловенфельд сипаттама берген. «Құм терапиясы» концепциясының құрылуымен негізінде юнгиан мектебінің өкілдері айналысты, мысалы швейцар аналитигі Дора Калф. Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын ойындарды оқыту және дамыту сабақтарында қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз. Оған қажетті материалдар мен жабдықтар: Бала құм терапиясында тек қана қиял, көрнекі - бейнелік ойлауды, сөздік - логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра процесс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады. Құм терапиясының маңыздылығы:

  • Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.
  • Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.
Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен өткізіледі. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ біздің тәжірибе терапияның еркін әдісі екенің көрсетеді. Қоғамда балалардың байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік шындамдылық танытпауы басым. Балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген қызығушылақтарының төмендеу, байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорларының аздғын болдырады, комуникативтік дағдыларының дамуын тоқтады. Осындай ауытқулардың бірнеше себептері бар. Бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы және қоғамда тудырылатын мәселелер: өмірдегі және теледидардағы қатыгездіктің өсуі, дұрыс тамақтанбау және ата-аналардық денсаулыққа қайшы келетін қылықтары, қиын отбасылардың көбеюі. Ата-аналардың көбі балалармен қарым-қатынас жасауға және тәрбиелеуге уақыт бөлмейді және ниеттері жоқ, оларда бірінші орында отбасын қаражатпен қамтамасыз ету. Балаларға ата-анасымен тікелей қарым-қатынасын компютер мен теледидар алмастырады. Мұғалімдерге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Біз өзіміздің тобымызда балалардың сөздік қорлардың дамуына және жалпы өзін - өзі ұстау жұмыстарына назарымызды аударамыз. Балалардың дамуын және тәрбиесіндегі кемшіліктерді шешуге көптеген әдіс-тәсілдер бар. Мен бұл әдістердің ішінен балалармен жұмыс жүргізудің бір түрі құммен ойынға тоқталып өткім келеді. Біз топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», тортарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және комуникативті дамуына жағымды әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда құмзар ойыны баланы тәрбиелеуде дамытуда маңызды рөл атқарады,. Құмзар ойындарды, жаттығуларды пайдалану балардың эмоциясын, шығармашылығын, зейіндерін, қабілеттерін дұрыс көзқарастырын қалыптастыруға маңызды рөл атқарады. Құм терапиясының әдістерінің маңыздылығы: Құм терапиясында стандартты өлшемде (50 х 70 х 80 см) ағаш тақтай, құм, су және ұсақ пішіндер жиынтығы қолданылады. Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды модулдеуге мүмкіндік береді. Адам қолымен және табиғатпен жасалған шынайы және мифтік, тартымды және тартымсыз пішіндер қолданылады. Шынайы заттарды пайдалану табиғатпен байланысты сезінуге қолданылады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға көмектеседі. «Қиялдау - ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама- қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» (К.Г.Юнг.) К.Г.Юнгпен ұсынылған белсенді қиялдау техникасы құм терапиясының теориялық негізі ретінде қарастырыла алады. Бұл әдістің авторы швейцар аналитигі Дора Калф - «дербес және қорғалған кеністікті болдыруды» деген негізгі жұмысына салынған басты принципі деп санайды, онда бала немесе ересек адам өз дүниесіндеге тәжірибесі мен қобалжуларын, жиі мазалайтын және елестейтін түсініксіз бейнелерді көрсетеді. Құммен сурет салу - өткен ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болып, Батыста қанат жайған жас өнер. Қас-қағым сәтте әйнек бетіне құммен салынған ғажап суреттерді үп еткен жел немесе болмашы қимыл әп-сәтте бұзып кетсе де, осынау нәзіктікті көрген жан әсерсіз қалмасы сөзсіз. Алғашында құммен сурет салу мультфильмдер, анимациялық фильмдер шығару үшін пайдаланылған еді. Сурет салудың мұндай техникасында құмнан өзге жарма, кофе, тұз, басқа да ұсақ заттар қолданылады. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы - шеберлік, себебі суретшіден тек әйнек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай, құмды сезіне білу қабілеті талап етіледі. Бұл өнерді арнайы студиялардан үйренуге болады. Бүгінде еліміздің Алматы, Астана, Павлодар, Өскемен секілді қалаларында мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларға арналған құммен сурет салу өнерін үйрететін студиялар ашылуда. Құммен сурет салу - өте қызықты, сонымен қатар пайдалы өнер. Сурет салудың басқа да түрлері секілді, аталмыш өнер адамның қиялын, кеңістікті қабылдауын, есте сақтау қабілетін дамытып, әсіресе балалардың дұрыс жетілуіне, саусақтарының епті болуына әсерін тигізеді. Құм терапиясы - ол адамның ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады. Сонымен қатар, адамның жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдасы зор. Жалпы әйнек бетіне сурет салуда құмнан өзге жарма, кофе, тұз сияқты басқа да ұсақ заттарды қолдануға болады. Саусақпен өріліп, құмның көмегімен бейнеленген бұл туындылар қазіргі кезде мол сұранысқа ие. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамиды. Құм терапиясының мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі - бейнелік ойлауды, сөздік - логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Құм терапиясын қолданудың әдіс - тәсілдері:
  1. Әңгімелесу
  2. Түрлі - түсті құммен сурет салу
  3. Танымдық ойындар
  4. Коммуникативтік ойындар
  5. Пікірталастар
Құм терапиясы негізгі принциптері: Шығармашылық белсенділікті таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп табиғи ынталандыратын орта жасау. Абстрактылы нышандар әріптердің сандық тиімді және осы принциптің жүзеге асырылуы болып жатқан оқиғаға баланың жеке қызығушылығымен іс-әрекетіне оң мотивацияны қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік береді. Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау шынайы бірге тұру. Қазір құммен сурет салу өнері өте көп. Бұл тек қана қызықты іс емес, ол балаларға өз әлемін ашуға көмектеседі. Құммен сурет салу көркемэстетиканы дамытуға көмектеседі. Ол ұсақ қол маторикасын, пластиканы ,координацияны, танымдық процестерді жақсы дамытады. Бала үшін құм терапиясы - өзін танытуға мүмкіндік. Су, құм, жануарлардың мүсіндері, заттар балалардың кейде сөзбен айтып жеткізе алмай ашылуына көмектеседі және сезімдерін білдіруге ықпал етеді. Құм терапиясы баланың ішкі күйзелісінен арылуға, өзін ретке келтіруге көмектеседі. Құм терапиясының сеанстары толық еркіндікті және қорғаншылықты береді. Құм терапиясы бұл шын мәнінде ойын. Себебі бұл ойын балаларға қатарластарымен және сыртқы әлеммен қарым-қатынасты орнатуды, өз сезімдерін білдіруге көмектеседі. Құммен сурет салу - бұл балаға деген кішкентай мейрам, себебі оны балабақшада, үйде, мектепте немесе басқа жерде өткізуге болады. Қазіргі таңда құм анимациясы өте танымал және сонымен қатар оған маңызды себептері де бар. Құммен сурет салу өнері -жай, қолжетімді, аса қымбат емес қызықты іс. Әйнек бетіне құммен сурет салу таңғажайып әдемі . Құммен сурет салу өте қызық іс болғандықтан, мен өзім бірнеше жұмыстар жасап көрдім. Содан сыныптастарыма айтып бөлістім.



© 2010-2022