Конспект на тему «Гүлдер әлеміне саяхат»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Гүлдер әлеміне саяхат.

Білім саласы:Таным

Білім бөлімі:Айналамен танысу.

Тақырыбы:Гүлдер әлеміне саяхат.

Мақсаты:Гүлдер туралы түсініктерін кеңейту. Түстер туралы ұғымын бекіту,түстердің атын білуге машықтандыру.Түрлі түсті бояудағы түстердісәйкестендіруге үйрету.

Міндеті:Сөздік қорын молайту,тілдің белсенділік қызметін арттыру.Есте сақтау,аңғарымдылық,ойлау,кеңестікті бағдарлауын дамыту.

Көрнекіліктер:түрлі-түсті гүлдер.гүлдер алаңқайы,гүлдер патшалығының хан мен ханшасының тағы.

Әдіс тәсілдер:Түсіндіру,көрсету,ойын өткізу,сұрақ-жауап.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру сезімдерін ояту.


Мотивациялық қозғаушы.

Ұйымдастыру-ізденушілік.




Релаксация

Қане-қане тұрайық

Үлен шеңбер құрайық.

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң достарым.

Балалар қазір қай жыл мезгілі?

Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Ал,балалар,қазір біз бәріміз гүлдер әлеміне саяхатқа барайық.

Бүгін біз гүлдер әлемінде саяхатта болғандықтан кім жақсы жауап берсе, белсенділік көрсетсе соларға сыйлық ретінде гүл беремін,және кім көп гүл жинаса сол балаларды гүлдер патшалығының ханы мен ханшасы етіп сайлап, таққа отырғызамыз.

Гүлдер қандай мүшесі арқылы өседі?

Гүлдің тағы қандай мүшесі болады?

Гүлдер туралы кім тақбақ біледі?

Гүл бақтарда қандай жәндіктер ұшып жүреді?

Олар немен қоректенеді?

Иә,дұрыс айтасыңдар.Енді бәрімізмына жерде ұшалмай жүрген көбелектерге көмектесейік.Әр көбелекті өз түсіне сәйкес гүлдер алаңқайындағы гүлдерге орналастырайық.Мысалы,сары гүлге сары көбелекті орналастырайық.

Міне,бәріміз жақсы жұмыс жасадық,көбелектерге көмектестіңдер.

Көбелектер сендерге қайырымды,жақсы балалар екен деп көп рахмет айтып жатыр.

Сергіту сәті:

Ал,балалар.тұрайық

Қолымызды созайық,

Бір отырып,бір тұрып

Демалып бір қалайық.

Қолымыздағы сыйлыққа алған гүлдерімізді санап көрейікші.Гүлдер патшалығының тағына Хан болып- Ханша болып- отырады.

Гүл бағына барайық

Гүлдер теріп қайтайық,

Терген гүлді бәріміз

Бір-бірімізге сыйлайық.

Гүлдер патшалығының бағынан гүл теріп,сол гүлдерді бір-бірімізге жылы лебізімізді білдіре отырып сыйлайық.

Балалар «шаттық шеңберіне» тұрып бір-бірінің қолынан ұстап жылуларын сыйлайды.

Көктем.

Қар ериді,күн жылынады,гүлдер өседі,жер көгереді.


Тамыры

Сабағы,жапырағы

Көбелек

Гүлдің тұқымымен

Балалар кезектесіп шығып көбелектерді гүлге орналастырады.

Балалар қуанышты.

Барлық балалар тұрып сергіту сәтін орындайды.

Хан мен Ханша

таққа отырады.

Терген гүлдерін бір-бірлеріне сыйлап.жылы лебіздерін білдіреді.

Күтілген нәтиже:

Білу қажет:Гүлдердің қалай өсетінін,қандай мүшелерден тұратынын,түстерді ажыратып,аттарын(қызыл,көк,жасыл,сары) айта білулері керек.

Қалыптасқан түсініктер:Гүл,жапырақ,сабақ,тамыр,көбелек және қызыл,сары,жасыл,көк түстертуралы ұғымдар қалыптасады.

Орындаушылық қабілеті:Гүлдердің түстерімен байланыстырып көбелектерді орналастыра білу арқылы саусақ бұлшық еттері дамиды,зейіні,аңғарымдылығы,есте сақтау қабілеті артады.



© 2010-2022