Ашық сабақ Үйшік (орыс ертегісі)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бакытова Акинкар Сексеновна Сыныбы 2 Пәні Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы «Үйшік» ертегісі. Сабақтың мақсаты Мазмұнын оқиды,тұжырым жасайды. Сілтеме Оқулық, слайдтар, әдістемелік құралдар. Оқыту нәтижесі Оқиды,түсінеді. Негізгі идеялар Ырыс алды-ынтымақ.
1-тапсырма

Ой қозғау. 2-модулъ.Сыни тұрғыдан ойлау. 2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

3-тапсырма Талдау.1-модулъ. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.4-модуль. АКТ.

5-модуль. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

4-тапсырма.Постер . 2-модулъ.Сыни тұрғыдан ойлау. Сергіту. Аңдардың қимылын салу.


Кейінгі тапсырма. Ертегіні оқу. Бағалау Оқуды бағалау,топты бағалау,ОүБ,кері байланыс. Рефлексия Сұрақ-жауап.

Сабақтың этаптары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Сыныппен байланыс орнату

Амандасу

Адам кез келген іске иығын тігіп,жарқын көңілмен кірісуі керек және табысқа жету үшін өзін-өзі іштей сендіруі қажет.Ол үшін адам өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін білу керек. Мәселен ,мен өзімді жігерлімін деп айтамын.

-Мен жігерлімін .

Олай болса, табысқа жету кімге байланысты?

Ендеше игі істің жақсы нәтиже беруіне баршамыз ат салысайық!

-Мен батылмын.

-Мен сұлумын.

-Мен ақылдымын.

-Мен сауаттымын.

-Мен жомартпын.

-Мен ажарлымын.

-Мен білімдімін т.б

-Бәрі бізге байланысты.

-Шаттық сезіммен, көңілді күймен сабақты бастайық.

-Сіздерге шаттық өмір, бүгінгі ісіңізге сәттілік тілеймін.

-Рахмет

Топқа бөлу.

Кемпірқосақ түстерін беру арқалы топқа бөлдім.

№1 топ.

№2 топ.

№3 топ.

№4 топ

Оқушылар топқа бөлінеді.

Өткен сабақты еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Өткен тақырыпқа шолу. Өткен сабақта қандай тақырыпты сөз еттік?

Оқушылардың болжамды жауаптары үй тапсырмасы бойынша топ бір-бірін бағалайды.

Сыныптың білім деңгейін анықтау

Өлеңді жатқа айту,өздеріне тексерту.

Өздерін

бағалайды.

Сабақ тақырыбын ашу

«Ерте-ерте, ертеде» деп басталатын халық шығармасы қалай аталады?

Ертегі деп аталады.

Тұсаукесер

Қызығушылығын ояту.

Сұрақтар. Ертегілер қалай аяқталады?

Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Ертігілер жақсылықпен аяқталады.

Аю, қасқыр, түлкі, тышқан, бақа...

Логикалық ойлауға жетелеу.

Ертегілер нешеге бөлінеді?

Ертегілер үшке бөлінеді. Жан-жануарлар, қиял-ғажайып, шыншыл ертегілер.

Түсіндірме жалпылама сұрақтар:

«Үйшік» ертегісінде не айтылған?

Негізгі бөлім

Түсіну үшін тапсырма

Төрт топқа тапсырма беремін:

1-топ. Мәтінді талдау.

Тышқан мен бақа.

2-топ.Мәтінді талдау.

Қоян мен түлкі.

3-топ. Мәтінді талдау

Қасқыр.

4-топ. Мәтінді талдау

Аю.

Топтар тапсырмаларын постермен қорғап,тақырып тұжырымын ашады.

Топтар тапсырмаларын сахналық көрініспен де орындайды.

Әр топқа тапсырмалар.

Кейіпкерлерді атау және оларға сипаттама беру. Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдау.

Топтар орындайды.

Сергіту сәті.Аңдардың қимылын салу.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.



4-тапсырма . «Адасқан сөздер» ойыны.

Мақал - мәтелдер айту

Берілген іс-қимылдың қай аңға қатысты екенін сызықтармен көрсетеді.

Интерактивті тақтада орындайды.

Оқушылар бірлік,ынтымақ туралы мақал-мәтелдер айтады.

Қорытын-

ды шығару

Сұрақ- жауап

Балалар жауап береді.

Қорытынды

Сабақтың басты сәттеріне тоқталу.

-Біз бүгін қандай тақырып өттік?

«Үйшік» ертегісі

-Балалар, бүгін не үйрендік?

Бірлік пен ынтымақ туралы білдік.

Рефлексия

«Ұнады.ұнамады»

Оқушылар сабақ туралы пікірін білдіреді.





© 2010-2022