Сабақтың тақырыбы: Әдемі – ай!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тобы: I МАД

Тақырыбы: Әдемі - ай!

Мақсаты: Қыздарды әсемдікке, әдемілікке, шеберлікке баулу. Ер балаларды кыздарды сыйлауға, аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Жоспар:

1. Сән әлемінің ханшайымдарымен таныстыру;

2. Мениң қиялымдағы койлек;

3. Шебер қолдар;

4. Сән шеруі.

- Қош келдіңіздер, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. «Әдемі - ай» бағдарламасына қош келдіңіздер. Сіздерді көктемнің алғашқы күндерімен бірге келетін 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке - бірлік тілейміз.

Қырмызы қызыл гулсіңдер ме екен,

Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен,

Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,

Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.

  1. Сән әлемінің ханшайымдарымен таныстыру.

Ендеше осы байқауға қатысатын ханшайымдарымызды ортаға шақырайық.

Бірінші аруымыз - Түгелбай Дарай. Дарай өскенде әнші боламын дейді. Әнші болу үшін сәнді киіну керек деп ойлайды.

Екінші аруымыз - Бахыткерей Дильназ. Дильназ өскенде биші болғысы келеді екен. Биші болу үшін гимнастикамен көбірек айналысып, сәнді киіну міндетті деп санайды екен.

Үшінші аруымыз - Жақсылық Камшат. Камшат атақты тігінші болғым келеді дейді. Әдемі көйлектер тигуге жаны құмар екен.

Төртінші аруымыз - Борантай Аруна. Аруна да биші боламын дейді. Биші болу үшін сабағымды жақсы оқып, сәнді киінуім керек деп ойлайды.

Бесінші аруымыз - Шыншалина Кәусар. Кәусардын арманы аспазшы болу.

Алтыншы аруымыз - Дүйсенғұлова Аяулым. Аяулым өскенде сән ханшайымы болғысы келеді.

Жетінші аруымыз - Әбдікәрімова Жаннұр. Жаннұр саудагер боламын дейді. Саудагер болу үшін де коп оқу керек, коп білу керек.

Сегізінші аруымыз - Дарибаева Альбина. Альбина әлемге әйгілі суретші боламын дейді.Суретші болу үшін де әсемдікті сүйе білу керек дейді.

Тоғызыншы аруымыз - Исметова Ақсүңгіл. Ақын боламын дейді Ақсүңгіл. Өлең оқығанды жаны сүйеді екен.

Оныншы аруымыз - Тынысбай Кәусар. Ал Кәусар аспазшы боламын дейді. Аспазшы болу үшін тагам түрлерін, дәруменді тагамдарды білуім керек дейді.

  1. Менің қиялымдағы көйлек.

Сәнқой ханшайымдарымыз қиялындағы суретті әдемі етіп бояуы керек. Суретті салып, бояуды бастаймыз. Қыздар суретті салып болғанша біздің жігіттер «Ақ мамам» әнін орындап берсін.

Ән: «Ақ мамам»

  • Рахмет әндеріңе.

  • Жігіттерге қай арудың салған суреті ұнайды екен?

  • Маған Арунанаың салған суреті ұнады.

  • Ал маған Ақсүңгілдің салған көйлегі ұнады.

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата - баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Суреттерін әдемі етіп салынған.

  1. Шебер қолдар.

«Ана көрген тон пішер» дегендей қыздарымыз сөмкені әсемдеп, әдемілеп безендіріп шығуы керек.

Ханшайымдар жұмыстарын аяқтағанша, біздің жігіттер аналарына арнап тақпақтарын айтамыз деп отыр.

Алихан

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Ернұр

Менің анам мұғалім,

Айтқандарын ұғамын.

Мен өскенде анамдай,

Мұғалім болып шығамын.

Амир

Ақ анашым әппағым,

Өзің жайлы таппағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Толыбай

Өмірдегі ең қымбатты - ана,

Ең мейірімдісі - ана.

Ең жақыны - ана,

Ең құдіреттісі - ана.

Жанарыс

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір - бірлеп,

Анамызға сыйлаймыз.

Жарайсыңдар, рахмет сендерге.

  • Қыздардың дайындаған бұйымдарын көрейік.

  • Камшат бұл сөмкені қалай безендірдің?

  • Өте керемет, бұл сөмкені қайда ұстар едің?

  • Қонаққа барғанда, қыдырғанда ұстап жүруге болады.



  1. Сән шеруі.

Сұлулық - адамның жанын марқайтатын, көзін қуантатын, таңырқатып, сүйіндіретін көрініс.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жады жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалоай айтқан қайран бабам.

Сән әлемінің ханшайымдарын ортаға шақырайық. Аруларымыз сән шеруін көрсетеді. Гүлден тігілген көйлектерин киип шыгады.



  • Жарайсындар ханшайымдар, коктем гүлдеріндей құлпырып кетіпсіңдер.

  • Біздің жігіттеріміздің ханшайымдарға арнап әзірлеген сыйлықтары бар екен, табыс етуге рұқсат етейік.

Жақсы қыз - жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт - аспандағы жұлдыз, - дей келе бүгін қыздарымыз да жігіттеріміз де өнерлерін көрсетті. Ару қыздарымыз құндыздай боп, жігіттеріміз жұлдыздай болып жарқырап жүре берсін дейміз.

Тамашалағандарыңызға рахмет. Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.

© 2010-2022