Дара және күрделі етістік

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дара және күрделі етістікДара және күрделі етістікДара және күрделі етістікМақсаты:оқушылардың етістік туралы алған білімдерін

тиянақтай отырып,етістіктердің дара және күрделі болатынын түсіндіру.

Дамытушылығы:оқушылардың сөздік қорын молайту,логи- калық ойлау жүйесін дамыту.

Тәрбиелігі:жылдам ойлауға,әдемі сауатты жазуға және де мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап,шығармашылық тапсырмалар орындату.

Көрнекілігі: сызбалар,суреттер

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеріп, алған білімдерін тиянақтау.

349-жаттығу.

Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.

Мақалдың мағынасын түсіндіреді,етістікткрді тапқызу,сұрақ- тарын сұрап,ережесін айтқызу.

Етістік туралы білімдеріңді ортаға салыңдар.

сөз табы

не істеді?не қылды?қайтті?

Етістік іс әрекет,қимыл

ІІІ.Жаңа сабақ.

Етістік құрамына қарай дара жіне күрделі етістік болып екіге бөлінеді. Дара етістік бір сөзден тұрады,ал күрделі етістік екі-үш сөзден құралады.

Суретке қарап қимылды білдліретін сөздерге мысал келтір.

Дара және күрделі етістік Дара және күрделі етістік

Оқушы кітап оқып отыр.Оқушы кітап оқыды.

Құстар ұшып барады.Құстар ұшты.

Етістіктерді екі бағанға бөліп жаз.

Дара Күрделі

оқып отыр

оқыды

ұшып барады

ұшты

ІVОқулықпен жұмыс.

350-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазу.Етістіктердің астын сызу,оларды өзара салыстыру.

Жаңбыр жауды.Жаңбыр жауып тұр.Қос аққу ұшты.Қос аққу ұшып барады.Айнұр кітап оқыды.Айнұр кітап оқып отыр.

Айырмашылығы неде? (Өзгешеліктері тек сөз санында)

351-жаттығу. Жұмбақты оқып шешуін табу.Етістіктерді салыс- тыру.

Жерде жатып желіндейді

Күз түскенше желінбейді

Үндеместен төлдеп жатыр

Су беріңдер шөлдеп жатыр.

(Асқабақ)

Среттерді пайдаланып, мәтін құрау.

Дара және күрделі етістікДара және күрделі етістік

Сергіту сәті.

352-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Тауық шылаушынды ұстап алды.Ол балапандарын шақырды. Балпандар жүгіре жөнелді.Сары балапан бұрын жетті.Қара бал- пан кейін барды.

Етістіктердің астын екі рет сыз.Олардың қайсысы дара,қайсысы күрделі етістік екенін айт.

353-жаттығу.Дара және күрделі етістіктерді салыстырып, мағы- на ерекшеліктерін байқа.

Тікті-тігіп жатыр,тіге бастады,тіге алады.

Оқыды-оқи бастады,оқып отыр, оқып болды.

Ойнады- ойнап жүр,ойнап кетті,ойнап жүр екен.

Қарамен жазылған күрделі етістіктерді қатыстырып сөйлем құра.

V.Қорытындылау.

  • Сонымен етістіктің құрамына қарай қандай түрлері болады

екен?

  • Дара етістік неше сөзден тұрады екен?

  • Күрделі етістік ше?

Үйге тапсырма 354-жаттығу.

Мадақтау.Бағалау


© 2010-2022