Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.

Утенова Сагида Кенжебайқызы №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.

Сабақтың мақсаты:

Су өмірдің мәні екенін ұғындыра отырып, суды ластамауға, үнемдеуге тәрбиелеу. Судың қасиетін ұғындыру және дәлелмен көрсету арқылы көз жеткізу.

Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: су, сүт, қасық, ыдыстар, тірек сызбалар, суреттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Тақтаға «ауа» сөзін жазып қою. Оқушыларға стикер таратып ауа туралы алған білімдерін жазып жапсыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Су туралы түсінік беру. «Су -өмір нәрі» деп бекер айтпаған. Сусыз тіршілік жоқ. Су кімге және неге маңызды?

СУ

Кейде судың түсін ақ дейді. Солай ма? Оны білу үшін бірнеше тәжірибе жасап көрелік.

1-тәжірибе. Ол үшін екі шыны ыдыс аламыз.

Екінші ыдысқа сүт құямыз

Бірінші ыдысқа су құямыз

Салыстырамыз

Су - түссіз. Сүт - ақ

2-тәжірибе. Су мөлдір. Оны анықтау үшін алдынғы тәжірибедегі стақандарға қасық салып көрейік.

Қай сатақанда қасық көрінеді, ал қай стақанда қасық көрінбейді? Неге?

Су мөлдір болғандықтан қасық көрініп тұр, ал сүттің түсі бар сол себептен қасық көрінбей тұр. Демек, оқушылар судың қасиеттері төмендегіше.

3-тәжірибе. Ол үшін үш түрлі ыдыс керек. Кесе, стақан, шыны ыдыстарға су құямыз. Сол ыдыстардағы судың пішініне қарау. Судың пішіні сол ыдыстың дәл өзіндей болды. Демек судың тұрақты пішіні болмайды. Оқушыларға судың сұйық екенін, судың жұғатынын, жабысқақтығын, кеугіштігін дәлелмен түсіндіріп кету.

Сергіту сәті: Судың дыбыстарын тыңдау және қандай ағыс екенін сұрау.

Логикалық сұрақ: Жуылған киімді далаға жаямыз. Оның бойындағы су қайда кетеді? Қалайша? Күн көзінің жылуынан су буға айналып кетеді. Бұл судың бір күйі. Сол бу аспанға көтеріліп жерге жаңбыр болып түседі. Ол судың екінші күйі.

  • Ал, балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қазір жылдың күз мезгілі.

  • Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келе жатыр?

  • Күзден кейін қыс келеді.

  • Ал қыс мезгілінде даладағы су қайнай ма?

  • Жоқ, мұз болып қатады.

Шығармашылық тапсырма:

Судың үш күйін сызбамен дәптерге түсіру.

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.

Жұмбақты шешу:

Мүлгіп тұрған бақ тыныш,

Ораныпты ақ күміс. /қырау/

Белгілі ақын Шәміл Ахметовтың «Қыс» туралы өлеңін оқушыларға тізбектеп оқыту. Өлеңде қыс мезгілін қалай сипаттағанын сұрау.

«Кім тапқыр?» ойыны. Бұл ойында оқушылар мақал - мәтелдегі тыйым сөздерді тауып көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою.

  1. ..... да сұрау бар.

  2. .....сулы жер - нулы жер.

  3. .......тіршілік көзі.

  4. ....... түкірме.

  5. .......көрсең, көзін аш.

  6. ...... өмір жоқ.

  7. Кірдің ...... басуға болмайды.

  8. Түнде ....... барма.

ІV. Қорытынды:

Судың бүкіл қасиеттерін талдау.

Ой - қозғау. Самаурындағы су қайнағанда су азаяды. Неге? /жауап алу/

Не білдім?

Не білемін? Жауаптарын тыңдау және толықтыру.

Білгім келеді?

V. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.

© 2010-2022