Конспект сауат ашу Зеректік. Мақал-мәтелдер. Жұмбақ

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Зеректік.Мақал-мәтелдер.Жұмбақ. Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды әңгімемен таныстыру.Мақал-мәтелдер, жұмбақ жаттату. ә)Сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Оқу жылдамдықтарын дамыту. б) Зеректікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу Пәнаралық байланыс: Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау. II.Үй тапсырмасын сұрау:«Ақымақ қасқыр» ертегісінің мазмұнын сұрау. Ертегі бойынша салған суреттерін тексеру, бағалау. III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Кім тапқыр» ойынын ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру. IV. Мақсат қою кезеңі:Бүгін біз ел азынан келе жатқан «Зеректік» әңгімесімен таныс боламыз.Мақал-мәтелдер, жұмбақ жаттаймыз. V. Жаңа сабақ:Жолаушы, жоқшы, түйе туралы түсінік беру.Түйе- төрт түліктің бірі.Жолаушы-жол жүріп келе жатқан адам.Жоқшы-жоғалған малын (затын) іздеп жүрген адам.Әңгімеші түсініп оқып беру, мазмұнын әңгімелеп беру.Әңгімені өздеріне кезекпен оқыту.Мақал-мәтелдерді дәптерлеріне жаздыру, мағынасын түсіндіру.Мақал-мәтелдер мен әңгіменің арасындағы байланысты айту, түсіндіру.Жұмбақты оқыту, жауабын тапқызу, көшіріп жазғызу. VI.Жаңа материалды пысықтау:Әңгіме не туралы?Әңгіме неліктен «Зеректік » деп аталады?Жоғалған түйенің қандай белгілері бареді?Түйені қалай тапты?Әңгімеден нені үйренуге болады? VII.Бекіту кезеңі:Әңгімені оқу,мазмұндау.Әңгіме бойынша сурет салу.Мақал-мәтелдерді, жұмбақты жаттау VIII. Үйге тапсырма, бағалау



© 2010-2022