Конспект урока на тему: Кім?Кімдер?Не?Нелер?

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Кім? Кімдер? Не ? Нелер?
Сабақтың мақсаты:
а)оқушыларға кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді меңгерту.
ә)ойлау қабілетін арттыру, тілдесім әрекеті арқылы сөздік қорын молайту.

б)оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:суреттер т.б
Сабақтың түрі:аралас.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.Сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Жаңа сабақ
Балалар мынау кім?- мұғалім кімдер?- оқушылар
не?- қой не?- доп нелер?- парталар.
Міне , балалар, кім? не ?кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың атын білдіретін сөздер.
Қазақ тілінде адамға кім?кімдер деген сұрау қойылады. Малға, жансыз заттарға не ? нелер?деген сұрақтар жауап береді.Салыстырайық:
Орыс тілінде: Это кто? -баран. Қазақ тілінде:Мынау не?- қой.Мынау нелер?-қойлар
Это кто?- собака Мынау не?- ит. Мынау нелер? Мынау иттер

Это что?-ручка Мынау не?-қалам.Мынау нелер?Мынау қаламдар.
ІІІ..Кітаппен, дәптермен жұмыс.
Күнді, класс жұмысы деп жазу
1-тапсырма Кім? Не?Кімдер?Нелер?деген сұраққа жауап беретін сөздерді ажыратыңдар:
Аю оқушы тал ұшқыш бүркіт шопан нан тігінші Даша
Мысықтар мұғалімдер кітаптар адамдар мектептер
2-тапсырма Бұл не? Аңдардың атауларын қайталап ,дәптерлеріне жаздыру

Сергіту жаттығулары. Оқушылар қимыл жасау арқылы бойларын жазады:

Әтеш ерте оянды,

Жан-жағына қарады.

Шынықтырып денені,

Қанаттарын тарады.

Қаз қанатын жайды,

Аққу мойнын созды

Үйрек көлге келіп.

Асықпай шомылды.

Ойын: Кім жылдам ?
Кім?------------------Кімдер? ---------------Не?------------------- Нелер?
Оқушы ,мұғалімдер,кітап,балалар,бала, аналар,дәптер,қаламдар,ата,әжелер, өшіргіш,терезелер,Гриша,оқушылар,сызғыш,кітаптар.
V. Қорытындылау:
- Бүгін қандай тақырып өттік?
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады екен?
- Адамға ше?
- Жансыз және жан-жануарларға ше?
- Орыс тілінде қалай екен?

VІ Үйге:

© 2010-2022