«Орманда» Ойын-сауық сабағы Тәрбиеші: Бокина Х. М

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Дәншік» балабақшасы

«Айгөлек» естияр тобы

« Орманда»

Ойын-сауық сабағы



Тәрбиеші: Бокина Х.М





Самар ауылы / 2014 - 2015 жыл

Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп жайғасады. Бір бөлігі орман бейнесі. Орманның ішінде үй тұр. Балалар қарандаршы бүгін біздің айналамыз қандай әдемі болып кеткен.

Қазір жылдың қандай мезгілі?

Күздің белгілері қандай кім айтып береді. (Балалар күздің белгілерін атайды)

Жүргізуші - қарандаршы біреу қорбандап келе жатыр.

Орманнан қонжық келіп хат әкеледі.

Жүргізуші -хатты оқиды

Жүргізуші - Әже бізді өзінің үйіне қонаққа шақырыпты. Бәріміз жолға шығайық. Жолда адасып қалмайық .

Балалардың алдарынан орманшы шығады.

Орманшы- Сәлеметсіздерме балалар жортқанда жолдарын болсын. Қайда бара жатырсыңдар?

Балалар- Сәлеметсізбе Ата. Бізді Әже қонаққа шақырды. Жол көрсетіп жіберіңізші.

Орманшы- Сендер ол үшін бір тапсырманы орындап беріндер.

Жүргізуші- Ата біздің балалар сізге тақпақ айтып берсін.



Бала- Алтын кілем сияқты

Орман дала келбеті

Құстар сапар шегіпті

Міне күзде келіпті

Атын сары,қызыл ,көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жалтырап



Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Жүргізуші - балалар атаның көкеніс жемістері араласып кетіпті. Біз оған көмектесейік.

Ойын - Кім көп жинайды.

Жүргізуші - Балалар Ата бізге жол көрсетіп жіберді. Енді біз тез жетеміз.

Балалар келе жатып алдарынан Батпақ қыз шығады.

Батпақ қыз - мен сендерді кәзір ұстап аламын.

Батпақ қыз - Балаларды қуалайды.

Мен сендерді кәзір ұстап үсті бастарыңды бұлғаймын.

Балалар қашады.

Жүргізуші - Біз шаршап қалдық. Батпақ қыз бізді ұстай алмады.

Батпақ қыз - сендер балалар тез жүгіресіндер. Мен сендерді ұстай алмадым. Мен сендермен дос болғым келеді.

Жүргізуші - Ондай болса біз Батпақ қызға би билеп берейік.

Би- «Достасайық»

Батпақ қыз - Сендер қайда бара жатырсындар?

Балалар - Біз Әженің үйің таба алмай жүрміз.

Жүргізуші - Сен бізбен бірге барасынба Әженің үйіне?

Батпақ қыз - барамын.

Жүргізуші - Онда бәріміз бірге барайық.

Жүргізуші - Біз Әженің үйіне де жетіп қалдық. Бірақ үйдің алдыңда күшік жатыр. Біз күшікке ән айтып берейік.

Ән - «Ақ күшігім»

Әже - шығады Сәлеметсіндерме балалар мен сендерді күтіп қалдым.

Мен сендерді жалғыз күткен жоқпым. Менім мысығым да сендерді күтті.

Жүргізуші - олай болса біз Әженің мысығына да ән айтып берейік.

Ән - «Мысығым»

Әже - Төрге шығындар балалар сендерді көріп қатты қуанып қалдым.

Жүргізуші - Әже біз би де билей білеміз.

Би - «жапырақтар биі»

Жүргізуші - Енді Әже біз үйге қайтайық. Қайтар жолды таба аламыз.

Әже - Мен сендерді құр қол жібермеймін, мен сендерге тәтті сыйлықтар дайындап қойдым.

Балалар әжемен қоштасып топқа қайтады.

Жүргізуші - осымен мерекеміз аяқталды. Балалар сендерге көп рахмет.

© 2010-2022