Сабақ: Біріккен сөздердің жазылуы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кумисбаева Гулсара Сапархановна

Қарағанды қаласы №6 ЖББОМ

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің жазылуы.

Сабақтың мақсаттыры: 1) Оқушылардың біріккен сөздер туралы білімдерін кеңейту, жаңа мағлұматтар беру.

2) Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын , байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

3) Бірігіп жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып , ынтымақтастыққа, ұйымшалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта. Сурет.

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі

2) Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де ашылды,

Айнала нұр шашылды.

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.

Мақсатымыз - білім алу

Міндетіміз еңбектену

Еңбектену арқылы

«5» - ке қолды жеткізу.

I. - Балалар сабағымызды бастамас бұрын мына сұраққа жауап берейік.

- Жыл мезгілдері қалай аталады?

- Қыс, көктем, жаз, күз.

- Қазір қай мезгіл?

- Қыз мезгілі

- Иә - желтоқсан қыстың алғашқы айы. Олай болса , жыл мезгілдеріне байланысты туылған балаларды топқа бөліп отырғызамыз.

Топқа бөліп отырғызу.

II. Үй тапсырмасын сұрау. Өткенді пысықтау. Әр қатар бір - біріне сұрақ қояды. Сұраққа толық жауап беру.

III. Жаңа сабаққа көшу.

- Балалар сендердің топқа бөлініп отыруларыңның себебі неде деп ойлайсыңдар?

- Топқа бөлінгендегі мақсаттарымы бірігіп жұмыс жасау.

- Иә, біріккен сөздер сияқты сендер бүгінгі сабақта бірігіп жұмыс жасайсыңдар.

Ендеше мына суретке назар аударып, өткен сабақты есімізге түсірейік.

Ерте, ерте, ерте де «Сөзстан» деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты «Күрделі сөздер» екен. Оның үш ұлы болыпты. Олар- біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз. Біріккен сөз ынтымақта , бірлікте, бақытты өмір сүріпті. Балалары бір - бірінен айырылмай, ұйымшыл болған екен. Бүгін сендер сол ақсақалдың біріккен сөз деген баласының жазылу емілесімен танысасыңдар.

Көркем жазу.

IV. 44 - жаттығу. Кісі аттарын көшіріп жаз. Бұл сөздердің жазылуын есте сақта.

Амангелді, Ботагөз, Айғыз, Төрекелді, Нұрғожа, Есқожа, Әділқайыр, Қазанғап.

V. Ережемен таныстыру

Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңғы дауысты, ұяң, үнді, дыбыстардың біріне бітіп, кейінгі түбірің басындағы қ,к дыбыстары ұяң болып айтылса, олардың орнына ғ,г әріптері жазылады, ал қатаң болып айтылса қ.к әріптері жазылады.

Мысалы; Ботагөз, Ырыскелді.

VI. «Адасқан сөздер» ойыны.

Сөздерді сызық арқылы қосып біріккен сөз шығару.

Бел гелді

Саңырау қожа

Есен беу

Ес құлақ

Бек дәулет

VII. Сергіту сәті.

«Біріккен сөздер» сияқты,

Біз ұйымшыл баламыз.

Оқу, білім үйреніп,

Баршаға үлгі боламыз.

VIII. Оқулықпен жұмыс. Өтірік өлеңді оқып, жатқа жаз.

(Әр топқа оқыту)

Сужыланға емделген

Тасбақаны қарсы алдым

Сексеуілмен жемделген

Таскенеге ер салдым.

IX. Шығармашылық тапсырма. Кестені толтыру.

1 топ

Аңдардың аты

2 топ

Құстардың аты

3 топ

Кісілердің аты

Қосаяқ

Сарышұнақ

Жолбарыс

Аққу

Бірқазан

Көкқұтан

Айгүл

Нұрдәулет

Ақсұңқар

X. Ресус шешу. Ребустың шешуі: Тауешкі. Тауешкі туралы не білесіңдер? (мағлұмат беру)

47 - жаттығу. Ауызша.

Қорытынды.

- Балалар, бүгін «Балапан» телеарнасынан қандай бағдарлама болатынын естеріңе саламыз. Тыңдаңдар!

Сөйлеп тұрған 4 «А» сынып оқушысы Мұғиын Айзада. Бұл бағдарламада біріккен сөздерді қол соғу арқылы білдіреді.

Сөздердің назарларыңызға төмендегі бағдарламаларымызды ұсынамыз.

8.00 Жаңалықтар

8.20 Тілашар

9.15 Аңсар

10.10 Көзайым

11.20 Бағдаршам

15.10 Жетісаз

15.45 Жансусар

18.40 Баспасөз - 2015

20.00 Ақжүніс

21.00 Көркем фильм «Ботагөз»

Тыңдағандарыңызға рахмет.

Үйге тапсырма: 45 - жаттығу

Бағалау.

© 2010-2022