Сынып сағаты. Туған жерім - кеңбайтақ Қазақстан (4-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Туған жерім - кеңбайтақ Қазақстан

саяхат-ойыны

Мақсаты: Балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ол үшін тәуелсіз Республиканың тарихы, рәміздері туралы білуге, құрметтеуге үйрету. Ойлауын, шығармашылығын дамыту, белсенділіктерін арттыру.
Көрнекіліктері: слайд, жалаушалар

Барысы: І. Амандасу рәсімі. «Шаттық шеңбері»

- Мемлекеттік Әнұранды орындау.

ІІ. Саяхат жоспарымен таныстыру.

  1. "Тарих" бекеті

  2. "Символика" бекеті

  3. "Әлемнің сегізінші кереметі - Астана" бекеті

  4. "Асу" бекеті

  5. "Туған өлке" бекеті

  6. "Музыкалық қобдиша" караоке-бары

1. "Тарих" бекеті

Тапсырмалар

- Қазақтың әйгілі үш биі? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

- Қазақ халқының атақты үш батыры (Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай)

- Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)

- Қазақстанның ең алғашқы астанасы ? (Орынбор)

- Қазақ батырлары туралы оқыған көркем әдеби шығармаларды ата. Олардан үзінді, өлең айтып бер.

2. "Символика" бекеті

  1. Мемлекеттік Ту дегеніміз не ?
    - Белгілі бір елдің мақсатын көрсететін матадан жасалған белгі. Мемлекеттік ту- елдің Тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышан. Мемлекеттік тудың негізгі сипаттамасы Конституция бойынша бекітіліп, тіркеледі.
    2. Мемлекеттік Елтаңба дегеніміз не ?
    - Бір елдің ерекшелігін көрсететін белгі. Бұл әрбір елдің, қаланың, әрбір рудың, жеке адамның бейнесі белгіленген шартты және ерекшелік белгісі.
    3. Мемлекеттік Әнұран дегеніміз не ?
    - Бір елдің тарихын, ойын айтатын, ұран тастайтын шумақтар.
    4. Мемлекеттік Тудың түсі неге көгілдір?
    - Қазақ халқы көк Тәңіріне табынған, көгілдір түс ашықтықты, даналықты меңзейді,
    5. Елтаңбадағы шаңырақ нені бейнелейді?
    - Біртұтастықты, бөлінбейтіндікті білдіреді.
    6. Тудағы қыран белгісі нені білдіреді?
    - Қазақ халқының еркіндікті сүйетіндігін дәлелдейді.
    7. Тудағы өрнек нені білдіреді?
    - Ата - салтымызды білдіреді.
    8. Елтаңбадағы қос пырақ нені білдіреді?
    - Ай мүйізді пырақта шаңырақты, бірлікті сақтап тұр.
    9. Елтаңбадағы бесжұлдыз нені білдіреді?
    Бес континентті елдермен қарым - қатынас жасауға даярлығын
    дәлелдейді.
    10. Елтаңбадағы ҚАЗАҚСТАН жазуы нені білдіреді?
    - Қазақ елі сонау ІХ ғасырдан бар екендігін көрсетеді.
    11. Туған күннің бейнесі нені білдіреді?
    - Күндей Нұрланып, шапағын шашуды білдіреді.
    12. Тудың авторы.
    - Шәкен Ниязбеков
    13. Елтаңбаның авторы.
    - Шотаман Уалиханов

14. Әнұранның авторлары.

- Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н.Назарбаев

Муз. үзіліс. Көк тудың желбірегені (слайд)

3. "Әлемнің сегізінші кереметі - Астана" бекеті Тапсырма Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңдар.
ЫАМАЛТ (Алматы) АТАНСА (Астана) ЫАДНАҚРАҒ (Қарағанды) ЕКТНМЫШ (Шымкент)
НЕСӨМЕК (Өскемен)
Сұрақ-жауап.

- Қазақстанның жүрегі? (Астана)

- Астана қаласы қай облыста орналасқан? (Ақмола)
- Бейбітшілік пен келісім сарайы? (Пирамида)
- Астананың жүрегі? (Бәйтерек)

- Астана қаласының ресми тұсаукесері қай жыл өтті? (9-10 маусым 1998 жыл)

Сөзжасам. «АСТАНА» сөзінен сөздер құрау.

4. "Асу" бекеті

1. Отан да ыстық

2. Ел іші - алтын

3. Туған жердің де

ыстық, де

ыстық

4. Отан басталады

5. Абыройлы анаң да - Отан,

әкең де - Отан

6. - өскен жерінде,

Адамның жаны - туған елінде

7. Отансыз адам -

Ормансыз

8. Туған жердің де

көрікті, де сүйікті

9. Әркімнің өз

жері -

10. Бақа көлінде - патша,

суында - патша,

елінде - патша.

11. Туған жердің да

тәтті.

12. Туған жерге тік.

Тапсырма. Туған жер, Отан тақырыптарына жаттаған өлеңдерін айту.

5. "Туған өлке" бекеті

  1. Қарағанды облысы қашан құрылды?

  2. Қарағанды облысының орталығын ата?

  3. Қарағанды Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

  4. Қарағанды облысының қалаларын ата.

  5. Қарағанды облысының әкімі кім?

  6. Қарағанды өңірі неге бай?

  7. Қарағанды облысының аудандарын ата. Біздің аулымыз қай ауданға қарайды?

  8. Шет ауданының орталығын ата.

  9. Ауданымыздың әкімі кім?

  10. Біздің ауыл қалай аталады? (Неліктен? Бұрма ауылы қашан құрылған?)

  11. Бұрма ауылының әкімі кім?

  12. Аулымызды көркейтуге қандай үлес қосар едіңдер?

6. "Музыкалық қобдиша" караоке-бары

«Қазақстан бақытты» әнімен тәрбие сағатын аяқтау.

7. Рефлексия. «Жүректен жүрекке»


© 2010-2022